2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-7 "Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы" мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 22 қазандағы № 22-6 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 28 қарашада № 2947 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 6 қарашадағы № 28-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015.11.06 № 28-2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес және 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы" қаулысын енгізу мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыс мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-7 "Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы" (2004 жылдың 9 шілдесінде N 2725 тіркелген, "Орал өңірі" газетінің 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 117 санында басылған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      22 тармақтағы "рұқсат береді" деген сөздерден кейін "құжаттармен материалдарды тапсырған мезгілден бастап екі жұмадан аспайтын мерзімде. Рұқсат мерзімі біткен жағдайда құрылысшы (тапсырысшы) оны бір жұма ішінде ұзартуға міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
      56 тармақ "Жобалардың сараптамасында өту мерзімі келісіммен белгіленеді және 45 календарлық күннен аспауы керек. Кіші бизнес саласында кәсіпкерлік қызмет атқару үшін техникалық қыйындықтар туғызбайтын объектілер құрылысының жобаларының сараптамадан өту мерзімі 15 күннен аспауы тиіс" деген абзацымен толықтырылсын;
      126 тармақ "Жер телімдеріне құқық алу жөніндегі өтініш, берілген мезгілінен бастап үш айға дейін мерзімде қаралады" деген абзацымен толықтырылсын.
      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады