Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4228. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 191 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 191 Қаулысымен.

      "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12-бабының 5, 8-тармақтарына және  13-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту және оның айқындығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2342 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3239 тіркелген), 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 77 енгізілген өзгерістермен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3604 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      кіріспеде ", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесiнде:
      кіріспеде ", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына," деген сөздерден кейін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.

      7) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де активтерді есепке алу мақсатында кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушыны көрсете отырып ақшаны есепке алу үшін жеке банк шотын және бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтау үшін баланстан тыс шотты ашады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тараулармен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау
      26-1. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау мақсатында кастодиан арнайы қаржы компаниясына бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке инвестициялық шотты және арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялардың міндеттемелері бойынша ақшаны есепке алу үшін банк шотын ашады.

      26-2. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау басқарушы агенттің не арнайы қаржы компаниясының ақшаны аудару туралы тапсырмаларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      26-3. Кастодиан, айына бір реттен кем емес, басқарушы агентпен инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша тұрақты салыстырып тексеруді өткізеді.

      26-4. Басқарушы агентпен салыстырып тексеру тәртібі мен жүйелілігі кастодиандық шартта белгіленеді.
      Салыстырып тексеру нәтижесінде кастодианның және басқарушы агенттің қолындағы мәліметтер бойынша келіспеушіліктер анықталған жағдайда олардың себептері анықталады және кастодиан жұмыс күні ішінде осы келіспеушіліктер туралы арнайы қаржы компаниясын хабардар етеді.

         4-2-тарау. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру рәсімінің тәртібі
      26-5. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

      26-6. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру үшін:
      1) берілетін активтердің тізбесі;
      2) берілетін құжаттардың тізбесі;
      3) активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады.
      Берілетін активтер тізбесіне арнайы қаржы компаниясының кастодиандық қызмет көрсетудегі барлық активтері кіреді.

      26-7. Кастодиандық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде:
      1) кастодиан-банк басқарушы агентке арнайы қаржы компаниясының инвестициялық шоты бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
      2) кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына ашық шоттар бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
      3) арнайы қаржы компаниясының ақшаны аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
      4) басқарушы агенттің бағалы қағаздарды аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
      5) басқарушы агентпен салыстырып тексеру актілерінің көшірмелері;
      6) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де құжаттар беріледі.

      26-8. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады әрі онда:
      1) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді есепке алу үшін арнайы қаржы компаниясының банк шотындағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;
      2) депонент-банктердің атауын, салым сомаларын, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмірін, салым мерзімін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      3) шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы;
      5) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы;
      6) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
      7) инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;
      8) облигациялармен мәмілелерді есепке алу жөніндегі қызметке, соның ішінде олар бойынша сыйақы төлеуге қатысты берілетін құжаттардың түпнұсқалары туралы;
      9) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер болады.

      26-9. Қабылдау-өткізу актісі:
      1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, басқарушы агент, кастодиан-банк, жаңа кастодиан-банк, уәкілетті орган үшін бес дана етіп кастодиандық қызмет көрсету шартын бұзу күніне жасалады;
      2) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;
      3) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің мөрімен бекітіледі.

      26-10. Осы Ереженің 26-9-тармағының шарттарына сәйкес ресімделген қабылдау-өткізу актісінің нұсқалары оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Кастодиандар 2006 жылғы 01 қазан дейінгі мерзімде клиенттер активтерінің есебін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, кастодиандарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ-не жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады