Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына тергеу изоляторлары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4262.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің міндетін атқарушының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 210 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзілімiнде N 2973 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      2-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

      19-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке iстерi ашылмайды. Транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке тінту хаттамалары жеке iске қосылмайды, ол жеке іске тігіледі және арнайы есепке алу бөлiмiнде сақталады. Ерекше жағдайларда (мысалы, медициналық көрсеткiштер бойынша) транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке iстерi бар пакеттер тергеу изоляторының бастығы бекіткен жауапты қызметкердің баянаты негізінде ашылады".

      23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшiн қалдырылған сотталғандарға арналған орындау парақтарын қолхат арқылы ТИ-дың қаржы бөлiмiне жібередi, ал басқа жағдайларда, сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарына кетуі кезінде сотталғанның жеке iсiне қоса тiркейдi";

      42-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Есепке алу карточкаларын сақтау мерзiмiн Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзілімiнде N 2843 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығымен бекітілген "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасына" N 10 қосымшаға сәйкес есептеуі тиіс".

      87-тармақта екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Босатылғаннан кейін бір тәулік ішінде арнайы есепке алу бөлімі сотталғанның тұрғылықты жері бойынша ҚАЖ комитетінің басқармасына сотталғанның жеке ісіне қоса тіркеп, хат жібереді (32-қосымша);";

      Нұсқаулық мынадай мазмұндағы 15-тараумен толықтырылсын:

      "15-тарау. Өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға құжат рәсiмдеу

      111. Өлiм жазасына сотталғандардың жеке iстерiн тергеу изоляторының бастығы сақтайды, ол өзi осы адамдарға қатысты кiрiс және шығыс хат-хабарының есебін жүргiзедi, сондай-ақ оларға тиісті сатыларға кешiрiм жасау туралы шағым, өтiнiш беру тәртібі мен мерзiмдерiн түсiндiредi. Осы мақсатпен тергеу изоляторының бастығы:

      1) келген сотталғанның жеке iсiн және барлық басқа құжаттарын кезекшiден алады, ол туралы келген адамдарды есепке алудың тәуліктiк ведомосына жазады;

      2) тергеу изоляторында ұсталатын айыпталушыны өлім жазасына на соттау туралы сот үкiмi шығарылған жағдайда, арнайы есепке алу бөлiмiнде жеке iсiн алады және өзiнде сақтайды;

      3) соттан үкiмнiң көшiрмесi түскеннен кейiн арнайы есепке алу бөлiмiнiң бастығымен бiрге сотталғанға қолхат бойынша үкiмнiң көшiрмесiн тапсырады және апелляциялық шағым беру тәртібін түсiндiредi. Өлім жазасына сотталғанның үкiм көшiрмесiн алған жөнiнде қолхатты сотқа жiбередi, ал iлеспе құжаттың көшiрмесiн сотталғанның жеке iсiне тiркейдi;

      4) бiрiншi сатының шығарған сот үкiмiн алған соң 5 жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң аймақтық мекемесiне сотталған жөнiнде мәлімет жiберуге арнайы есепке алу бөлiмiнiң бастығына нұсқау бередi;

      5) бiр тәулікке жеткiзбей, сотталғаннан түскен апелляциялық шағымды сотқа жiберудi қамтамасыз етедi.

      112. Үкiмнiң заңды не аппеляциялық қаулының күшiне енгенi туралы соттың хабарламасы түскен күнi, бiрақ келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, тергеу изоляторының бастығы сотталғанға үкiмнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде хабарлайды. Қосымша бұл туралы хабарлама аппеляциялық қаулыны алғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде ҚСАЕК аумақтық органдарына жiбередi.

      Өлім жазасына сотталғандарға тергеу изоляторының бастығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына кешiрiм жасау туралы өтiнiш беру құқығын, оның мерзiмi мен тәртібін, сондай-ақ өтiнiш дайындауда заңды көмек алу құқығын түсiндiредi.

      Өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген жағдайда, өлім жазасына сотталған мораторий тоқтатылған соң бiр жыл iшiнде, ол мораторий жарияланғанға дейiн немесе мораторий уақытында өтiнiш берген немесе бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруiне құқығы бар.

      113. Тергеу изоляторы бастығының қолымен куәландырылған және мекеменiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген кешiрiм жасау туралы өтiнiштi (33-қосымша) мекеме басшылығының қабылдағанынан үш күннен асырмай Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жолдайды.

      114. Егер өлім жазасына сотталған аталған мерзiм iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiш бермесе немесе ондай өтiнiш беруден бас тартатынын бiлдiрсе, өлім жазасына сотталған ұсталатын мекеме басшылығы осыған байланысты акті жасайды (34-қосымша).

      Үкiмнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл өткеннен кейiн немесе өлiм жазасын орындауға мораторийдiң тоқтатылуына бiр жыл өткеннен кейiн мекеме бастығы немесе оның мiндетiн атқаратын адам, заңдылықтың орындалуын қадағалайтын прокурор және мекеме дәрігерiнiң қатысуымен үш данада акті жасайды, онда өтiнiш бермейтiнi туралы немесе мерзiмiнiң өту себептерi көрсетiледi.

      Мекеме бастығының, прокурордың және дәрігердің қолдары қойылған актiге сотталған қол қояды, егер ол қол қоюдан бас тартса, бұл туралы актiде, қол қоятын адамдардың куәландыруымен арнайы белгi соғылады. Мекеменiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген актiнiң, оның толтыруына 3 күннен кешiктiрілмей 1 данасы сотталғанның тәртібі мінезделетін мәліметтерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жолданады.

      115. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштің не бас тарту туралы актiнің және мiнездеменiң екiншi даналары өлiм жазасына сотталғанның жеке iсiне тігіледі. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштің не бас тарту туралы актiнің үшiншi данасы қылмыстық iстiң материалдарына тiркеу үшін үкiм шығарған сотқа жiберiледi.

      116. Сотталғанға өлім жазасы түрiндегi жазаны (рақымшылық жасау тәртібімен немесе апелляциялық не қадағалау сатысы) бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда мекеме бастығы мiндеттi түрде бұл туралы сотталғанға жариялайды және үкiм шығарған сот пен жазаны орындау заңдылығын қадағалау жөнiндегi прокурорға хабарлайды. Сотталған түзеу мекемесiне жiберілгенге дейiн өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған камерадан кез келген кішігірім камераға ауыстырылады.

      117. Өлім жазасына сотталғанға мекеме бастығы үкiм заңды күшiне енгеннен кейін өсиет қалдыруға немесе мүлiктік сипаттағы өзге де иеліктерге құқығын түсiндiредi.

      118. Өсиет қалдыру, сенiм хат толтыру адвокаттың қатысуымен сотталған ұсталып жатқан мекемеде толтырылады және мекеме бастығымен куәландырылады. Мекеме бастығы аталған құжаттардың толтырылуы және көрсетiлген адресаттарға жiберiлуі туралы анықтама әзірлейді және сотталғанның жеке iсiне тiркейдi.

      119. Өлім жазасына сотталғандардың үкiмдерiн орындау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген орындарда жүргiзiледi.

      120. ҚАЖ комитетiнiң (өлім жазасына сотталған ұсталып жатқан мекеме қарамағындағы) аумақтық басқармасы бастығы алған үкiм шығарған соттың елтаңбалы мөрiмен куәландырылған орындау туралы ұйғарымы өлім жазасы туралы үкiмдi орындауға негіздеме болып табылады, оған мынадай құжаттар тiркелуi тиiс:

      1) соттың өлiм жазасы түріндегі жаза тағайындау туралы үкiмi;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң өлiм жазасына сотталғанға кешiрiм жасау туралы ұсынымды қанағаттандырудан бас тарту немесе рақымшылық жасау актiсiн қолданбау туралы Жарлығы;

      3) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау тәртібімен сот үкiмiне наразылық бiлдiруге негiздемелердің жоқтығы туралы қорытындысы;

      4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қадағалау тәртібімен iстi қарауға негiздемелердiң жоқтығы туралы қорытындысы.

      121. Осы Нұсқаулықтың 120-тармағында аталған соттан алынған құжаттарды, сондай-ақ сотталғанның жеке басын куәландыратын құжатты ҚАЖ комитетiнiң аумақтық басқармасының бастығы ҚР ӘдМ ҚАЖ комитетiнiң төрағасына "Өз қолына" деген белгiсi бар арнаулы құпия пакетпен жiбередi.

      122. Қарамағында өлім жазасына сотталған ұсталатын мекеме бар ҚАЖ комитетi аумақтық басқармасының бастығы ҚАЖ комитетiне шифрлы жеделхатпен өлім жазасына сотталғанға ерекше қарауыл беруге өтінім жiбередi. Қазақстан Республикасы IIМ Iшкi әскер комитетi ерекше қарауыл тағайындаған соң, ҚАЖ комитетi аумақтық басқармасының бастығы мекеме бастығына өлім жазасына сотталғанды бекітілген тергеу изоляторында одан әрі ұстау үшін айдауылдауға нұсқау бередi.

      123. Өлім жазасына сотталғанды айдауылдауға нұсқау алғаннан кейін мекеме бастығы:

      1) оның баратын орнын хабарламай, сотталғанға басқа мекемеге одан әрі ұстау үшiн ауыстырылатынын жариялайды;

      2) оны ерекше қарауылмен баратын жерiне жiберiлуiн қамтамасыз етедi;

      3) айдауыл жөнiндегi барлық құжаттарында, соның iшiнде жеке iсі бойынша анықтаманың 6-тармағында "одан әрі ұстау үшiн" деп көрсетедi;

      4) N 1 нысандағы есепке алу карточкасында "Үкiм бойынша жөнелтілді. Анықтаманы мекеме бастығы бередi" деп белгiлейдi;

      5) кездесу және сәлем-сауқат бөлiмдерiнен анықтама карточкасын, сондай-ақ камералық карточкасы мен дәрігерлiк-санитарлық картасын алып, оларды сотталғанның жеке iсiне тiркейдi;

      6) сотталғанның жеке iсiне оның қамауда ұсталу кезiнде мекемеге жүгінген зайыбының, жақын туыстарының бар-жоғы туралы жазбаларға салыстыру жүргiзедi.

      124. Өлім жазасына сотталғанды бекітілген тергеу изоляторына жiберер алдында және жiберу кезiнде, кешiрiм жасау туралы өтiнiштi қанағаттандырмау немесе рақымшылық жасау актiсiн қолданбау, оның iсi бойынша үкiмдi орындау ұйғарымының болуы туралы хабарлауға тыйым салынады. Туыстарына және өзге де адамдарға өлім жазасына сотталғанның жөнелтілген орны туралы хабарланбайды.

      125. Өлім жазасына сотталған үкiм орындалғанға дейiн өлген жағдайда мекеме басшылығы сотталғанның өлiмi жөнiнде мiндеттi түрде үкiм шығарған сотқа, апелляциялық сотқа (егер сотталған апелляция берсе) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (егер онда сотталғанның материалдары қарауда болса) жеделхатпен хабарлайды.

      Осындай тәртіппен сотталғанға қатысты басқа да өзгерiстер туралы (оның жаңа қылмыс жасағаны, қашып кетуі және тағы да басқа) хабарланады. Сотталғанның өлiмi заңнамада белгiленген тәртіппен тiркеледi.

      126. Өлім жазасына сотталған үкiм орындалғанға дейiн өлгенi туралы туысқандарына адам өлiмi жөнiнде хабар қағаз жiбередi, сонымен бір мезгілде қайтыс болған адамның денесiн беру жөнiндегi мәселе шешiледi.

      127. Үкiмi iске асырылған өлім жазасына сотталғанның қайтыс болуын тiркеу мынадай тәртіппен жүргізіледi:

      үкiмдi орындаған мекеменің әкімшілігі:

      1) сотталғанның жеке басын куәландыратын қоса берілген құжаттарымен бірге қамауда ұстау орынында қайтыс болған адамның өлгені туралы (35-қосымша) хабарламаны өлім жазасы туралы үкiм шығарған сот орналасқан аудандық (қалалық) әділет басқармасына жiбередi.

      Аудандық (қалалық) әділет басқармасына жiберiлетiн хабарламада "Өлiм орыны" деген жолда өлім жазасы туралы үкiм шығарған соттың орналасқан жерін көрсетеді. "Өлiм фактiсiн растайтын құжаттар" деген жолда - қай соттың соттағаны, үкiм шығарған уақытын көрсетеді, өлу себебiн көрсетпейдi;

      2) үкiм шығарған сотқа үш күндiк мерзімде оның орындалғаны туралы өлім жазасына сотталғанның өлiмiн тiркеген аудандық (қалалық) әділет басқармасын көрсетiп, хабар жiбередi (36-қосымша);

      3) үкiм орындалған жердiң ҚСАЕК аймақтық бөлiмiне сотталған жөнiнде хабарламаның (37-қосымша) 2 данасын, соңғысының өлім жазасына үкiм шығарылған жердiң ҚСАЕК аумақтық бөлiмiне және ҚСАЕК орталық органына "үкiм бойынша жөнелтілді" деген белгiсімен үкімнің орындалу фактісін көрсете отырып, бөлек хатпен жiбередi;

      4) өлім жазасының орындалғаны туралы (38-қосымша) және өлiмi туралы куәліктi қай жерден алатын хабарламаны зайыбына немесе сотталғанның жақын туыстарының бiрiне жiбередi.

      128. Үкiм орындалған өлім жазасына сотталғанның мәйiтiн жерлеген жерi туралы ақпарат беру жөніндегі барлық өтініштер мәні бойынша жауап қайтару үшiн ҚАЖ комитетiне жiберiледi. Үкiм орындалған өлім жазасына сотталғанның мәйiтiн жерлеген жерi жөнiнде мәлімет жерленгеннен кейiн екi жыл өткен соң туыстарына хабарланады, одан бұрын ақпарат сұрағандарға, бұл мәселе бойынша жерленгеннен кейiн екi жыл өткен соң өтiнiш беру қажеттiлiгi туралы хабарлайды.

      Үкiм орындалған өлім жазасына сотталғанның зайыбына, туыстарына және өзге де адамдарға үкiм орындалған жерді жария етуге тыйым салынады.

      129. Тергеу изоляторының әкімшілігі, әділет органдары және прокуратура үкiм орындалған өлім жазасына сотталғанның туыстарына және өзге де адамдарға өзгелей ауызша және жазбаша анықтамалар бермейдi.

      Үкiм орындалған өлім жазасына сотталғанның өлiмi туралы куәлiк алу туралы өтiнiш қайта келсе, өтiнiш берушiлерге үкiм шығарған сотқа жүгінгені жөн екені хабарланады".

      33-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-7-қосымшаларға сәйкес 34-39-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы өз қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Төрағасына жүктелсiн.

      6. Осы бұйрық оның мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Министр


КЕЛIСIЛДI


Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары


2-дәрежелi мемлекеттiк әділет кеңесшiсi


2006 жылғы 8 маусым


КЕЛIСIЛДI


Қазақстан Республикасы


Жоғары сотының Төрағасы


2006 жылғы 26 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
1-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
33-қосымша

      Қамауда ұстау орнында қайтыс болған адамның өлімі туралы

      хабарлама

      __________ облысы (қ-сы) Әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің бастығына

      Сотталғанның өлімін тіркеуіңізді өтінемін:

      1.Тегі ___________ 2. Аты _______________ 3. Әкесінің аты___________

      4. Жынысы __________________________________________________________

      5. Ұлты ____________________________________________________________

      6. Өлген уақыты ____________________________________________________

       (үкімнің орындалу күні көрсетіледі)

      7. Өлген жері ______________________________________________________

       (үкім шығарған соттың тұрған орны көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________

       (республика, облыс, аудан, қала (мекен)

      8. Туған жылы 19 ___ жылғы "___" ________.

      9. Туған жерi ______________________________________________________

       (республика, өлке, облыс, аудан, қала (мекен)

      10. Жасы:______________________________________________ жасқа толды.

      11. Қамауға дейінгі тұрақты тұрған жері_____________________________

       (республика, өлке, облыс, аудан,

       қала (мекен) көше, үй, пәтер)

      қамауға дейiн ___________________ жылдан бастап тұрақты тұрған жерi.

      12. Отбасы жағдайы (астын сызу керек): некеде тұрған, ешқашан некеде

      тұрмаған, жалғызбасты, ажырасқан.

      13. Қамауға алынғанға дейін қайда және кім болып жұмыс істеген

      ____________________________________________________________________

      14. Білімі (астын сызу керек): жоғары, аяқталмаған жоғары, арнайы

      орта, жалпы орта, толық емес орта, бастауыш және төмен

      15. Өлгенін растайтын құжаттар______________________________________

       (қай соттың соттағаны және үкім

       шығарылған күн көрсетіледі)

      16. ___________ мекен жайы бойынша үкiм шығарған сотқа өлiмi туралы

      акт жазбасының күнiн және нөмiрiн хабарлауды өтiнемiн.

      Бастық __________________ Мөр ______________________

       (мекеме атауы) қолы

       Қазақстан Республикасы

       Әділет министрінің 2006 жылғы

       9 маусымдағы N 175 бұйрығына

       2-қосымша

       ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі

       N 210 бұйрығымен бекітілген,

       Қазақстан Республикасы

       Әділет министрлігінің

       Қылмыстық-атқару жүйесі

       комитеті тергеу

       изоляторларының арнайы

       есеп бөлімдерінің жұмысы

       туралы нұсқаулыққа

       34-қосымша

      үлгі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

      Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімі

      Астана қаласы

      көшірмесі: Алматы қаласы Алматы қалалық соты

      Акті

      200 __ жылғы "___" _________ ______________ қ-сы

      Біз, төменде қол қоюшылар, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖКБ МЛ-112/6 мекемесінің бастығы әділет полковнигі І.И. Ахметов, Маңғыстау облысы (қаласы) прокуратурасының бас бостандығынан айыру орындарындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуроры әділет аға кеңесшісі И.А. Смирнов, мекеме дәрігері Е.У. Қалибековтің қатысуымен, 200 __ жылғы "__" _____ ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлімінің "б" тармағы бойынша облыстық сот өлім жазасы - атуға соттаған 1955 жылы туған Иван Николаевич Сидоровқа мекеме бастығы 200 __ жылғы "__" _____ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкім заңды күшіне енгені туралы анықтамасын жариялаған. Сонымен бір мезгілде И.Н. Сидоровқа үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде, яғни ___ жылғы __ маусымдағы 24 сағатты қоса алғанға дейін, өлім жазасына мораторий енгізілген жағдайда - мораторидің күші жойылғаннан кейін, ол мораторий жариялағанға дейін не оның қолданылу уақытында қолдаухат бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы қолдаухат беруге оның құқығы бар екені түсіндірілген. Мұндай қолдаухат беру тәртібі мен қолдаухат әзірлеуде заңгерлік көмек алу құқығы да түсіндірілген.

       Көрсетілген мезгілде И.Н. Сидоров кешірім жасау туралы қолдаухат берген жоқ.

       Бүгін, 200 __ жылғы "__" _______, жоғарыда аталған адамдардың қатысуымен, И.Н. Сидоровқа қолдаухат беру мерзімінің өткені туралы хабарланды. Сотталған И.Н. Сидоров себебін айтпай (немесе актіде айтылған себебін көрсету керек), кешірім жасау туралы қолдаухат беруден бас тартатынын мәлімдеген.

       Бұл туралы осы акті жасалды.

       Акті жасаған адамдардың қолы _________________________________

       Осы акті маған жарияланды ________________ (сотталғанның қолы)

      Ескерту: Қол қоюдан бас тартқан жағдайда, акті жасаған адамдар куәландырған белгі соғылады. Акті мекеменің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
3-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
35-қосымша

      үлгі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

      Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімі

      Астана қаласы

      көшірмесі: Алматы қаласы Алматы қалалық соты

      ҚР ҚК-нің _____ баптары бойынша Алматы қалалық соты 200 __ жылғы "__" _____ өлім жазасына соттаған 19 __ жылғы "__" _____ туған __________ кешірім жасау туралы қолдаухатын жіберіп отырмыз, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 200 ___ жылғы "__" ______ қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Мекемеде 200 __ жылғы "__" _______ бастап ұсталған кезең ішінде ұсату режимін бұзған (бұзбаған), ___ рет карцерге қамалған.

       Қосымша: 1. ___ парақта кешірім жасау туралы қолдаухаты.

       2. ___ парақта сотталғанның жеке ісі бойынша сауалнамалық деректері.

      Алматы қаласы және

      Алматы облысы бойынша ҚАЖКБ

      ЛА-155/1 мекемесінің бастығы _________

  (қолы)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
4-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
36-қосымша

      үлгі

       __________________сотының

       (соттың атауы)

       төрағасына

       __________________қ-сы

       Өлім жазасына сотталғанға

       үкімнің орындалуы туралы

       Қашан қай сот және ҚР ҚК-нің қандай бабы бойынша соттаған, үкiм қай сот органының өкiмi бойынша және қашан орындалған (осы хабарламада үкiмнiң орындалу орны көрсетiлмейдi).

       Сотталған (аты-жөні) өлiмiн тiркеу ____________АХАЖ бөлiмiнде

       (АХАЖ органының атауы)

      жүргiзiлдi.

       Бастық __________________ ____________

       (мекеменің атауы) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
5-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
37-қосымша

      Салыстырылған және фамилиялық картотекада

      _________________________ белгiлендi

      N ______________________ жеке ісі

       Сотталған (қамауға алынған) туралы хабарлама

      1. Тегі ____________________________________________________________

      2. Аты _____________________________________________________________

      3. Әкесінің аты ____________________________________________________

      4. 19 ___ жылы "___" _________________________________________ туған

      5. Туған жері_______________________________________________________

       (облыс, қала, аудан, елді мекен)

      6. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмай тұрғанға дейінгі мекен жайы

      ____________________________________________________________________

      7. 200 ___ жылғы "___" ______________ қамауға алынды.

      8. 200 ___ жылғы "___" ______________ сотталды.

       (соттың атауы)

      ________________________ Қылмыстық кодексi ____________________ бабы

       (республикасы)

      мерзімі _____жыл ______ай

      _____________________________ ____________________________________

       (негізгі және қосымша жазалау шаралары)

      ____________________________________________________________________

      (қашан, қандай сотпен аса қауіпті қайталап қылмыс жасаушы деп

      танылды)

      9. Үкім 200 ___ жылғы "___" ______________ заң күшіне енді.

      10. Үкім 200 ___ жылғы "___" ______________ өзгертілді.

       (қаулы және сот атауы)

      200 ___ жылғы "___"_________________________________________________

       (қаулының мазмұны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (келесі беті)

      11. Келдi, кетті

       200 ___ жылғы "___" _____________________________________________

       (мекеменің шартты атауы)

      ____________________________________________________________________ (және оның орналасқан жері, облыс)

      12. Босатылды

       200 ___ жылғы "___" _____________________________________________

       (негiздеме, кiммен және қашан қабылданды

      ____________________________________________________________________

      және оның мазмұны шартты түрде және шартты түрде мерзімінен бұрын

      босатылуы - өтелмеген мерзімі)

      13. Босатылуы бойынша кеткендері

      ____________________________________________________________________

       (таңдап алған тұрғылықты жері)

      14. Белгiлеу бойынша бас бостандығынан айрылған жеріне қайтарылды

      ____________________________________________________________________

       (сот атауы және қаулының шығарылған күні, қандай мерзімде және

       есептеудің басталуы)

      15. 200 ___ жылғы "___" _______________________________ қайтыс болды

      Өлгені туралы хабарлама __________________________________жіберілді.

       (АХАЖ органының атауы және күні)

      16. Хабарламаны әзірлеген

      ____________________________________________________________________

       (мекеменің шартты атауы және оның орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

       (елді мекен, облыс)

      Орындаушы___________________________________________________________

       (қолы, аты-жөні)

      Бастық______________________________________________________________

       (қолы, аты-жөні)

      200 ___ жылғы "__" _______

      Ескерту: 1-6, 16-тармақтар барлық жағдайларда, 8-тармақ сотталғандарға ғана, қалғандары - хабарламаны әзірлеу мақсатына қарай (босатылуы, бас бостандығынан айыру орнына қайтарылуы және сол сияқты) толтырылады (өлшемі 150х210).

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
6-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
38-қосымша

       __________ мекен-жайында тұратын

       азамат _________________________

      Сізді ӨЖ сотталған (тегі, аты, әкесінің аты) (бұдан әрі:, туған жылы және туған жері, қашан, қай сот, ҚР ҚК қандай бабымен сотталған, қай сот органының ұйғарымымен және үкім қашан орындалғаны, күні, айы жылы көрсетіледі) ісі бойынша үкiмнің орындалғаны жөнінде хабардар етеміз.

      Сотталған _______________ -ң өлiмiн тiркеу ___________ облысы Әдiлет департаментiнiң АХАЖ бөлiмiнде жүргізілді.

  Үкімді орындау пунктінің әкімшілігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
7-қосымша
ҚР ӘдМ 2004 жылғы 9 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу
изоляторларының арнайы
есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулыққа
39-қосымша

       ______________ҚАЖКБ N ______

       (облыс атауы)

       тергеу изоляторының бастығына

       Адамның қылмыстық іс бойынша қорғаушы ретiнде қатысуын

       РАСТАУ

       ҚР ҚК ___ бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшiн жазаға тартылған, 19 __ жылғы "__" _______ туған

      ___________________________________________________________ қатысты

       (қамауда ұсталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты)

      азамат __________________ ________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты) (адвокат, кәсіподақ (қоғамдық

       бірлестік) өкілі, өзге тұлға)

      және ____________________________іс жүргізуіндегі N ___ қылмыстық іс

       (қылмыстық процесс жүргізуші

       орган атауы)

      бойынша қорғаушы болып табылатынын хабарлаймыз.

      Растау ___________________________________________________ жарамды.

       (тергеудің барлық кезеңіне, белгілі бір күнге дейін)

      ___________________________________________________қолы ____________

      (қылмыстық іс іс жүргізуінде болатын адамның

       лауазымы, аты-жөні)

       "___"_____________

      КЕЛІСЕМІН

      __________________________________________________ қолы ____________

       (қылмыстық іс іс жүргізуінде болатын орган

       басшысының лауазымы, аты-жөні)

       "___"_____________

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
8-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
9-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
10-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
11-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2006 жылғы
9 маусымдағы N 175 бұйрығына
12-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады