"Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы N 787 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 202 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4219. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы N 787  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2619 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 37-42, 883-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын саны туралы тізбеде:
      2-тармақта:
      2) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) жалпы білім беретін сыныптармен қатар әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сыныптар ашылған жалпы білім беретін мектептер мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған (арнайы сыныптар) арнайы (түзеу) мектептердің қызметін қоса атқаратын біріктірілген білім беру ұйымдары;
      арнайы сыныптардың сыйымдылығы әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары сыныптарының толықтырылуына сәйкес белгіленеді;

      10) дені сау балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытуға арналған инклюзивтік білім беру ұйымдары;
      инклюзивтік сыныптағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны 3 адамнан артық болмайды";

      5-тармақтағы 2) және 3) тармақшалар "(республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда)" және "(аудан орталықтарында)" деген сөздерден кейін "мұғалім-дефектологтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың), дене шынықтыру педагогінің, мұғалім психологтың ставкасына балаларға арналған топтардың мынадай толықтыруларымен:
      естімейтін (саңырау) және нашар еститіндердің саны - 10 адамнан;
      көрмейтін (зағип) және нашар көретіндердің саны - 10 адамнан;
      өте ауыр тіл кемістігі бар балалардың саны - 12 адамнан;
      тірек-қимыл аппараты бұзылған:
      кемістік деңгейі күрделі балалардың саны - 6 адамнан;
      орташа және жеңіл кемістігі бар балалардың саны - 10 адамнан;
      ой-өрісі дамуы бұзылған:
      психикалық дамуы тежелген балалардың саны - 10 адамнан;
      жеңіл және біртоға ақыл-есі кемістігі бар балалардың саны - 10 баладан;
      ауыр және күрделі ақыл-есі кемістігі бар балалардың саны - 8 баладан;
      күрделі кемістігі бар балалардың саны - 6 баладан аспауы керек деген сөздермен толықтырылсын";

      5 тармақтағы 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) әртүрлі ауызша және жазбаша тіл кемістігі бар 25 балаға арналған мектепке дейінгі ұйымдар немесе жалпы білім беретін мектептердің жанындағы логопедтік пункт".

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры С.Б.Есбосыноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2003 года N 787 "Об утверждении Перечня типов и видов специальных организаций образования, необходимого количества мест в организациях образования для лиц, нуждающихся в специальном образовании"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2006 года № 202. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 мая 2006 года № 4219. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 258

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 04.07.2013 № 258 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В целях оказания социальной и медико-педагогической коррекционной поддержки детям с ограниченными возможностями  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2003 года N 787 "Об утверждении Перечня типов и видов специальных организаций образования, необходимого количества мест в организациях образования для лиц, нуждающихся в специальном образовании" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2619, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 г., N 37-42, ст.883), следующие изменения и дополнения:
      в Перечень типов и видов специальных организаций образования, необходимое количество мест в организациях образования для лиц, нуждающихся в специальном образовании, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 2:
      абзацы двадцать четвертый и двадцать пятый подпункта 2) исключить;
      пункт 3 дополнить подпунктами 9) и 10) следующего содержания:
      "9) комбинированная организация образования, совмещающая функции общеобразовательной школы и специальной (коррекционной) школы для детей с ограниченными возможностями (специальные классы), в которой, наряду с общеобразовательными классами, открыты классы для различных категорий детей с ограниченными возможностями;
      наполняемость специальных классов устанавливается в соответствии с наполняемостью классов специальных (коррекционных) образовательных организаций для различных категорий детей с ограниченными возможностями;
      10) инклюзивная организация образования, предназначенная для совместного обучения здоровых детей и детей с ограниченными возможностями;
      количество детей с ограниченными возможностями в инклюзивном классе - не более 3 человек;"
      подпункты 2) и 3) пункта 5 после слов "(в городах республиканского и областного значения)" и "(в районных центрах)" дополнить словами "на ставку учителя-дефектолога (олигофренопедагога, сурдопедагога, тифлопедагога), педагога по физической культуре, учителя-психолога со следующей наполняемостью групп для детей:
      неслышащих (глухих) и слабослышащих - не более 10 человек;
      незрячих (слепых) и слабовидящих - не более 10 человек;
      с тяжелыми нарушениями речи - не более 12 человек;
      с нарушениями опорно-двигательного аппарата:
      с тяжелой степенью нарушения - не более 6 человек;
      со средней и легкой степенью нарушения - не более 10 человек;
      с нарушениями интеллекта:
      с задержкой психического развития - не более 10 человек;
      с легкой и умеренной умственной отсталостью - не более 10 человек;
      с глубокой и тяжелой умственной отсталостью - не более 8 человек;
      со сложными нарушениями - не более 6 человек";
      подпункт 4) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "4) логопедический пункт при дошкольной организации или общеобразовательной школе на 25 детей, имеющих различные нарушения в устной и письменной речи.".

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования (Испусинова С.Б.) представить в установленном порядке приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением данного приказа возложить на директора департамента дошкольного и среднего образования Испусинову С.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Министр