"Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру, жұмыссыздарды кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi N 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 317 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 29 желтоқсанда N 1610 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 60 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.03.03 N 60 Қаулысымен

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегi ереженiң 15 тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру, жұмыссыздарды кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi N 38 қаулысына (2001 жылғы 30 шiлдедегi тiркеу N 398, 2001 жылғы 21 тамыздағы "Солтүстiк Қазақстан" газетi, 2001 жылғы 7 тамыздағы "Северный Казахстан" газетi, облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 195, 2003 жылғы 31 наурыздағы N 71, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 74 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Облыс әкiмдiгiнiң көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөнiндегi ережеде:
       15 тармақта:
      төртiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       "тұруға арналған шығындар ай сайын, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде";
       Осы қаулы оны Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде тiркеген күннен бастап күшiне енедi.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады