"Өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуіне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 243 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 158 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4210. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 163/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.07.2013 № 163/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 20-бабының 6) және 10) тармақшаларына сәйкес және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуіне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 243  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3816 тіркелген және Заң газетінде 2005 жылғы 5 қазандағы N 119 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуіне сарапшылық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықта:
      4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "Өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалауды жүргізу бойынша сараптама орталығының немесе сарапшының жұмыс түрлерінің тізбесі" атты қосымшасы бар белгіленген үлгідегі ресми" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақта:
      үшінші абзацтағы "міндетті түрде материалдық-техникалық база орналасқан жерге барып" деген сөздер "қажет болған ретте материалдық-техникалық база орналасқан жерге барып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру құқығына арналған мемлекеттік лицензиясының көшірмесін;";

      3) тармақшада "тіркеу туралы куәліктің" деген сөзден кейін "салық органдарында есепке тұру туралы куәліктің көшірмелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;

      7) және 8) тармақшалары "жоғарғы кәсіби" деген сөздерден кейін "(орта арнайы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе оның қолданысы уақытша тоқтатылуы" деген сөздер алынып тасталсын;

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мемлекеттік лицензияның қолданысын тоқтатқан жағдайда;";

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күні өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Индустрия және сауда
                                     министрлігінің Құрылыс және
                                   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                                     істері комитеті төрағасының 
                                       2006 жылғы 21 сәуірдегі
                                       N 158 бұйрығына қосымша

                                   "Өтiнiш берушiлердiң (лицензия
                                     алуға талапкерлердiң) және
                                      (немесе) лицензиаттардың
                                    бiлiктiлiк талаптарына сәйкес
                                    келуіне сараптамалық бағалау
                                    жүргiзу үшiн жеке және заңды
                                       тұлғаларды аккредиттеу
                                       жөніндегі нұсқаулыққа
                                             1-қосымша

                     Қазақстан Республикасының
                       Мемлекеттік Елтаңбасы

___________                                            ____________
  (серия)                                                 (номер)

                         АККРЕДИТТЕУ КУӘЛІГІ

Cәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы біліктілік талаптарына
сай екеніне Қазақстан Республикасының ______________________________
                                        (облыстың (облыстардың), ____________________________________________________________________
астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы. Қазақстан
____________________________________________________________________                   Республикасының аумағы)

аумағында сай лицензиаттарға (лицензияға алуға талапкерлерге)
сараптамалық бағалау - техникалық аудит пен сараптама жүргізуге
____________________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы, мекен-жайы, деректемелері
____________________________________________________________________
           (соның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктері)

құқық беріледі.
_________________________________  ____________  __________________
(Сәулет, қала құрылысы және           (қолы)         (аты-жөні)
құрылыс істері жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның
бірінші басшысы)                   200___жылғы ______ _____________
                                               (күні)     (айы)

      Жыл сайын мерзімін ұзартып тұру қажет.

      Ескерту: Аккредиттеу куәлігін ресімдеу бланкінің бір жақ
бетіне мемлекеттік (сол жақта) және орыс (оң жақта) тілдеріндегі
мәтінді оңтайлы орналастыра отырып жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады