"Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 373 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4324. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 918 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.11.2015 № 918 бұйрығымен.

      " Жеке кәсіпкерлік туралы " және " Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1426 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 18) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықта:
      100-тармақтағы "қалалар мен облыстардың ІІББ, ІІБ" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары, облыстардың ішкі істер департаменттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "102. Ішкі істер органдары "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-1 бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтардағы объектілер мен үй-жайларды, олардың техникалық нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл құралдарымен жарақтандырылу талаптарына, сондай-ақ есірткі құралдарымен, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.";

      103-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Акт алдын ала Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі, ҚСжАЕК бөлімшелері жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында тіркеуді осы қалалар мен аудандардың прокурорлары жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары сынақтар қабылдай отырып, осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі А.Ж. Шпекбаевқа, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ. Тоқсейітов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      2006 жылғы 26 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады