2006 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 5/813 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 30 желтоқсанда N 688 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1574 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  27-ші, 37-ші баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңының  20-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту  туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы"  қаулысын  iске асыру мақсатында, Алматы қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2006 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң тiзiмдерi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар Департаментi (Нұрланов А.Ж.):
      қала бюджетiнiң 2006 жылы қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды 2006 жылдың қаңтарынан қоғамдық жұмыстарға жiберуін жүргiзсiн.
      қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi дәрежелi банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.
      3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі айлық 1,5 жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 17 қаңтарда реттік N 635 тіркелген, 2005 жылғы 25 қаңтарда N 15 "Вечерний Алматы", 2005 жылғы 25 қаңтарда N 9 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 1/07 "2005 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы"  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.

       Алматы қаласының әкiмi

      Әкiмдiк хатшысы

                                        Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
                                       2005 жылғы 12 желтоқсандағы
                                          қаулысымен бекітілген

           Алматы қаласындағы 2006 жылдағы ұйымдар,
           қоғамдық жұмыс көлемдерi мен түрлерiнiң
                 ТIЗБЕСI (келісімі бойынша)*

Жұмыс түрлерi

iстейтiн адам саны

Жұмыс берушiлер

1.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына  аумақтарын жинауға көмек беру

2645

"Iсмер", "Тұмар" пәтер иелерi кооперативтерiнің қауымдастықтары, коммуналдық шаруашылықтардың бөлiмдерi, аумақтық өзiн-өзi басқару комитеттерi, пәтер иелерiнiң кооперативтерi, Бірлескен кәсіпорын
"Белкамит" Акционерлік қоғамы, Бірлескен кәсіпорын "АИТ" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б.

2.

Жол салу және оны жөндеу жұмыстары

96

Жол пайдалану учаскелерi және т.б.

3.

Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

286

"Көгалдандыру" ("Зеленстрой") Акционерлiк қоғамы, "Тәртiп" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, экологиялық инспекция, салттық қызмет көрсету комбинаты және т.б.

4.

Аймақтық қоғамдық науқандарын ұйымдастыруға көмек көрсету

1836

Құқық қорғау органдары мен ерiктi халық жасақшыларына жәрдемдесу қоғамдық қоры, әділет басқармасы,  қорғаныс істері басқармасы, жергілікті өзiн-өзi басқару комитеттерi, "Қазақ тілі" қоғамы және т.б.

5.

Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен жұмыс жасау және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу  

1137

"Дана" отбасын қолдау орталығы, "Қамқорлық" Дағдарыс орталығы, Мемлекеттік мекеме "СПИДтің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы", Орта Азиялық тұрақты даму жөніндегі ақпарат жүйесі, Балаларды қолдау орталығы,  "Мөлдiр" микронесиелік ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Мүгедектер қоғамы, Аулалық клубтар, Балалар шығармашылық үйлерi, Көп балалы аналар одағы, қайырымдылық қоры, "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының Зағип азаматтарының республикалық кітапханасы, "Орталық Азиялық менеджмент және консалтинг офисі" оқу орталығы және т.б.

 

БАРЛЫҒЫ

6000

 

 
      * Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2006 жылы қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.

       Әкiмдiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады