"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар түрлерiнiң, бiлiктiлiгiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi беретiн сараптамалық мамандықтардың тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 30 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4100. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 209 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.07.20 № 209 Бұйрығымен.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптама түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 және 2004 жылғы 26 наурыздағы N 75 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiстермен N 861 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар түрлерiнiң, бiлiктiлiгiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi беретiн сараптамалық мамандықтардың тiзбелерiнде:

      реттiк нөмiрi 17-жолда:
      "сараптамалық мамандық" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психиатриялық зерттеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      "мамандық шифрi" деген 4-бағандағы "17.1" деген сандар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрiне жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады