"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы N 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4135. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.01.29.  N 40  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1.»"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2164 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 15, 838-құжат, 2003 ж., N 23-24, 853-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережеде:
      12-тармақ алып тасталсын.
      2. Бюджеттік департаменті (Т.Нұрғожаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі
      2006 жылғы»3 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады