Байланыс формасы

Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 79 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4237. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiксiз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы активтерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына берудi жүзеге асыру және ерiктi немесе ерiксiз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 69 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2815 тiркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiксiз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына берудi жүзеге асыру және ерiктi немесе ерiксiз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту туралы" 2004 жылғы 15-наурыздағы N 69 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4040 тiркелген).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаментi (Мұқашева А.М.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

      Келiсiлдi                           
      Қазақстан Республикасының           
      Ұлттық Банкi                        
      Төраға

      11 сәуір 2006 жыл
      ___________________________
     (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат
      министрлiгiнiң
      Ақпарат және мұрағаттар
      комитетi
      Төраға
 
                                                 11 сәуір 2006 жыл                   
      __________________________
     (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы
25 наурыздағы N 79 қаулысымен
бекiтiлген        

Жинақтаушы зейнетақы қорларын
мәжбүрлеп тарату туралы
Ереже

      Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесі (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) барынша төмен баға - лот бұдан төмен бағамен сатылмайтын баға;
      2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелерден туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;
      4) көзделмеген шығыстар - мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;
      5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;
      6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi - уәкiлеттi орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талап етулерін көрсететін құжат;
      7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және құнды заттар;
      8) лот - сату үшін бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлiнiп, аукционға шығарылған мүлiк;
      9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде жарты жылда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
      10) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесiнде белгiленген лоттың соңғы бағасы;
      11) сату объектiсi - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретiнде немесе бiрнеше бiрлiктермен бiр лотқа шоғырландырып, өзге мүлiк ретiнде шығарған мүлкі;
      12) сатушы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы;
      13) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;
      14) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;
      15) сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделi емес жеке немесе заңды тұлға;
      16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгiлеген тәртiппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретiнде тiркеген жеке немесе заңды тұлға;
      17) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн қатысушылардың бiрi барынша жоғары баға берген сәтке дейiн көтерiле беретiн сауда-саттық әдiсi;
      18) сауда-саттықтың голланд әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшiн қатысушылардың бiрi жарияланған баға бойынша сатып алуға келiсiм берген сәтке дейiн төмендей беретiн сауда-саттық әдiсi;
      19) тарату комиссиясы - жинақтаушы зейнетақы қорының тарату рәсiмдерiн жүргiзу барысында жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;
      20) тарату комиссиясының шығыстары - жинақтаушы зейнетақы қорының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi - тарату шығыстары);
      21) тарату, конкурстық масса - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының активтері;
      22) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
      23) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiткен немесе кредиторлар комитетiмен бекiткен, тиiстi уақыт кезеңiне арналған смета;
      24) тарату шығыстарының сметасы - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi тарату комиссиясы болжамдап отырған шығындарды көрсететiн құжат;
      25) тарату өндiрiсi - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етушi заңды тұлға ретiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату рәсiмi;
      26) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры - сот шешiмi заңды күшiне енуiне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры;
      27) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар жиынтығы;
      28) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкімші) - жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияны қайтарып алу туралы шешiм күшiне енген күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн және жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын орган;
      29) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры банкрот деп танылған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп
таратуды жүргiзу тәртiбi

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне ену күнi мәжбүрлеп тарату процесiнiң басталуы болып табылады.

      5. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күннен бастап:
      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағында көзделген салдарлар туындайды;
      2) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген шаралар іске асырылады;
      3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;
      4) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен ғана жасалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялау жөнiндегi шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң тоқтатылуын әдiлет органының мемлекеттiк тiркеуiне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыру жөнiндегi шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату жөнiндегi шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

3-тарау. Тарату комиссиясы

      7. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.
      Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығынан немесе уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он жұмыс күні ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру (осындай бар болса) құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын және жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
      Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауда тәуелсіз.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беріледі. Бұдан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей береді.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      9. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн тарату комиссиясының мүшелерінің санынан төраға тағайындайтын орынбасар орындайды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары не өкiлдiктерi болған жағдайда, оларды жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады.

      11. Бөлiмшеге тарату комиссиясы мүшелерiнiң арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлiмше басшысы (бұдан әрi - бөлiмше басшысы) басшылық жасайды.
      Бөлiмше басшысы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Бөлiмше басшысы және бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi.

      12. Бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бөлiмшенiң қызметiне және жинақтаушы зейнетақы қорының филиалын не өкiлдiгiн таратуды жүзеге асыруға жауап бередi.

      13. Тарату комиссиясы мүшесiнiң, тарату комиссиясы бөлімше басшысының құқықтары мен мiндеттерi, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта) айқындалады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      14. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметіне шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.
      Тарату комиссиясының төрағасы осы Ережеге сәйкес кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне кіретін мәселелерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату ісінің мәселелері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, тарату ісінің барысында туындайтын мәселелерді шешумен байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      15. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлiмшелерiнiң басшылары мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорына тарату барысында жинақтаушы зейнетақы қорына зиян келтiру, өкiлеттiктi терiс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берiлген жөнсiздiктерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауап бередi.
      Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерiнiң) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын терiс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртiп бұзу фактiлерi анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгiленген тәртiппен бұл жөнiнде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкiлеттi органға мәлiмдеуi тиiс.

      16. Тарату комиссиясы мынадай iс-шараларды жүргiзедi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде талап қою тәртiбiн, мерзiмiн және кредиторлардың өз талап-шағымдарын (өтiнiштерiн) қоюына құқылы мекен-жайды мiндеттi түрде көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кешiктiрмей жариялайды;
      2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мүлiктi және онымен жасалған мәмiленi тiркеудi жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорының бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысын жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етедi және тарату комиссиясы жасамайтын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн басыбайлы беру жөнiндегi мәмiленi тiркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепiл ұстаушы болып табылатын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгiлейдi;
       2-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы салық органдарына хабарлайды;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату бойынша мiндеттердiң тарату комиссиясына жүктелгенiн растайтын құжатты жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларынан, не жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнен (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткiзу туралы акт жасай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының мөртабандарын, мөрлерiн, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуiн, бланкiлерi мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етедi;
      5) қабылдау-өткiзу актiсi бойынша активтердi, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн қабылдайды;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының кассасына тез арада түгендеу жүргiзедi, Ереженің 51-тармағымен көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына есептейдi;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының банктiк шоттарын салыстырып тексередi, оларды жабады және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының теңгемен және қажет болғанда шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды жинақтаушы зейнетақы қорының клиенттерi (кредиторлары) үшiн көрнекi жерге орналастырады;
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес басшы қызметкерлерді, қажет болғанда өзге қызметкерлерді де жұмыстан босатады;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiне түгендеу жүргiзедi;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн анықтайды;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату мақсаттарына сәйкес активтерiн басқарады;
      13) жинақтаушы зейнетақы қорының атынан сотта талап қояды және мүддесiн бiлдiредi;
      14) жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтамасыз етуiн және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етедi;
      15) толық материалдық жауап беретiн адамдар тобын, оның iшiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық және басқа да есебiн жасаудың электронды жүйесiне кiре алатын адамдарды белгiлейдi және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шартты жасайды ;
      16) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iстерi белгiленген заңнамалық тәртiппен қабылданған соң жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;
      17) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату процесi басталған күнге электронды түрдегi есепке алу-бухгалтерлiк ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негiзге алынады;
      18) кредиторлар тiзiмiн жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгiлейдi және талдау есебiнiң деректерiмен салыстырады;
      19) алынып тасталды
      20) алынып тасталды
      21) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды жинақтаушы зейнетақы қорының бекiтiлген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сәйкес қанағаттандырады;
      22) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттарын, қызметті өтелмелі көрсету шарттары бойынша тұлғаларды жұмысқа қабылдайды;
      23) жинақтаушы зейнетақы қорын таратудың барлық кезеңi бойына жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
      24) жарты жылда бiр рет мерзiмдi баспасөз басылымдарында жинақтаушы зейнетақы қорындағы тарату өндiрiсiнiң барысы туралы ақпарат жариялайды;
      25) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша тарату өндiрiсiне қатысты мәлiметтердi ұсынады;
      26) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату туралы есебiн, тарату балансын жасайды және оларды келiсу үшiн уәкiлеттi органға жiбередi;
      27) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтауға өткiзедi және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға мәлiмдейдi;
      28) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа да құқықтар мен мiндеттерге ие болады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      17. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоты оның бас офисi тұрған жерде екiншi деңгейдегi банкте ашылады.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының осы Ереже бойынша көзделген касса лимитiнен басқа, оның iшiнде филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бас офисінің ағымдағы шотына есептеледi.
       Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегі жоқ заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы талаптарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылғаннан кейін түскен ақшаны қайтаруды жүзеге асырады.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.
       17-1. Тарату комиссиясының бөлімшелері ағымдағы шоттарын теңгеде және қажет болғанда шетел валютасында өзінің екінші деңгейдегі банкінің тұрған жері бойынша мына мақсаттарда ашады:
      1) касса қалдығының лимитін белгілейтін осы Ереженің 51-тармағын сақтау;
      2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің тарату комиссиясының тарату комиссиясы бөлімшелерінің кассасын осы Ережеге сәйкес шығыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша төлемеу тәртібімен ақшаны аударым жасау арқылы толықтыру;
      3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің ағымдағы шотына ақшаны аудару;
      Жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының (өкілдіктерінің) тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының екінші деңгейдегі банктегі ашылған ағымдағы шоттарын жабады.
       Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      18. Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкiлдiктерiнде өз қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер орындалған жұмыс туралы есептi тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

4-тарау. Тарату шығыстарының сметасын
қалыптастыру және бекiту

      19. Тарату өндiрiсiне, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кредиторлар комитетімен бекітілген смета шегінде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан кезектен тыс және тұрақты жасалады.
      Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн, оның iшiнде тарату комиссиясы төрағасына және оның мүшелерiне төленетiн төлемдер мөлшерiн қосқандағы тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi.
      Тарату өндiрiсiнiң шығыстары олардың пайда болуына қарай тарату массасынан төленедi.
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ екі айдан артық мерзімге тарату шығыстары қаражатын резервте сақтауға жол берiлмейдi.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      20. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасына және оның мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлердiң әр қайсысына төленетiн ай сайынғы сыйақы мөлшерi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген барынша төмен жалақының он есе мөлшерiнен аспауы тиiс.

      21. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстарын тәртiпке келтiру мақсатында тарату комиссиясы өз қызмет кезеңiнде тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      22. Тарату комиссиясы, уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келiсу және бекiту кезiнде тарату шығыстарының нақтылық, негiздiлiк, орындылық, шыншылдық принциптерiн басшылыққа алып жұмыс iстейдi.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципi тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының нақты қаржылық жағдайын, оның iшiнде кредиторлар алдындағы берешектер көлемiн негiзге алуды болжайды.
      Тарату шығыстарының негiздiлiк принципiн тарату өндiрiсiнiң белгiлi бiр кезеңiнде болжанып отырған шығындардың объективтi қажеттiгi деп түсiну қажет.
      Орындылық принципi тарату комиссиясы жасап отырған шығындар алға қойылған мақсатқа сәйкес келетiндiгiн бiлдiредi, яғни тарату өндiрiсiн аяқтауға және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларымен есеп айырысуға бағытталған.
      Тарату шығыстарының шыншылдық принципi жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрiнедi.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      23. Тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қандай да бiр кәсiби қызметпен айналыспайтындығын негiзге алады және тарату комиссиясының негiзгi мiндетi таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiнiң аяқталуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлармен және акционерлерiмен есеп айырысу жөнiнде шаралар көру болып табылады.

      24. Тарату шығыстары сметасында қажет ету шегiне байланысты мынадай шығын баптары көзделедi:
      1) қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстары;
      2) бюджетке аударым жасау;
      3) әкiмшiлiк шығыстар;
      4) тарату өндiрiсiн жүзеге асыру үшiн қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар;
      5) iссапар шығыстары;
       6) көзделмеген шығыстар.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      25. Қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейдi: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бар филиалдарын ескере отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу.
      Шығыстарда мынадай сомалар көрсетiледi:
      1) лауазымды жалақы;
      2) мемлекеттiк бюджетке аударылатын табыс салығы;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналары.
       Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбекақы төлеу талаптарын тарату комиссиясы өзгерте алады.
      Еңбекті төлеуге арналған шығыстарға сондай-ақ, қызметті өтелмелі көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығындар енгізіледі.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      26. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге қосымша төлем жасау - қосымша төлем жасауды жүзеге асыру туралы барлық белгiлi тұлғаларға шешiм қабылдануына қатысты кредиторлардың талаптарын нақты қанағаттандыру сомасының үш процентiнен аспайтын мөлшерде олардың жұмыс қорытындысы бойынша бекiтiлуi мүмкiн.
      Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қосымша төлем жасау кредиторлармен есеп айырысу толық аяқталған соң бiр жолғы тәртiппен тағайындалады.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      27. Еңбекке ақы төлеу бөлiгiндегi тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезiнде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау жөнiндегi бұйрықтарға , өтелмелі қызмет көрсету шарттарына негiзделедi.
      Қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстарының бабы штат кестесiне сәйкес қалыптасады.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      28. Бюджетке төленетiн салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалады.

      29. Әкiмшiлiк шығыстар мыналар үшiн көзделуi мүмкiн:
      1) қызметтiк және шаруашылық қажеттiлiктер үшiн көлiк жалдау қызметi;
      2) байланыс қызметi (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшiн абоненттiк төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншiктi және кепiл мүлiктi) күзету және сигнализация қызметi;
      4) көлiктi күзету қызметi;
      5) көлiк үшiн тұрақ ұсыну қызметi;
      6) көлiктi тiркеу қызметi;
      7) көлiктi техникалық жағынан қарау қызметi;
      8) көлiктi сақтандыру қызметi;
      9) коммуналдық қызмет;
      10) ағымдық жөндеу, мердiгерлiк тәсiлмен жүзеге асырылатын негiзгi құрал-жабдықтарға техникалық, сервистiк қызмет көрсету (қарау);
      11) үй-жайды жалдау;
      12) тiркеу органдарында жылжымайтын мүлiктi және тиiстi құжаттаманы тiркеу жөнiндегi қызмет;
      13) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет;
      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiндегi қызмет;
      15) жылу жүйесiн iске қосуға дайындық жасау қызметi;
      16) сантехникалық жұмыстар;
      17) мүлiктi сақтау жөнiндегi қызмет;
      18) мемлекеттiк баж салығын төлеу;
      19) нотариатта куәландыру жөнiндегi қызмет;
      20) мүлiктi тасымалдау, тиеу, түсiру жөнiндегi қызмет;
      21) терезе, есiктерге торкөз дайындау және қою жөнiндегi жұмыстар;
      22) аукциондар өткiзу жөнiндегi қызмет;
      23) сараптама жасау жөнiндегi қызмет;
      24) аудит өткiзу жөнiндегi қызмет;
      25) құжаттарды аудару жөнiндегi қызмет;
      26) телефон нөмiрлерiн қою, ауыстыру және қолға алып жүру жөнiндегi қызмет;
      27) акционерлердiң тiзiлiмiн актуалды жай-күйде ұстау үшiн қажет тiркеушi қызметi;
      28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөнiндегi қызмет және оларды мұрағатқа өткiзу;
      29) таратуды тiркеу үшiн алым төлеу қызметi.
      Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бiр жолғы сипатта болуы мүмкiн.

      30. Ағымдағы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшiн қажеттi жол берiлген барынша төмен қор құру үшiн тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар:
      1) жұмыс жағдайындағы офистiк жабдықтарды ұстау;
      2) көлiк құралдарын ұстау;
      3) үй-жайды ұстау;
      4) қағаз және бланктiк өнiмдердi сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алу;
       6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.
       Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      31. Тарату комиссиясы сатып алу үшiн әртүрлi қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгiзу кезiнде есеп айырысу осы өңiрде белгiленген тарифтiк сеткалар мен орта рыноктық бағалар негiзiнде жасалады.

      32. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегi бойынша жүзеге асырылады.
      Iссапарларға жiберiлген қызметкерге бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы бес есе айлық есептiк көрсеткiштен, облыс орталықтарындағы төрт есе айлық есептiк көрсеткiштен және аудан орталықтарындағы үш есе айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi, iссапарға жiберiлген жерге жету және керi тұрақты жұмыс орнына қайту шығыстары өтеледi.
       32-1. "Көзделмеген шығыстар" шығын бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығыстың болуына, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен келісілуі не бекітілуі мүмкін қажетті шығыстарға байланысты шығыстарды жүзеге асыруға жол берілмейді.
       Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      33. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкiлеттi органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      34. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы оны уәкiлеттi орган тағайындағаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады және оны келiсу үшiн уәкiлеттi органға шығыстар сметасын әрбір бап бойынша қалыптастыру кезінде осы Ереженің 22-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбамен бередi.
      Филиалдық желiсi бар жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң қызметiн тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасына енгiзу үшiн тарату комиссиясының бөлiмшелерi бөлiгiнде тарату шығыстары сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiредi.
       Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      35. Жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың онына дейiнгi мерзiмнен кешiктiрмей тарату комиссиясы келiсу үшiн тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi шығыстар сметасын әрбір бап бойынша қалыптастыру кезінде осы Ереженің 22-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбаның қосымшасымен органға бередi.
       Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      36. Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына өзгерiстер мен толықтыруларды тек уәкiлеттi органмен келiсе отырып енгiзедi.

      37. Кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың бесiнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне бекiтуге бередi.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбiр ай бөлiгi бойынша жасалады.

      38. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың он бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және бекiтедi.

      39. Кредиторлар комитетi бекiткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы кредиторлар комитетi бекiткен күннiң ертеңiне уәкiлеттi органға ұсынады.

      40. Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының нақты қаржылық жай-күйiн негiзге алып және тарату комиссиясының орындаған жұмысын ескерiп, тарату комиссиясының төрағасы бекiтiлген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала мiндеттi түрде кредиторлар комитетi бекiтетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады.

      41. Тарату шығыстарының сметасын келiскен немесе бекiткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.
       41-1. Тарату шығыстарының сметасы мынадай жағдайларда келісуге (бекітуге) жатпайды:
      1) тарату комиссиясының осы Ереженің 22-тармағымен көзделген тарату шығыстары сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынбауы;
      2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбауы.
       Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.
      41-2. Уәкілетті орган тарату шығыстары сметасын келісу немесе онымен келісуден бас тарту туралы жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
      Кредиторлар комитетінің тарату шығыстары сметасын бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
       Ескерту. 41-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      42. Басқа бiр бап бойынша үнем жасай отырып, екiншi бiр шығын бабы бойынша артық шығындар жасалуына жол берiлмейдi.

      43. Тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкiлеттi органмен келiскенге дейiн немесе кредиторлар комитетi бекiткенге дейiн шығыстар жасауына жол берiлмейдi.

5-тарау. Тарату комиссиясының кассалық
тәртiп сақтау талаптары

      44. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi, кассирi, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кiрiске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

      45. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.
      Бiр кассирi бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдiң мiндетiн атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледi.

      46. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерiмен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады.

      47. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекiтiлген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      48. <*>
       Ескерту. 48-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      49. Тарату комиссиясы кассасының (бұдан әрi - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бiр комплектiсi кассирде, екiншiсi - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында болатын кiлттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрiмен жабылады.

      50. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебi "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.

      51. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделiктi лимитi бекiтiлген ай сайынғы шығыстар сомасын негiзге алып, мына шектер бойынша анықталады:

ай сайынғы шығыстар        касса қалдығының     бөлiмшелердегi касса
                           күн сайынғы          қалдығының күн
                           лимитi               сайынғы лимитi
5 миллион теңгеге дейiн    - 20 мың теңге       - 20 мың теңге
5-тен 10 миллион теңгеге
дейiн                      - 40 мың теңге       - 20 мың теңге
10-нан 20 миллион теңгеге
дейiн                      - 100 мың теңге      - 20 мың теңге
20 миллион теңгеден жоғары - 150 мың теңге      - 20 мың теңге

      52. Осы Ереженің 51-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен жағдайда тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысуларды жүргізу мақсатында мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алған қолма-қол ақшаны сақтауы ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      53. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтерi және кассирi қол қойған кассалық кiрiс құжаттары бойынша (қолма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кiрiс ордерi) жасалады және кассалық кiрiс журналында күн iшiнде жалпы сомасы көрсетiледi.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресiмделедi.

      54. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның iшiнде дебиторлық берешектi өтеу есебiнен және мүлiктi сатудан алынған ақша) кассаға сол күнi кiрiске алынады.
       Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      55. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлерi бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресiмделедi.

      56. Қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордерi бойынша беру кезiнде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етедi, құжаттың атауын және нөмiрiн, кiм және қашан бергенiн жазып алады.

      57. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерiнде көрсетiлген адамға ғана бередi.

      58. Егер ақшаны беру белгiленген тәртiп бойынша ресiмделген сенiмхат бойынша жасалса, онда ордер мәтiнiндегi ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнiнен кейiн кассир ақшаны алуға сенiм бiлдiрiлген адамның фамилиясы, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша ведомость бойынша берiлген болса, онда ақшаны алу үшiн қол қоятын орынның алдына кассир "Сенiмхат бойынша" деп жазба жасайды.
      Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе ведомостьке қосылып тiгiледi.

      59. Кассалық операциялар нәтижесiнде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресiмделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиiсiнше кiрiске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттiрiп алынады.

      60. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi және кассирi қол қояды, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қол қояды.

      61. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң және тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу әрбiр алушыға кассалық шығыс ордерi жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосi бойынша жасалады.

      62. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосiнiң бiрiншi бетiнде (аты көрсетiлген) қолма-қол ақшаның берiлгендiгi туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерiнiң қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзiмiн және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

      63. Жалақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен соң кассир:
      1) төлем ведомосiне төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен "Депонирленген" деп белгi қояды;
      2) депонирленген соманың тiзiлiмiн жасайды;
      3) ведомостiң аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосiнiң жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзiнiң қолымен бекiтедi;
      4) ведомостегi нақты төленген соманы және кассалық шығыс ордерiнiң нөмiрiн көрсетедi.

      64. Тарату комиссиясының қызметкерлерiне қолма-қол ақша тарату өндiрiсiне байланысты мақсаттар үшiн есептi түрде берiледi.
      Ақшаны есептi түрде берудiң негiздемесi тарату комиссиясының бас бухгалтерi және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептерi және басқалар) қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды тиiстi жағдайда ресiмдеу болып табылады.
       Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      65. Алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде есептi түрде берiлген сомалар, iссапар мерзiмi аяқталған күнгi iссапарлық шығыстар бойынша есептi тұлғалар алынған сомалардың қойылған мақсат бойынша жұмсалғанын растайтын құжаттарды бередi (барлық растаушы құжаттар қоса берiлген аванстық есептер, тауарлардың төлемi және көрсетiлген қызмет туралы чектер).
      Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапарлық шығыстар іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:
      1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;
      2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.
       Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      66. Кассалық кiрiс құжаттары, кассалық шығыс ордерлерi және баланстан тыс ордерлер нақты және түсiнiктi етiп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшiру, түзетiс немесе түзету, тiптi келiсiлгендерiне де жол берiлмейдi.
      Кассалық шығыс ордерлерiнде оларды жасау негiздемелерi және оған қоса берiлiп отырған құжаттар атап көрсетiледi.

      67. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi қосымшаларымен бiрге күнi, айы және жылы көрсетiлiп, кассирдiң немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төлендi" деген қолымен немесе штамппен мiндеттi түрде жабылады.

      68. Жұмыс күнiнiң соңында кассир кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес күн iшiндегi кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң деректерiмен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерi мен кассирдiң қолдарымен расталады.

      69. Тарату комиссиясы қалма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебi үшiн осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша кассирмен қабылданған және берiлген ақшаның (құндылықтардың) есеп кiтабын (бұдан әрi - касса кiтабы) жүргiзедi, ол нөмiрленуi, тiгiлуi және мөрмен жабылуы тиiс. Касса кiтабындағы парақтар саны төрағаның, бас бухгалтердiң және кассирдiң қолымен расталады.
       Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      70. Касса кiтабында өшiруге, келiсiлмеген түзетулерге жол берiлмейдi. Қате түзетiлген жағдайда "Түзетiлдi" деген жазба жасалады да, ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясы кассирiнiң және бас бухгалтердiң қолдарымен расталады.
      Касса кiтабын дұрыс және уақтылы жүргiзудi бақылау тарату комиссиясының төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледi.

      71. Күн сайын жұмыс күнiнiң соңында кассир күн iшiндегi операциялардың (кiрiс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейдi, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ касса кiтабындағы басқа құндылықтардың келесi күнге қалған қалдығын шығарып, кассирдiң, бас бухгалтердiң және төрағаның қолдарымен расталады.

      72. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлiк есеп деректерi арасында алшақтықтар болған жағдайда, бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерiн анықтау шараларын көру үшiн дереу тарату комиссиясының төрағасына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      73. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тiгедi. Қалыптастыру кезiнде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмiрiнiң өсу тәртiбiмен) бойынша және кiрiс және шығыс бойынша жеке-жеке iрiктеледi. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмiрi бойынша басында кiрiс, содан соң шығыс деп iрiктеледi.

      74. Касса құжаттары келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей әр күн үшiн жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тiгiлген құжаттардың жинақталған деректерi саналады және күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерiмен салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кiрiс және шығыс ордерлерiнiң күн iшiндегi кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

      75. Тарату комиссиясының төрағасы белгiлеген, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес мерзiмде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндiрiсi үшiн төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады.

      76. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргiзу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкiндiгiн жасыра алмайтын бiр iздiлiк бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актiде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетiледi.

6-тарау. Активтердi басқару және шағымдарды қарау

      77. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiне жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi мүлкi, құндық бағасы бар мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының басқа да талаптары кiредi және тарату, конкурстық массасын қалыптастыруға негiз болады.
      Тарату, конкурстық массаға таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының меншiк құқығына жатпайтын, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруда немесе сақтауда тұрған мүлiк кiрмейдi.

      78. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi қызметкерлерiн қатыстыра отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне (активтерiне), жеке шоттарына, жинақтаушы зейнетақы қорының шарттарына түгендеу жүргiзуге, сондай-ақ баланстық шоттардың және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге мiндеттi. Түгендеу нәтижелерi бойынша акт жасалады.

      79. Түгендеу жолымен анықталған жинақтаушы зейнетақы қорының барлық активтерi тарату массасына енгiзiлуi тиiс. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратудың басында оның балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансында көрсетiлуi тиiс.

      80. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны(ларды) тарта отырып, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалайды (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда).
      Тарату комиссиясы барлық мүлікке баға беруді бір мезгілде не мүліктің бөлігін сатуды қажеттілік шарасы бойынша жүргізеді.
      Баланстық құнына тәуелсіз жылжымайтын мүлікті бағалау үшін, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен астам баланстық құны бар жылжитын мүлікке баға беру үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды (көрсеткен қызметі үшін төлем мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурс (тендер) өткізудің шарттарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және республикалық немесе облыстық мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Тарату комиссиясы елуден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжитын мүліктің бірлігін бағалауға бағалаушыны таңдауды баға жөніндегі ұсыныстарды сұрату жолымен жүзеге асырады.
      Баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен кем болатын бар жылжитын мүлік бағаланбайды.
       Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      81. Жинақтаушы зейнетақы қоры дебиторларының таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешектерiн өтеуi - мүлiктi беруi, оның iшiнде сот шешiмiн орындау үшiн берген күнгi мүлiктi бағалау актiсi болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      82. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды кyшiне енгенге дейiн орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртiбiмен аралық тарату балансы бекiтiлгенге дейiн орындалуы және құжаттамалық ресiмделуi аяқталмаған таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын мәмiлелер жасалмаған болып есептеледi.

      83. Тарату комиссиясы тарату массасын толтыру үшiн дебиторлық берешек өндiрiп алу бойынша жұмыс жүргiзуге мiндеттi.

      84. Мүлiктiк құқығы және заңды мүддесi соттың жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдауы нәтижесiнде бұзылуы ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларымен дауларды тiкелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым бередi.
      Кредитор жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясына растайтын құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге жазбаша өтiнiш бередi.

      85. Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшерi (негiзгi борыштың мөлшерi туралы жеке, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкциялары, шығындар, талаптың негiздемесiн және мөлшерiн растайтын құжаттар туралы мәлiметтер және талаптың мөлшерi (күшiне енген сот шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң борышты мойындауы және басқалары) болуы тиiс.

      86. Шағым (өтiнiш) жинақтаушы зейнетақы қоры мен кредитор арасында жасалынған шартта басқа мерзiм келiсiлмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екi апта мерзiмде қаралуы тиiс.

      87. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi керек.
      Егер шағымға (өтiнiшке) қаралуға тиiстi қажеттi құжаттар қоса берiлмесе, онда олар өтiнiш берушіден почтамен жiберiлген жолдағы уақытты санамағанда кемiнде 5 жұмыс күнi болатын беру мерзiмiмен сұратып алынады. Талап етiлген құжаттар көрсетiлген мерзiмде алынбаған жағдайда шағым (өтiнiш) қолда бар құжаттар бойынша қаралады.

      88. Шағымды (өтiнiштi) алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiзделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтiнiштi) қарау нәтижелерi бойынша хабарлауға мiндеттi.
      Шағымға (өтiнiшке) берiлетiн жауапта мыналар көрсетiледi:
      1) шағым (өтiнiш) берушiнiң және жауап беретiн тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелерi, жауап берiлетiн шағымның (өтiнiштiң) күнi және номерi;
      2) шағымды (өтiнiштi) толық немесе iшiнара таныған жағдайда, танылған сома көрсетiледi, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, не шағымның (өтiнiштiң) мерзiмi және қанағаттандыру әдiсi көрсетiледi;
      3) шағым (өтiнiш) толық немесе iшiнара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтiнiштiң) ауытқуына негiзделген тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептерi;
      4) жауапқа қоса берiлген құжаттардың және басқа дәлелдемелердiң тiзбесi.

      89. Шағым (өтiнiш) толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, өтiнiш берушiге шағыммен (өтiнiшпен) қоса берiлген құжаттар қайтарылуы тиiс, сондай-ақ шағымды (өтiнiштi) қабылдамауға негiз болатын құжаттар өтiнiш берушiде жоқ болса, олар жiберiледi.

      90. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жiберiлуiн белгiлейтiн басқа байланыс құралдарымен жiберiледi.

      91. Шағымды (өтiнiштi) беруге арналған мерзiм жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру баспада жарияланған күннен бастап есептеледi және екi айдан кем болмауы тиiс.

      92. Шағым (өтiнiш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтiнiштi) қарау мерзiмi аяқталғаннан кейiн, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы бiр айлық мерзiмде активтердi және мiндеттемелердi түгендеу нәтижелерiн ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнiң құрамы, кредиторлар берген шағымдар мен өтiнiштердiң тiзбесi, оларды қарау нәтижелерi және жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларынан талап етiлмеген берешектерi, кредиторлардың талаптарының тiзiлiмi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
      Филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi бар жинақтаушы зейнетақы қорларының аралық тарату балансы филиалдар мен өкiлдiктердiң аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.

      93. Шағым (өтiнiш) берген кредитор бiр мезгiлде жинақтаушы зейнетақы қорының борышкерi болса, онда тарату комиссиясы шағымды (өтiнiштi) қарау кезiнде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекiгенге дейiн кредитор мен борышкердiң бiр тұлға болып дәл келуi барысында өзара талап ету сынағын өткiзу туралы мәселенi қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгiзедi.
      Аралық тарату балансы бекiгеннен кейiн өзара талап ету сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандыру жөнiндегi тиiстi кезегi келген кезде ғана жасалады.

      94. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оған қосымшасын, оның ішінде кредиторлар талабының тізілімін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жасайды.
      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      95. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалғаннан кейiн тарату комиссиясы оларды уәкiлеттi органға бекiтуге ұсынады.
      96. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлардың талаптарының тiзiлiмiн жасайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiкке сәйкес болуы тиiс.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде әр кредитор туралы, ақша жөнiндегi мiндеттемелер және/немесе мiндеттi төлемдер туралы, әрбiр талаптың кезектiлiгiн қанағаттандыру туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Кредиторлардың талаптарының тiзiлiмiне даусыз болып табылатын, белгiленген мерзiмде көрсетiлген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кiредi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына берiлген, заңды күшiне енген сот шешiмдерi бойынша орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына берiледi.
      Орындау құжаттары танылған талаптар деп табылады және орындалмаған сома мөлшерiнде кредиторлардың тiзiлiмiндегi тиiстi кезекте есептеледi.
      97. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабы 7-2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары уәкiлеттi органда бекiтiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.

7-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры
кредиторларының комитетi

      98. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында және жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату кезiнде олардың қатысуымен шешiм қабылдау үшiн кредиторлар комитетi құрылады.

      99. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетi құрамының тiзiмiн аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекiтуге уәкiлеттi органға жiберiледi. Кредиторлар комитеті құрамының тізімі осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тарату комиссиясымен жасалады.
       Ескерту. 99-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      100. Кредиторлар комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51-бабында көзделген тәртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген мейлiнше көп талап ету сомасы бар кредиторлар арқылы әр кредиторлар кезегiнен бiр өкiл арқылы қалыптасады.
      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторлардың тарату өндiрiсiне қатысу үшiн кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзу туралы деректер жiбередi.
      Кредитордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда ол кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.
      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері, сондай-ақ, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне зиян келтіретін не басқалардың артықшылықтарын білдіретін іс-қимылдар жасауын, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісінің(лерінің) болуын белгілеуге қатысты осының алдында банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларының төрағасы немесе мүшесі болып табылған кредиторлар өкілдері енгізілмейді.
       Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

       101. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны үш адамнан кем болмауы тиіс.
      Кредитор кредиторлар комитетi жұмысынан бас тартуы мүмкiн. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мейлiнше көп талап ету сомасы бар келесi кредиторына ұсыныс жiбередi.
      Кредиторлар комитетi мүшесiнiң талабы толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитетiнiң құрамынан шығарылады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейiн уәкiлеттi органға бекiтуге кредиторлар комитетiнiң тiзiмiн ұсына отырып, кредиторлар комитетi құрамын өзгерту жөнiнде жұмыс жасайды.
       Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiн комитеттiң бiрiншi мәжiлiсi өтетiн орын мен күн туралы хабардар етедi.
      Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi мәжiлiсi кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiледi. Кредиторлар комитетi бiрiншi мәжiлiсiнде дауыс беру рәсiмiндегi тең дауыс алу кезiнде шешушi дауыс алу құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетiнiң төрағасы комитеттiң жұмыс жоспарын жасайды және бекiтедi.

      103. Кредиторлар комитетiнiң одан кейiнгi мәжiлiстерi комитет белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде шақырылады.

      104. Кредиторлар комитетi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысуға;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерiн бұзу туралы шағымын қарауға қатысуға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, заңды мүдделерiн және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бұзушылықтар, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерiнiң өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны туралы уәкiлеттi органға және сотқа хабарлауға;
      4) тарату комиссиясының әрекетiне сотқа және уәкiлеттi органға шағым жасауға;
      5) мүлiк сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжiлiсiн қоса алғанда, кез келген тарату рәсiмi болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерiнiң iшiнен кредитордың өкiлдерiн сайлауға;
      6) тарату комиссиясынан таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйi туралы ақпарат берудi талап етуге;
      7) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорынан өндiрiп алуға мүмкiн емес дебиторлық берешектiң көлемiн бекiтуге;
      8) тарату комиссиясы берген жинақтаушы зейнетақы қорының тарату, конкурстық массасын жүзеге асыру жоспарын бекiтуге;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге төленетiн қосымша төлемдердiң мөлшерiн қоса, тарату шығыстарының сметасын бекiтуге;
      10) алынып тасталды
      11) тарату комиссиясының жинақтаушы зейнетақы қорының балансынан мүлiктi есептен шығару туралы актiнi бекiтуге құқылы.
       Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.
       104-1. Кредиторлар комитеті жоқ болған жағдайда, сондай-ақ осы Ереженің 104-тармағымен көзделген функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асырмаса, тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
       Ескерту. 104-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      105. Кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсi хаттамамен ресiмделедi.
      Кредиторлар комитетiнiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.

      106. Жинақтаушы зейнетақы қорының барлық қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсiне қатысуға құқылы.

8-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры
кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      107. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарын, оның ішінде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-бабы 7-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап жүргізіледі.
      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      108. Әрбiр кезектiң талабы осының алдындағы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылған соң барып қанағаттандырылады.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi бiр кезектi қанағаттандыруға жетпеген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және мүлкi (өзгесi) осы кезектiң кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиiс талаптар сомасына теңбе-тең кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес бөлiнедi.
       Ескерту. 108-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      109. Кезектiлiк бойынша кезек келген жағдайда кредитордың талабы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтiн тәсiлмен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдiгiн сақтай отырып, мүлікті, оны бағалау құны бойынша заттай беру арқылы, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының баланстық және баланстан тыс шоттарындағы дебиторлық берешек бойынша қанағаттандырылуы мүмкiн.
       Ескерту. 109-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      110. Тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін тарату комиссиясы таныған, бірақ тарату балансын бекіткенге дейінгі кредиторлар талаптары, кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілмейді, басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланс шотында ескеріледі және белгіленген мерзім ішінде анықталған кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкер мүлкінен қанағаттандырылады.
      Тарату комиссиясының талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін белгілі болған және тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары кредитордың ұсынған талаптарының қанағаттандырылғандығы және олардың кредиторлар талаптары тізіліміне тиісті кезекке қойылғандығы жөніндегі сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.
       Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      111. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан не оларды қараудан бас тартқан жағдайда кредитор жинақтаушы зейнетақы қорының тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясының атына сотқа шағым бередi.
      Кредиторлардың белгiленген мерзiмде өтiнiш жасаған, бiрақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындалады. Аталған талаптар толық қанағаттандырылғанға дейiн есеп айырысу жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегi уақытша тоқтатылады.

      112. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайдағы, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi кредиторлардың шағымдарын (өтiнiштерiн) қанағаттандырмау өтелген болып есептеледi.
      Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым бермеген болса және сот шешiмi бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледi.

      113. Тарату комиссиясы таныған және кредиторлардың талап ету тiзiлiмiне енгiзiлген кредитордың мiндеттемелерiн, шағымдарын (өтiнiштерiн) орындау мүмкiн болмаған жағдайда тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен нотариустың депозитiне аударады.

      114. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлармен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiнгi мүлкiн тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртiппен акционерлер арасында бөледi.

9-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы
қорының мүлкiн сату тәртiбi

1-параграф. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
мүлкiн сату бойынша аукционды ұйымдастыру
және өткiзу тәртiбi

      115. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорында бар ақша кредиторлар мен акционерлердiң талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
       Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      116. Тарату комиссиясының төрағасы мүлiктi сату туралы шешiмiн, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату Жоспарын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетi бекiтедi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату Жоспарын кредиторлар комитетi бекiткенге дейiн тарату комиссиясының төрағасы соңынан мүлiктi сату жөнiнде жасалған жұмыс туралы кредиторлар комитетiне есеп бере отырып, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сата алады.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорында кредиторлар комитетi болмаған жағдайда мүлiктi сату жөнiндегi шешiм, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және мәлiмет беру үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.
       Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      117. Мүлiктi сату iске асыру Жоспарына сәйкес сауда-саттықтағы жариялылық, ашықтық және жетiмдiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Тарату комиссиясы аукциондар өткiзу кезiнде осы Ереженiң  150-тармағында көзделген жағдайдан басқа жағдайда сауда-саттықты жүргiзу әдiсiн (ағылшын немесе голланд) таңдауды дербес жүзеге асырады.

      118. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бiр мүлiк бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын бағалау құны бар үйлерiн, ғимараттарын, өзге жылжымайтын мүлiк объектiлерiн, көлiк құралдарын олардың құнына қарамай, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының өзге мүлкiн сату тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы жасалуы тиiс.
      Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бiр мүлiк бiрлiгi үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем бағалау құны бар өзге мүлкiн жария сауда-саттық арқылы емес, сатып алу-сату шартын жасау жолымен, бiрақ бағалау құнынан төмен емес бағамен сатуы мүмкiн.
       Бағалау құны мүліктің бірлігіне жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі бағалау құнынан кем емес баға бойынша осы мүлікті алуға ниет білдірген тұлғалар жоқ болған жағдайда ғана және кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіткеннен кейін бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылуы мүмкін.
      Баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мүліктің бірлігін тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен баға бойынша жария сауда-саттық жүргізбестен сатуы мүмкін.
       Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      119. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату алдындағы дайындық шараларына мыналар кiредi:
      1) Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнiң құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) және нәтижесiнде объектiнi сату анықталатын лоттарды қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      2) бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны(ларды) таңдау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен бағалау;
      4) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату туралы хабарландыруды жариялау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      5) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату жоспарын кредиторлар комитетi қарауы және бекiту үшiн дайындау және ұсыну;
      6) тартылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарт жасасу.
       Ескерту. 119-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      120. Сату жоспарында сатылатын объект туралы ұсыныстар және олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, бастапқы (және сауда-саттықтың голланд әдiсi кезiндегi барынша төмен) сату бағасы және сауда-саттықты жүргiзу кезеңі және әдiсi туралы мәлiметтер болады.
       Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      121. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес, мынадай талаптар мен мақсаттарды негiзге ала отырып жүргiзедi:
      1) сатылып отырған мүлiкке бағаны осы аймақтағы мүлiктiң осыған ұқсас түрлерiне берiлiп отырған нарықтық бағадан кем емес бағаны белгiлеу;
      2) мүлiктi мейлiнше жоғары бағамен сату;
      3) мүлiктi сату кезiнде шығындарды кемiту.

      122. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату туралы хабарландыруды аукцион өткiзiлетiн күнге дейiн кем дегенде он күнтiзбелiк күн бұрын республикалық немесе облыстық мерзiмдiк баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiледi. Әрбiр жеке аукционға баспасөз басылымында жеке хабарландыру берiледi.
       Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      123. Сауда-саттықты жүргiзу туралы ақпараттық хабарламада мыналар болады:
      1) сауда-саттықты жасау күнi, орны және уақыты;
      2) мүлкi сатылуға қойылып отырған таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;
      3) қойылатын лоттардың сипаттамасы (мазмұны);
      4) әрбiр лот бойынша сауда-саттық жүргiзу әдiсi;
      5) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және барынша төмен бағалары;
      6) кепiл жарнаны енгiзу мөлшерi, мерзiмi және тәртiбi, сатушының деректемелерi;
      7) өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;
      8) сату объектiсiмен танысу күнi, уақыты және орны;
      9) сату объектiсiн сатып алу жөнiндегi төлем талаптары;
      10) сауда-саттықты жүргiзу ережелерiмен танысу және өзге де ақпараттар алуға болатын мекен-жай және телефондар;
      11) сатушының шешiмi бойынша басқа қосымша ақпарат.

      124. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық өткенге дейiн әрбiр қатысушыға оның тiркелген сәтiнде берiлетiн аукционға қойылатын әрбiр лоттың ұсақ-түйегiне дейiн сипаттама берiлген аукцион картасын дайындайды.

      125. Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан кейiн сатушы аукционды ұйымдастыру және өткiзу және сату объектiсi туралы ақпаратты алуға тiлек бiлдiрушiлердiң барлығының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

      126. Сатушының функциясына мыналар кiредi:
      1) кепiл жарналарын қабылдау;
      2) аукционды жүргiзу барысына бақылауды жүзеге асыру;
      3) сауда-саттық жеңiмпазымен сатып алу-сату шартын жасау және оны бақылау;
      4) қатысушылар мен сатып алушылардың есеп айырысуын жүзеге асыру.

      127. Аукционға қатысуға осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жiберiледi.

      128. Аукционға қатысуға таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшы қызметкерлерiне, сауда-саттықты жүргiзушi ұйымдастырушыға, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары болып табылатын тұлғаларға қатысуға жол берiлмейдi.
       Ескерту. 128-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      129. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аукцион арқылы сатып отырған мүлкiн сатып алуға тiлек бiлдiрген тұлғалар кепiл жарна енгiзедi.
       Ескерту. 129-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      130. Аукционға қатысу үшiн кепiл жарна барлық таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және әрбiр сату объектiсi үшiн оның бастапқы бағасының бес процентi болады.

      131. Кепiл жарна қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады:
      1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою;
      2) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;
      3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындау.

      132. Қатысушылар кепiл жарнаны кез келген санда енгiзуi мүмкiн. Бiр кепiл жарна сауда-саттыққа қатысу және ол кепiл жарна енгiзген нақты бiр лотты сатып алу құқығын бередi.

      133. Кепiл жарнаны қатысушының атынан осы Ереженiң 128-тармағында көрсетiлген тұлғалардан басқа кез келген жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн. Кепiл жарнаны алушы сатушы болып табылады.

      134. Сауда-саттықта жеңiске жеткен және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепiл жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша есептелетiн төлемдердiң шотына есептеледi.

      135. Сатушы кепiл жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
      1) аукцион өткенге дейiнгi үш күн iшiнде аукционға қатысудан бас тартса;
      2) сауда-саттық жеңiмпазы сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;
      3) қатысушының оның қорытындысымен келiспей, негiзсiз сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартуы;
      4) сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы.

      136. Барлық басқа жағдайларда кепiл жарналар аукцион аяқталғаннан кейiн бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер сатушының банктiк шотына ақша аукционнан кейiн түскен болса, онда олар түскен күннен бастап бес банктiк күн iшiнде қайтарылады.

      137. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жасалады және аукционның басталуына бiр сағат қалғанда аяқталады.

      138. Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды беру қажет:
      1) аукционға қатысудың белгiленген нысан бойынша өтiнiмдi;
      2) жеке басты куәландыратын куәлiктi немесе жеке басты куәландыратын өзге құжатты;
      3) кепiл жарнаның енгiзiлгендiгiн растайтын төлем құжатының немесе кiрiс ордерiнiң көшiрмелерiн;
      4) сауда-саттыққа қатысушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты;
      5) заңды тұлғалар қосымша жарғының, заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған расталған көшiрмелерiн бередi.
      Ескерту. 138-тармаққа өзгерісу енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      139. Аукционға қатысушыларды тiркеу сатушы ерiктi нысанда жүргiзетiн сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу журналында тiркеледi.

      140. Тiркеуден өткен тұлға аукцион болатын күнi аукцион нөмiрiне айырбасталатын қатысушы билетiн алады. Аукцион нөмiрiн сауда-саттық барысында басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

      141. Аукционға қатысушының мынадай мүмкiндiктерi бар:
      1) сауда-саттыққа жеке немесе өз өкiлдерi арқылы қатыса алады;
      2) ақысыз қосымша мәлiметтер алуға, сауда-саттыққа шығарылған сату объектiсi туралы нақтылауға;
      3) сауда-саттықтағы сатылып жатқан сату объектiсiн алдын-ала қарауға;
      4) оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа шағым жасауға;
      5) осы Ереженiң 135-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепiл жарнасын қайтарып алуға;
      6) аукционға қатысу жөнiндегi өзiнiң өтiнiмiн, бұл туралы сатушыға жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға.

      142. Аукционға кiрiс билетiн төлеген барлық ықылас бiлдiрушiлер қатыса алады. Кiру билетiн сатушы дербес белгiлейдi, бiрақ ол билеттiң бiр ең төмен есептiк көрсеткiшiнен аспауы тиiс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, аукцион қатысушылары, уәкiлеттi органның және кредиторлар комитетiнiң өкiлдерi кiру билеттерiн төлеуден босатылады.

      143. Сатушы былай жасай алмайды:
      1) қатысушыдан аукционға қойылған лоттар қатарынан соны немесе мынаны сатып алғысы келетiндiгi туралы ақпаратты талап етуге;
      2) сауда-саттыққа дайындық кезiнде және оны өткiзу кезеңiнiң барысында сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге;
      3) аукционға қатысушылардан осы Ереженiң 138-тармағында аталғандардан басқа, қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге.

      144. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткiзедi. Аукцион сату объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы, лоттың бастапқы (барынша төмен) бағасы, бағаның өзгеру қарқыны және сауда-саттықты жүргiзу әдiсi көрсетiлген жүргiзу ережелерiн хабарлаудан басталады. Қатысушы тұлғалар аукционның барысына ықпал ете алмайды немесе оны жүргiзу тәртiбiн бұза алмайды, керiсiнше болған жағдайда олар аукцион өтiп жатқан залдан шығарылып жiберiлуi мүмкiн.

      145. Сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы сауда-саттықты жүргiзу барысында қадамын жариялай отырып өзгертуi мүмкiн. Қадамын өзгерту сатылатын объектiнiң бастапқы бағасының бестен бастап онға дейiнгi процентi шегiнде белгiленедi.

      146. Сауда-саттықтағы лоттарды рет-ретiмен қою туралы шешiмдi сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы қабылдайды. Бұл тәртiп аукцион картасында белгiленген тәртiппен сәйкес келмеуi мүмкiн.

      147. Аукционға бiрнеше лоттарды шығарған кезде әрбiр лот бойынша сауда-саттықтың әртүрлi әдiстерiн жасауға жол берiледi.

      148. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша жүргiзiледi:
      1) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Қатысушылар нөмiрлерiн көтеру арқылы сауда-саттыққа қатысушылар бастапқы бағаны көтере бередi, бiрақ ол жарияланған қадамнан кем болмауы керек. Сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы сауда-саттықта лот бойынша қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаны бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық барынша жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы сауда-саттықты ұйымдастырушы арқылы жарияланады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған жағдайда балғаны ұрып, сауда-саттықтың жеңiмпазын және осы лоттың сатылғандығын жариялайды.
      Ағылшын әдiсi бойынша жүргiзiлген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледi:
      сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс бiлдiрушiлерден өтiнiм болмаған жағдайда;
      сауда-саттыққа қатысуға тек бiр ғана өтiнiм берiлуi;
      сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуi;
      сауда-саттық жеңiмпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектiсi бойынша сатушымен одан әрi есеп айырысу тәртiбiнiң бұзылуы;
      2) сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы лоттың бастапқы және барынша төмен бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, жарияланған қадам бойынша оны төмендетедi. Сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы баға жарияланғандағы ең бiрiншi аукциондық нөмiрiн көтерген қатысушы нөмiрiн атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды, және басқа нөмiрлер көтерiлмеген жағдайда, балғаны ұру арқылы сауда-саттықтың жеңiмпазын және осы лоттың сатылғандығын жариялайды. Осы баға сауда-саттыққа қойылған лоттың барынша төмен бағасынан төмен болуы тиiс емес.
      Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша бірінші рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 80%-дан төмен болмауы керек. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және бірнеше рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 50%-нан төмен болмауы керек.
      Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр бiр мезгiлде көтерiлген жағдайда, сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы бағаны реттелген қадам шегi бойынша жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн көтере бередi. Голланд әдiсi бойынша сауда-саттықта жарияланған қадам белгiленген қадамға тең, бiрақ өсу жағына қарай. Егер бағаны көтеру кезiнде нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушылардың ешқайсысы мүлiктi көтерiлген баға бойынша сатып алуға ықылас бiлдiрмесе, онда сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы жеребе тарту рәсiмiн қолданады.
      Жеребе тарту нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушының конверттердiң бiрiне "жеңiмпаз" жазуы бар парағы, ал басқасындағы (олардағы) таза парақ салып дайындаған конверттерiнiң бiрiн суырып алу арқылы жасалады. Сауда-саттық жеңiмпазы болып "жеңiмпаз" жазуы бар парақ болған конверттi суырып алған сауда-саттық жеңiмпазы болып танылады.
      Сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы лоттың барынша төмен бағасын жариялау кезiнде қатысушылардың ешқайсысы осы лотты сатып алуға тiлек бiлдiрмеген жағдайда лот сауда-саттықтан алынып тасталады.
      Голланд әдiсi бойынша жүргiзiлген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледi:
      сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс бiлдiрушiлерден өтiнiм болмаған жағдайда;
      сауда-саттыққа қатысуға тек бiр ғана өтiнiмнiң берiлуi;
      сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуi;
      сауда-саттық жеңiмпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектiсi бойынша сатушымен одан әрi есеп айырысу тәртiбiнiң бұзылуы.
      Егер, сауда-саттық жасалмаған жағдайда, Сауда-саттықты ұйымдастырушы жасалмаған сауда-саттық туралы хаттаманы жасайды.
       Ескерту. 148-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      149. Аукцион оған екiден кем емес қатысушы қатысқан жағдайда өткiзiлдi деп есептеледi.

      150. Аукционға бiрiншi рет қойылған мүлiктi сату сауда-саттықтың тек қана ағылшын әдiсi бойынша жүргiзiледi.

      151. Осы Ережеде аты аталған аукцион өткiзудiң кез келген бiр әдiсi бойынша сауда-саттық өтпедi деп танылған жағдайда, сатушы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сату жоспарына өзгерiстер енгiзедi. Мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi кредиторлар комитетi, ал ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және уәкiлеттi органға жiберiледi. Өзгерiстерде сатылатын лоттардың өзге құрылымы және (немесе) өзге бастапқы (барынша төмен) бағасы болады.

      152. Сауда-саттықты жүргiзу кезiнде бiр сатып алушы қатысатын мүлiктi сату жоспарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы ұсынылып отырған лотты бiр ғана қатысушыға ағылшын әдiсi бойынша бастапқы бағадан төмен емес, голланд әдiсi бойынша барынша төмен бағадан кем емес бағамен сатады.

      153. Сол күнi әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижесi сауда-саттықтың нәтижесi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған сауда-саттықты жүргiзетiн ұйымдастырушы, сауда-саттық жеңiмпазы және сауда-саттықтың соңында әрбiр лот бойынша барлық қатысушылар қол қояды. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепiл жарна сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттыққа қатысушы оның қорытындысымен неге келiспейтiндiгiн жазбаша негiздеп бередi.

      154. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан сауда-саттық жеңiмпазы одан әрi аукционға қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектiдегi сауда-саттық жаңаланады.

      155. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттама сауда-саттық жеңiмпазының және сатушының объектiнi сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасайтын сауда-саттық қорытындысы мен мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

      156. Аукцион өткеннен кейiн үш күн iшiнде шарттың мәнi, тараптар құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, сату объектiсiнiң түпкiлiктi бағасы, төлем шарттары, тараптар деректемелерi, сондай-ақ сатып алушы мен сатушы қол қоятын, тараптар арасында жасалатын сауда-саттық объектiсiн қабылдау-өткiзу актiсiн жасайтын тараптардың көздеуi бойынша өзге талаптар көрiнiс табатын сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

2-параграф. Сауда-саттыққа қатысушылар арасында
есеп айырысуды жүргiзу тәртiбi

      157. Сатып алушы мен сатушы арасында сатып алу-сату шартын жасағаннан кейiн бес банктiк күннен кешiктiрмей сатып алушы шартта көрсетiлген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және растама ретiнде оған тиiстi төлем құжатының көшiрмесiн ұсынады.

      158. Сатып алушы аукционда сатып алынған мүлiк үшiн қажеттi төлемдi осы Ереженiң 157-тармағымен белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайда, сатушы осы шарттың талаптарында көзделген бiржақты тәртiппен сатып алу-сату шартын бұзады. Сатып алушы енгiзген кепiл жарна оған қайтарылмайды және осы мүлiк сауда-саттыққа екiншi рет қойылады. Сатып алушының сату объектiсi үшiн төлем енгiзбеген кездегi жауапкершiлiгi оның сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында көзделедi.

10-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
мұрағатқа құжаттарын сақтауды және берудi ұйымдастыруға
қойылатын талаптар

      159. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы есеп беру, сақталуы тиiс құжаттарды ресiмдеу мен сақтауды қамтамасыз ету, оның iшiнде мұрағатты және құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметiне байланысты мәселелер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етедi.

      160. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының құрамы өзгерген жағдайда сақталуы тиiс iстердi және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелерiне) қабылдау-беру таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн және құжаттарын қабылдау-өткiзу актiсi негiзiнде жасалады.

      161. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 377 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3422 тіркелген) белгіленеді.
      Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       162. Iстер мен құжаттардың сақтау мерзiмiн есептеу iс жүргiзу аяқталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.
      163. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағатты және құжаттаманы басқару жөнiндегi тиiстi органның сараптамалық-тексеру комиссиясымен келiсiлiп, тарату комиссиясының төрағасы бекiткен актiмен ресiмделедi.
      164. Құжаттарды тиiсiнше ресiмдемей және келiспей жоюға, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген құжаттарды сақтау мерзiмiн бұзуға жол берiлмейдi.
      165. Таратылған жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорын тарату толық аяқталу сәтiнде сақтау мерзiмi өтпеген, уақытша сақталуы тиiс құжаттары уәкiлеттi органның аймақтық өкiлдiктерiне қабылдау-өткiзу актiсi бойынша берiледi.
      166. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақты сақталуы тиiс құжаттары тиiсiнше ресiмделедi және уәкiлеттi мемлекеттiк органның мұрағатты және құжаттаманы басқару органына берiледi.
      167. Iстердi мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезiнде құжаттардың есебi мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға тiзiмдемеге енгiзiлген iстердiң ресiмделуiнiң, қалыптасуының және iстер санының сәйкестiгiнiң дұрыстығын, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iс номенклатурасына сәйкес расталған iстер санын тексередi. Құжаттарды беру тiзiмдемелер бойынша жүзеге асырылады және актiмен ресiмделедi.
      Егер таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын өңдеудiң жай-күйi және сапасы тиiсiнше жағдайда болмаса, онда тарату комиссиясы оны тәртiпке келтiрудi ұйымдастырады.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шығыстар таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

11-тарау. Таратуды аяқтау

      168. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.
      169. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
      170. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн тоқтатуды тiркеу оларды мәжбүрлеп тарату кезiнде Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      170-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 170-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      171. Тарату комиссиясының өкiлеттiгi жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуын тiркеу туралы әдiлет органының бұйрығын алғаннан кейiн, жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын мұрағатқа сақтау үшiн тапсырғаннан кейiн және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлағаннан кейiн тоқтатылады.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      172. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес шешiлуi тиiс.

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорларын
                                       мәжбүрлеп тарату ережесіне
                                               1-қосымша 

       Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

                ___________ жылғы __ тоқсанға
                 тарату шығыстарының сметасы  

         ___________________________________________________
            таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы  

N

Шығыстар бабы атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Ай


1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары


1.1

Тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерінің еңбегіне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары



лауазымды жалақы сомасы



жеке табыс салығы сомасы



міндетті зейнетақы жарнасы сомасы


1.2

Өтелмелі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығыстары


2

Бюджетке ақша аудару жөніндегі шығыстар



әлеуметтік салық



әлеуметтік аударымдар



мүлікке салынатын салық



көлік құралдарына салынатын салық



жер салығы



қосылған құн салығы



жер учаскесін пайдалану төлемі

қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем


3

Әкімшілік шығыстар



қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет көрсетулер



байланыс қызмет көрсетулері



үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет көрсетулер



көлікті күзету жөніндегі қызмет көрсетулер



көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет көрсетулер



көлікті тіркеу жөніндегі қызмет көрсетулер



көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет көрсетулер



көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулер



коммуналдық қызмет көрсетулер



мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар



үй-жайды жалдау



тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет көрсетулер



мүлікке баға беру жөніндегі қызмет көрсетулер



бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет көрсетулер



жылу жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет көрсетулер



сантехникалық жұмыстар



мүлікті сақтау жөніндегі қызмет көрсетулер



мемлекеттік баж салығын төлеу



нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет көрсетулер



мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет көрсетулер



терезелер, есіктерге торкөзді дайындау және қою жөніндегі жұмыстар



аукциондар өткізу жөніндегі қызмет көрсетулер



инкассациялық қызмет көрсетулер



сараптама жасау жөніндегі қызмет көрсетулер



аудит жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулер



құжаттарды аудару жөніндегі қызмет көрсетулер



телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе тасымалдау



өзекті жағдайдағы акционерлер тізіліміне қолдау көрсететін тіркеуші қызметі



құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа тапсыру



таратуды тіркеу жөніндегі алымды төлеу


4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары



офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау



көлік құралдарын ұстау



үй-жайларды ұстау



қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу



кеңсе тауарларын сатып алу



жанар-жағар май материалдарын сатып алу


5

Іссапарлық шығыстар


6

Көзделмеген шығыстар


Бір айдың қорытындысы








Бір айдың қорытындысы








Бір айдың қорытындысы


Тоқсан ішіндегі барлығы


Тарату комиссиясының
төрағасы     _____________________________________  ________________
              (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)     (қойған қолы) 

Бас бухгалтер _____________________________________ ________________
              (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)   (қойған қолы)  

Орындаушы  ________________________________________ ________________
             (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)    (қойған қолы)

телефон.

                                      Жинақтаушы зейнетақы қорларын
                                        мәжбүрлеп тарату ережесіне
                                                2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.

      ______________________________________________
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

           Кассирдiң қабылдаған және берген ақшаларын
                 (құндылықтарды) есепке алу
                           Кiтабы

          ______________________________________________

                                          Басталды:_________________
                                          Аяқталды:_________________
     Кiтаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейiн жүргiзiледi

  Кіріс

Түскен
күні

Кімнен
қабыл-
данды
(фами-
лиясы,
аты-
жөні)

Кіріс
құжат-
тары-
ның
саны
(бір
данада)

Сомасы
цифр-
мен
(валю-
та тү-
рін
көрсе-
те
оты-
рып,
бір-
лік-
пен)

Сомасы
жазба-
ша

Пайда-
лану
мақса-
ты

Кас-
сирдің
қолы

Бас
бух-
гал-
тер-
дің
қолы

Төр-
ағаның
қолы



















__қалдық









__қалдық


















Осы
күнгі
жиынтық
....









Шығыс

Берілген
күні

Кімге
беріл-
ді
(фами-
лиясы,
аты-
жөні)

Шығыс
құжат-
тары-
ның
саны
(бір
данада)

Сомасы
цифр-
мен
(валю-
та тү-
рін
көрсе-
те
оты-
рып,
бір-
лік-
пен)

Сомасы
жазба-
ша

Пайда-
лану
мақса-
ты

Кас-
сирдің
қолы

Бас
бух-
гал-
тер-
дің
қолы

Төр-
ағаның
қолы



















__қалдық









__қалдық









Осы
күнгі
жиынтық









Осы
күнгі
жиынтық
....









                     Куәландырылған жазба

20____жылғы "______"_____________ жазбаға арналған
             (күнi)    (айы)
осы кiтаптың жиынтығы_______________________________________________
                    (таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

____ нөмiрден бастап _____ нөмiрдi қосқандағы нөмiрленген, тiгiлген
және мөрмен бекiтiлген_________________________________парақтар бар.
                         (саны жазбаша көрсетiледi)

20 _____ жылғы "____"____________________

Төраға______________________(фамилиясы, аты-жөнi)
              қолы

Бас бухгалтер ______________(фамилиясы, аты-жөнi)
                  қолы

Кассир______________________(фамилиясы, аты-жөнi)
              қолы

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорларын
                                      мәжбүрлеп тарату ережесіне
                                              3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.  

                                             Бекітемін
                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                        Төрайымының орынбасары
                                     ____________________________
                                       "___"_____________ жылғы 

            Кредиторлар комитеті құрамының тізімі
   __________________________________________________
    (таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)  

N р/с

Кезектіліктің нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына кіретін таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторының атауы

Кредиторлық берешектің сомасы

1

2

3

4









Тарату комиссиясының
төрағасы  _______________________________________ _____________
           (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)  (қойған қолы) 

Орындаушы _______________________________________ _____________
           (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)  (қойған қолы)

телефон.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады