Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау туралы ережесін бекіту

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 2006 жылғы 28 маусымындағы N 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4334. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012.06.15 № 126 (ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 1642 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженің  6-тармағына сәйкес,»Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы»Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса тіркеліп отырған Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау туралы ереже бекітілсін.
      2. Аумақтық қаржы полициясы органдарының басшылары осы бұйрықты жеке құраммен зерделеуін ұйымдастырсын.
      3. 2001 жылғы 3 шілдедегі N 1562 тіркелген»Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қаржы полициясы академиясына қабылдау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы N 80  бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И.Лукинға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы     
Экономикалық қылмысқа және   
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (қаржы полициясының) 
Төрағасының          
2006 жылдың 28»маусымындағы  
N 108 бұйрығымен бекітілді  

  Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау ережесі   1. Жалпы ереже

      1. Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 1642  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережесіне, Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 1118 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан  Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың Үлгі  ережелеріне сәйкес реттеледі.

      2. Күндізгі оқыту нысаны бойынша Академиясында оқу үшін жасы он алтыға толған жалпы орта білімі бар, қаржы полициясы мен кеден қызметі қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша қызметке және оқуға жарамды тұлғалар қабылданады.

      3. Академия тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру кадрларды даярлаудың мемлекеттік тапсырысқа енгізу арқылы жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді-   ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007.06.01.  N 96 бұйрығымен.

        4. Оқуға кандидаттарды іріктеуді аумақтық қаржы полициясы және кеден қызметі органдары, сонымен қатар Академия жүргізеді. Кандидаттардың Академияға түсуі олардың арнайы міндетті тексерістен, сондай-ақ қызметке және оқуға жарамдылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық куәландырудан өту шарттарымен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді-   ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007.06.01.  N 96 бұйрығымен.

      5. Кандидаттың оқуға түсуінің жеке ісі Академияның қабылдау комиссиясына жіберіледі. Жеке іске қосымша міндетті түрде: жеке куәлігінің, білімі туралы құжатының көшірмелері тіркеледі. 
      Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және бірыңғай ұлттық тестілеудің сертификаты (бұдан әрі - БҰТ) Академияға келгенде қабылдау комиссиясына тапсырылады.

      6. Аумақтық қаржы полициясы немесе кеден қызметі органдарының кандидатын Академияға оқуға жіберуі туралы шешім Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қабылданады.

      7. Академияның күндізгі оқыту бөліміне түсуге келген кандидаттар казармалық жағдайда тұрады және сол кезеңде сыртқа шығуына тыйым салынады.

      8. Академияға азаматтарды қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бірінші кезеңде - қабылдау  комиссиясы кандидаттарды медициналық, психофизиологиялық және физикалық  көрсеткіштері бойынша осы Ереженің талаптарына сәйкес іріктейді;
      екінші кезеңде - кандидаттарды қабылдау БҰТ-тың нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы баллдарға сәйкес (үстіміздегі жылдың жалпы білім беру мектептерінің түлектері үшін) немесе өткен жылдары жалпы білім беру мектептерінің, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарының түлектері үшін кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;
      үшінші кезеңде - қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу негізінде кандидаттарды Академияның тыңдаушылары қатарына қабылдайды.

      9. Кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлігі) Білім берудің және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының  ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
      Кешенді тестілеу Академияның орналасқан мекен-жайында жүргізіледі. Осы мақсатта кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік комиссия қалыптастырылады. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру ережесі Министрлікпен бекітіледі.
      Кешенді тестілеудің нәтижелерін тексеруден өткізу Академияда жүзеге асырылады.   

  2. Қабылдауды ұйымдастыру

      10. Академияға оқуға қабылдауды ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      11. Күндізгі оқыту нысанына түсу үшін кандидаттардың жеке істерін қабылдау экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі (қаржы полициясы) (одан әрі - Агенттік) Төрағасының бұйрығына сәйкес белгіленеді. 

      12. Кандидаттардың Академияға келуі тиісті жылғы 1 шілдеге тағайындалады.

      13. Кандидаттарды медициналық, психофизиологиялық және тәндік көрсеткіштері бойынша іріктеу тиісті жылғы шілденің 2-нен бастап 6-сы бойынша  жүргізіледі.

      14. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қабылдау комиссиясының шешімдері, емтихандар мен кеңестердің кестесі, дұрыс жауаптардың коды, кешенді тестілеу қорытындылары, сондай-ақ басқа да қажетті ақпараттар ақпарат тақталарына оқуға түсушілерге уақытылы мәліметтер беру мақсатында ілінеді.

  3. Тестілеуді өткізу

      15. Кандидаттардың кешенді тестілеуі тиісті жылғы 7 шілдеде Академияның базасында жүргізіледі.

      16. Кешенді тестілеу кандидаттардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы орта білім беру бағдарламасының көлемінде»050301-Құқықтану,»050303-Құқық қорғау қызметі» және»050304-Кеден ісі мамандықтары бойынша оқуға түсушілерге арналған Үлгі ережелермен белгіленген пән бойынша жүргізіледі.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді-   ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007.06.01.  N 96 бұйрығымен.

      17. Әр пән бойынша тестік тапсырмалардың саны - 30. Кешенді тестілеуге үш астрономикалық сағат беріледі.

      18. Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бір баллмен бағаланады. Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін ең төменгі балл Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде анықталған баллдарға сәйкес болады. Тестіні қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді-   ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007.06.01.  N 96 бұйрығымен.

      19. Дұрыс жауаптың кодтары тестілеуден кейін жауап парақтарын сканерден өткізгеннен соң, бірден тақтаға ілінеді.

      20. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа Министрліктің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттардың ұлттық орталығы белгіленген үлгідегі сертификат береді. Оны тестілеу өткізілгеннен кейін үш тәулік ішінде мемлекеттік комиссиясы табыс етеді.

      21. Қабылдау комиссиясы сертификат алудың кешенді тестілеу нәтижелерін тест өткізілген күні хабарлайды.

      22. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген кандидаттың апелляцияға беруге құқығы бар. Апелляция арызы апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және аппеляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Апелляция комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

  4. Академияға қабылдау

      23. Академияның күндізгі оқыту бөлімі тыңдаушыларының қатарына кандидаттарды қабылдау осы жылғы 9 шілдеде Академияның нақты мамандықтары бойынша конкурстық негізде комиссияның ашық отырысында өткізіледі.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді-   ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007.06.01.  N 96 бұйрығымен.

      24. Конкурсты өткізу кезінде басымдылық құқығына ие болатындар:
      "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар;
      жүлдегер болып табылғандардың таңдаған мамандықтарына олимпиада немесе ғылыми жарыс пәндері сәйкес келген жағдайда, соңғы үш жыл ішінде халықаралық олимпиада мен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың (1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталған) жүлдегерлері, сондай-ақ ағымдағы жылда республикалық олимпиадалар мен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың жүлдегерлері болып табылғандар;
      "Алтын белгі" белгісінің иегерлері кез-келген мамандық бойынша тестілеудің төртінші пәніне қарамастан конкурсқа қатыса алады.

      25. Сертификат баллдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басымдылық құқығы мыналарға:
      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      үздік аттестаттар, куәліктер мен дипломдардың иегерлеріне; 
      аттестаттары, куәліктері немесе дипломдарында аса жоғары орта баллдары бар азаматтарға;
      негізгі пәні бойынша аса жоғары орта баллдары бар азаматтарға беріледі.

      26. Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі Академия бастығының бұйрығымен ресімделеді.

      27. Академия тыңдаушылары қатарына қабылданбаған кандидаттар жеке істерін қайтарумен бірге және қабылданбау себебі көрсетіліп, аумақтық органдарының  қарамағына жіберіледі.

      28. Қабылдау комиссиясы Министрлікке белгіленген нысандар және мерзімдер бойынша ақпарат береді. Қабылдау қорытындысы бойынша Академия бір апта мерзімі ішінде Агенттіке кандидаттарды конкурспен іріктеуді ұйымдастыру және өткізу туралы қорытындылы мәтіндік есебін, сонымен қатар Академияның тыңдаушылары қатарына қабылдау бұйрықтарының көшірмелерін ұсынады.

Об утверждении Правил приема на учебу в Академию финансовой полиции

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 28 июня 2006 года № 108. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2006 года № 4334. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (Финансовая полиция) от 15 июня 2012 года № 126

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (Финансовая полиция) от 15.06.2012 № 126 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с  пунктом 6   Положения о прохождении службы в органах финансовой полиции Республики Казахстан, утвержденного  Указом Президента Республики Казахстан от 6 сентября 2005 года N 1642, руководствуясь подпунктом 5) пункта 3  статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об органах финансовой полиции Республики Казахстан",  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила приема на учебу в Академию финансовой полиции.

      2. Начальникам территориальных органов финансовой полиции организовать изучение данного приказа личным составом.

      3. Признать утратившим силу  приказ Агентства финансовой полиции Республики Казахстан от 6 июня 2001 года N 80 "Об утверждении Правил приема в Академию финансовой полиции Агентства финансовой полиции Республики Казахстан", зарегистрированный 3 июля 2001 года за N 1562.

      4. Контроль за исполнением приказа возложить на заместителя Председателя Агентства генерал-майора финансовой полиции Лукина А.И.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель

Утверждены приказом          
Председателя Агентства         
Республики Казахстан по        
борьбе с экономической и        
коррупционной преступностью      
(финансовая полиция)         
от 28 июня 2006 года N 108      

  Правила приема на учебу
в Академию финансовой полиции

  1. Общие положения

      1. Правила приема на учебу в Академию финансовой полиции (далее - Академия) разработаны в соответствии с Положением о прохождении службы в органах финансовой полиции Республики Казахстан, утвержденным  Указом Президента Республики Казахстан от 6 сентября 2005 года N 1642, Типовыми правилами приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан (далее - Типовые правила), утвержденными  приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 марта 2000 года N 247 (зарегистрированный в Реестре Государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1118).
      2. На учебу в Академию по очной форме обучения принимаются лица, достигшие шестнадцатилетнего возраста, имеющие среднее общее образование, по состоянию здоровья годные к службе и учебе в органах финансовой полиции и таможенной службы.
      3. Формирование контингента слушателей Академии осуществляется посредством размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров.
       Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью от 1 июня 2007 г.  N 96 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      4. Отбор кандидатов на учебу проводят территориальные органы финансовой полиции и таможенной службы, а также Академия. Поступление кандидатов в Академию осуществляется при условии прохождения ими обязательной специальной проверки, а также медицинского освидетельствования в военно-врачебных комиссиях системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан для определения годности к службе и учебе.
       Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью от 1 июня 2007 г.  N 96 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      5. Личное дело кандидата на поступление направляется в приемную комиссию Академии. Дополнительно к личному делу в обязательном порядке прилагаются копии: удостоверения личности, документа об образовании.
      Оригинал документа об образовании и сертификат единого национального тестирования (далее - ЕНТ) предоставляются в приемную комиссию по прибытию в Академию.
      6. Решение о направлении кандидата территориального органа финансовой полиции или таможенной службы на учебу в Академию, принимается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Кандидаты, прибывшие в Академию для поступления по очной форме обучения, находятся на казарменном положении без права выезда на период поступления.
      8. Прием граждан в Академию осуществляется в три этапа:
      на первом этапе - приемная комиссия проводит отбор кандидатов по медицинским, физическим и психофизиологическим показаниям в соответствии с требованиями настоящих Правил;
      на втором этапе - прием кандидатов осуществляется в соответствии с баллами сертификата, выданного по результатам ЕНТ (для выпускников общеобразовательных школ текущего года) или по результатам комплексного тестирования для выпускников общеобразовательных школ прошлых лет, выпускников начальных и средних профессиональных учебных заведений;
      на третьем этапе - приемная комиссия на основе конкурсного отбора зачисляет кандидатов в число слушателей Академии.
      9. Комплексное тестирование проводится Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство) по технологии, разработанной Национальным центром государственных стандартов образования и тестирования Министерства.
      Комплексное тестирование проводится по месту нахождения Академии. Для этой цели создается государственная комиссия по организации и проведению комплексного тестирования. Правила организации деятельности государственной комиссии утверждаются Министерством.
      Обработка результатов комплексного тестирования проводится в Академии.

  2. Организация приема

      10. Организация приема на учебу в Академию осуществляется приемной комиссией Академии.
      11. Прием личных дел кандидатов для поступления на очную форму обучения устанавливается согласно соответствующему приказу Председателя Агентства по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) (далее - Агентство).
      12. Прибытие кандидатов на место дислокации Академии назначается на 1 июля соответствующего года.
      13. Отбор кандидатов по медицинским, психофизиологическим и физическим показателям проводится со 2 по 6 июля соответствующего года.
      14. Информация о порядке приема, решения приемной комиссии по организации и проведению приема, расписания экзаменов и консультаций, коды правильных ответов, результаты комплексного тестирования, а также другая необходимая информация помещаются на информационные стенды для своевременного доведения до сведения поступающих.

  3. Проведение тестирования

      15. Комплексное тестирование кандидатов проводится 7 июля соответствующего года на базе Академии.
      16. Комплексное тестирование проводится по желанию кандидатов на казахском или русском языках в объеме учебных программ среднего общего образования по предметам, определенных Типовыми правилами для поступающих на специальности "050301-Юриспруденция", "050303-Правоохранительная деятельность" и "050304-Таможенное дело".
       Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью от 1 июня 2007 г.  N 96 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      17. Количество тестовых заданий по каждому предмету - 30. На комплексное тестирование отводится три астрономических часа.
      18. Правильный ответ на каждое тестовое задание оценивается одним баллом. Минимальный уровень баллов, необходимый для участия в конкурсе на зачисление в число слушателей, соответствует баллам, определенным Типовыми правилами приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан. Пересдача тестирования не разрешается.
       Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью от 1 июня 2007 г.  N 96 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      19. Коды правильных ответов вывешиваются сразу после окончания сканирования листов ответов, которое проводится после тестирования.
      20. По результатам комплексного тестирования каждому кандидату Национальным центром государственных стандартов образования и тестирования Министерства выписывается сертификат установленного образца, который выдается государственной комиссией в течение трех суток после проведения тестирования.
      21. Результаты комплексного тестирования на получение сертификатов объявляются приемной комиссией в день его проведения.
      22. Кандидат, не согласный с результатами тестирования, имеет право на апелляцию. Заявление на апелляцию подается в апелляционную комиссию до 13.00 часов следующего дня после объявления результатов тестирования и рассматривается апелляционной комиссией в течение суток. Председатель апелляционной комиссии утверждается приказом Министра образования и науки Республики Казахстан.

  4. Зачисление в Академию

      23. Зачисление кандидатов в число слушателей Академии проводится 9 июля соответствующего года на открытом заседании приемной комиссии на конкурсной основе по конкретным специальностям Академии.
       Сноска. Пункт 23 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью от 1 июня 2007 г.  N 96 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      24. При проведении конкурса преимущественное право имеют:
      учащиеся, награжденные знаком "Алтын белгі";
      победители международных олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами I, II, III степеней) последних трех лет, а также победители республиканских олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам текущего года при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады или научного соревнования, по которому они являются победителями.
      Обладатели знака "Алтын белгi" могут участвовать в конкурсе по любой специальности вне зависимости от четвертого предмета тестирования.
      25. В случае одинаковых показателей баллов сертификатов преимущественное право на зачисление имеют:
      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;
      обладатели аттестатов, свидетельств или дипломов с отличием;
      граждане, имеющие наиболее высокий средний балл аттестата, свидетельства или диплома;
      граждане, имеющие наиболее высокий средний балл по профильному предмету.
      26. Решение приемной комиссии о зачислении на учебу оформляется приказом начальника Академии.
      27. Кандидаты, не зачисленные в число слушателей Академии, откомандировываются в распоряжение территориальных органов с возвращением личных дел и указанием причины не зачисления.
      28. Приемная комиссия представляет в Министерство информацию по установленным формам и срокам. По результатам приема Академия в недельный срок предоставляет в Агентство итоговый текстовый отчет по организации и проведению конкурсного отбора кандидатов, а также копии приказов о зачислении слушателей в Академию.