"Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4393. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2016 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығына (2869 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 261 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 және 3-тармақтардағы "Астана және Алматы қалаларының ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, КІІБ-нің" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген»Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы нұсқаулықта:
      6-тармақтағы "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ, көліктегі ІІБ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы полиция басқармасы" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Арнайы полиция басқармасы (бұдан әрі - Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД және Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК АПБ)" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      барлық мәтін бойынша "Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың ІІББ-ІІБ", "Астана, Алматы қалалары ІІББ", "облыстардың және көліктегі ІІББ-ІІБ", "облыстардың және көліктегі ІІББ-ІІБ", "ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "69. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД-нің, қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының басшылары "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-1-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде лицензиялау-рұқсат ету жүйесінің объектілерін тексеруді ұйымдастырады.
      Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының басшылары атыс қарулары бар ірі объектілерді және жарылғыш материалдардың базистік қоймаларын тексеруге екі тоқсанда кемінде бір рет жеке қатысуы тиіс.
      70. Кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын лицензиялау-рұқсат ету жүйесінің әрекетіне түсетін бұйымдар мен құралдарды сақтайтын объектілер бұрын жүргізілген тексерулердің мерзіміне қарамастан әрбір жағдайда: бұйымдар мен құралдарды сақтауға рұқсатты ұзартуды ресімдеу, бұйымдар мен құралдарды сақтау орнының өзгеруіне байланысты рұқсатты қайта ресімдеу кезінде, рұқсат оның атына берілген басшы ауысқанда, бұйымдардың саны, қойманың сыйымдылығы өзгергенде тексеріледі.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 24.02.2015 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары сынақтар қабылдай отырып, осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі А.Ж. Шпекбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ. Тоқсейітов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы генерал-лейтенант
      2006 жылғы 27 шілде

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      2006 жылғы 22 тамыз

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      армия генералы
      2006 жылғы 4 тамыз

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2006 жылғы 26 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады