"Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4040. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 79 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 79   қаулысымен .
__________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" Агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 69  қаулысына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2815 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атындағы "зейнетақы активтерін" деген сөздердің алдынан "ерікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақтағы "зейнетақы активтерін" деген сөздердің алдынан "ерікті" деген сөзбен толықтырылсын;
      Аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережеде:

      жоғары оң жақ бұрыштағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ереже" деген сөздер алынып тасталсын;

      атауындағы "зейнетақы активтерін" деген сөздердің алдынан "ерікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      4-тараудың атауындағы және мәтін бойынша "мәжбүрлі немесе", "мәжбүрленген немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы "соттың немесе уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату туралы шешімі" деген сөздер "уәкілетті органның шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) таратылып отырған қордың зейнетақы активтеріне және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар бойынша оның міндеттемелеріне түгендеу жасалады. Түгендеу қорытындысы бойынша мыналарды көрсете отырып, зейнетақы активтерінің жай-күйі бойынша акт жасалады:
      жасалған зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының жалпы тізімі;
      құрамында мынадай ақпараты бар міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар тізімі, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының тізімі:
      жеке зейнетақы шотының нөмірі,
      фамилиясы, әкесінің аты (болған жағдайда), салымшының (алушының) туған күні,
      салымшының (алушының) жынысы,
      әлеуметтік жеке коды,
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау нөмірі және күні;
      салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні,
      салымшының (алушының) мекен-жайы, тұратын жері,
      жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық келіп түсулер сомасы туралы;
      тарату комиссиясы белгілеген мерзімде өз жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа қорларға аудару жөнінде өз өтініштерін бермеген салымшылардың зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының нөмірін, жасалған күні көрсетілген, қағазға шығарылған және электронды форматтағы зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының тізімі;
      тарату комиссиясы тағайындаған күнгі инвестициялық портфельдің құрылымы, шоттардағы инвестициялық ақша қалдығы, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыс мерзімі, саны (данамен), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаздың ағымдағы құны, проценттер және дивидендтер бойынша есептелген кірістің, таратылып отырған қордың "ДЕПО" шотында көрсетілген бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіліп жіберіліп отырған бағалы қағаздар тізбесі;
      банктік салымның қажетті деректемелері көрсетілген екінші деңгейдегі банктерде болып отырған зейнетақы активтерінің сомасы: банк атауы, шартты жасау сомасы, күні, шарттың қолданылу мерзімі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі, банктік салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасы;";

      3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы белгілеген мерзімде өз жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аудару туралы өтінішті бермеген салымшылар бойынша мынадай ақпаратты көрсете отырып берілген зейнетақы шарттарының тізімі:";

      мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы - отыз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жеке зейнетақы шотының нөмірі,
      фамилиясы, әкесінің аты (болған жағдайда), салымшының (алушының) туған күні,
      салымшының (алушының) жынысы,
      әлеуметтік жеке коды,
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау нөмірі және күні,
      салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні,
      салымшының (алушының) мекен-жайы, тұратын жері,
      жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық келіп түсулер сомасы туралы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады