"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4316. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жолаушылар, теңдеме жүк және жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттарды беру тәртібін және беруден бас тарту үшін негіздемелерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502   бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2558 нөмірімен тіркелді, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы N 43-48, 895 беті; ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 3 тамыз 2004 жылғы  N 139 ; 12 қаңтар 2005 жылғы  N 4 ; 28 ақпан 2006 жылғы  N 28 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту Ережелерінде:

      2 тармақтың:
      7) тармақшадағы "!" леп белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

      мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк әуе тасымалдары.";

      8 тармақ мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Бірнеше қарым-қатынасты тұрақты емес ұшулар (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты бірінші ұшу орындаған күн мерзімінен бастап отыз күн мерзімге дейін беріледі.";

      14 тармақтың:
      4) тармақшасы мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады;";

      5) тармақшасы мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады.".

      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года № 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов"

Приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 июля 2006 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июля 2006 года № 4316. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13.08.2010 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования порядка выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов для осуществления перевозок пассажиров, багажа и грузов  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года N 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2558, опубликован в Бюллетене нормативно-правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 года, N 43-48, стр. 895; с изменениями, внесенными приказами Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 августа 2004 г.  N 139 ; от 12 января 2005 г.  N 4 ; от 28 февраля 2006 г.  N 28 ) следующие дополнения:
      в Правилах выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 2:
      в подпункте 7) знак препинания "." заменить на знак препинания ";";
      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) программа чартерных грузовых рейсов - систематически выполняемые воздушными судами одного и того же эксплуатанта по одному и тому же маршруту нерегулярные грузовые авиаперевозки.";
      пункт 8 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Разрешения Комитета гражданской авиации на выполнение серии нескольких взаимосвязанных нерегулярных полетов (четыре и более полетов) выдаются на срок, не превышающий 30 дней от даты выполнения первого полета.";
      в пункте 14:
      подпункт 4) дополнить абзацем следующего содержания:
      "нерегулярный полет является частью программы чартерных грузовых рейсов с частотой выполнения не менее четырех полетов в тридцать дней, планируемых с целью повышения конкурентоспособности на региональном уровне аэропортов городов Астана и Алматы и выполняется по авиационному маршруту, на котором казахстанские авиакомпании осуществляют программу чартерных грузовых рейсов с частотой менее двух полетов в тридцать дней, предшествующих подаче заявки на выполнение указанной программы чартерных грузовых рейсов иностранного эксплуатанта;";
      подпункт 5) дополнить абзацем следующего содержания:
      "нерегулярный полет является частью программы чартерных грузовых рейсов с частотой выполнения не менее четырех полетов в тридцать дней, планируемых с целью повышения конкурентоспособности на региональном уровне аэропортов городов Астана и Алматы и выполняется по авиационному маршруту, на котором казахстанские авиакомпании осуществляют программу чартерных грузовых рейсов с частотой менее двух полетов в тридцать дней, предшествующих подаче заявки на выполнение указанной программы чартерных грузовых рейсов иностранного эксплуатанта.".

      2. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель