Алматы қаласында қызметтiң кейбiр түрлерiн лицензиялау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 1/127 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 8 сәуірде N 647 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2/242 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2/242 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Жергiлiктi  мемлекеттiк басқару туралы", 1995 жылғы 17 сәуiрдегi " Лицензиялау  туралы", 1998 жылғы 1 шiлдедегi " Алматы қаласының  ерекше мәртебесi туралы", 2004 жылғы 20 желтоқсандағы " Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк басқару мен бюджеттiк қарым-қатынастар деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi шектеу мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 13-III Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" N 1894  Қаулысына  сәйкес, Алматы қаласының Әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Әрекет етушi заңнамаларға сәйкес Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының қызметтiң кейбiр түрлерiне 1-қосымшаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратындығы назарға алынсын.

      2. Алматы қаласының Экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiне (бұдан әрi - Департамент) лицензия алуға арналған құжаттарды қабылдау мен қарау, Алматы қаласы әкiмдiгiнiң лицензиялау жөнiндегi тиiстi қаулыларын дайындау, лицензияларды тiркеу, есепке алу мен беру, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, лицензиялардың әрекетiн тоқтату мен қайтарып алу жөнiндегi құжаттарды дайындау мен рәсiмдеу жөнiндегi мiндеттер жүктелсiн. Департамент директорына әкiмдiк қаулысын орындау мақсатында берiлетiн лицензияға қол қою құқығы берiлсiн.

      3. Қызметтiң нақты түрлерiне лицензия алу үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi тексерудi жүзеге асыратын ұйымдардың тiзбесi 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      4. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулылары 3-қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.

      Алматы қаласының Әкiмi           И. Тасмағамбетов

      Әкiмдiк хатшысы                 К. Тәжиева

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң  
"09" наурыздағы 2005 ж.  
N 1/127 қаулысына 1 Қосымша 

Алматы қаласының Әкiмдiгi лицензиялауды
жүзеге асыратын қызмет түрлерiнiң
ТIЗБЕСI

      1) дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен дәрi-дәрмектерiн қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi;
      2) Алматы қаласының аумағына шет елден жұмыс күшiн тартумен және Алматы қаласынан жұмыс күшiн шығарумен байланысты қызметтер;
      3) республикалық мәндегi ұйымдар атқаратын жұмыстар мен қызметтерден басқа медициналық және дәрiгерлiк қызметтер, сондай-ақ Алматы қаласынан тысқары жерлерге таралатын қызметтер және акушерлiк, гинекологиялық, венерологиялық, иммунологиялық, наркологиялық, фтизиатриялық, неонатологиялық, педиатрия мен наркологиялық сараптама қызметiнiң түрлерi;
      4) дәрi-дәрмектер шығару, дайындау, толайым және бөлшектеп сату;
      5) денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi, психотроптық заттарының және прекурсорлардың айналымымен: өндiрумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, сатумен, пайдаланумен, жойып жiберумен байланысты қызмет түрлерi;
      6) республикалық бюджет қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын, орта кәсiби; дiни (дiни оқу орындары) бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыратындардан; халықаралық және шет елдiк заңды тұлғалардан басқа жалпыға бiрдей бастауыш, негiзгi немесе орта; жалпыға бiрдей бастапқы кәсiби, орта кәсiби бiлiм беретiн заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беретiн ұйымдардың қызметi;
      7) Алматы қаласының аумағында лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру мен өткiзу;
      8) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
       Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен .
      9) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек саудалау;
      10) жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген жылу қуаттылығының жиынтығы сағатына 100 Г/калориялық жылу қуатының көздерiнен);
      11) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және толайым саудалау;
      12) заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi мен сатуы;
      13) турагенттiк, туроператорлық қызмет пен туризм нұсқаушысының қызметi;
      14) қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар (жылу қуатының жиынтығы сағатына 100 Г/кал. дейiнгi) мен құбырларды пайдалану;
      15) қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi (өндiрiстiк тоңазытқыш қондырғыларында, тұрмыстық газ баллондарында қолданылатын) пайдалану;
      16) дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметі;
       Ескерту. 16 тармақша толықтырылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен  . 
       17) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет;
      Ескерту. 17 тармақшамен толықтырылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы N 1/209  қаулысымен
      18) ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызмет.
       Ескерту. 18 тармақшамен толықтырылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы N 1/209  қаулысымен

      Әкiмдiк хатшысы                К. Тәжиева

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң  
"09" наурыздағы 2005 ж.  
N 1/127 қаулысына 2 Қосымша 

Қызметтiң нақты түрлерiне лицензия алу үшiн бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестiктi тексеретiн ұйымдардың
ТIЗБЕСI

      1. Алматы қаласының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментi-дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен дәрi-дәрмектерiн қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерiне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке қорытынды.
      2. Алматы қаласының Еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi-Алматы қаласының аумағына шет елден жұмыс күшiн тартумен және Алматы қаласынан жұмыс күшiн шығарумен байланысты қызметтерге қорытынды.
      3. Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаментi- медициналық және дәрiгерлiк қызметтерге; дәрi-дәрмектер шығару, дайындау, толайым және бөлшектеп сатуға; денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi, психотроптық заттарының және прекурсорлардың айналымымен: өндiрумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, сатумен, пайдаланумен, жойып жiберумен байланысты қызмет түрлерiне қорытынды.
      4. Алматы қаласының Бiлiм беру департаментi- жалпыға бiрдей бастауыш, негiзгi немесе орта, жалпыға бiрдей бастапқы кәсiби, орта кәсiби бiлiм беретiн заңды тұлғалардың; сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне қорытынды.
      5. Алматы қаласының Қаржы департаментi-Алматы қаласының аумағында лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру мен өткiзу қызметiне қорытынды.
      6. Алматы қаласының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi-ойын бизнесі саласында, сондай-ақ турагенттiк, туроператорлық қызмет пен туризм нұсқаушысының қызметiне қорытынды.
       Ескерту. 6 тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен .
      7. Аудан әкiмдерiнiң аппараты - алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек саудалауға қорытынды.
      8.  Алынып тасталды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен .
      9. "Қазалкоорталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны- алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және толайым саудалауға қорытынды.
      10. Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті-заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауына (дайындауына), сақтауына, қайта өңдеу мен сатуына, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды)өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметке, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметіне қорытынды береді.
       Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда   - Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы N 1/209  қаулысымен
      11. Алматы қалалық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы-қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар (жиынтық жылу қуаттылығы 100 Гкал/сағатқа дейiнгi) мен құбырларды пайдалануға; қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi (өндiрiстiк тоңазытқыш қондырғылардың, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы) пайдалануға қорытынды, жылу қуатын өндіруге, беру мен таратуға (орнатылған жылу қуатының жалпы жиынтығы 100 Гкал/сағат болатын жылу энергиясының көздерінен).
       Ескерту. 11 тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен .
      12. Алматы қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы- дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметіне шарт жасасуға.
       Ескерту. 12 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765  қаулысымен .

      Әкiмдiк хатшысы               К. Тәжиева

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң  
"09" наурыздағы 2005 ж.  
N 1/127 қаулысына 3 Қосымша 

Күшi жойылды деп танылған Алматы қаласы әкiмдiгi қаулыларының
ТIЗБЕСI

      1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 3.10.2001 жылы N 392 ретпен тiркеп, 2001 жылдың қараша айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
      2. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" N 1/112 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 27.02.2002 жылы N 440 ретпен тiркеп, 2002 жылдың наурыз айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
      3. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" N 3/396 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 05.07.2002 жылы N 459 ретпен тiркеп, 2002 жылдың шiлде айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
      4. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 04 мамырдағы "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" N 3/383 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 11.06.2004 жылы N 604 ретпен тiркеп, 2004 жылдың шiлде айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.

      Әкiмдiк хатшысы                                    К. Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады