Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 472 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4438 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 737 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.18 N 737 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Жарнама туралы" Заңдарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (Г.Н.Әбішева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы»10 қазандағы    
N 475 бұйрығымен бекітілген

  Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" және "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген және медициналық қызметтің және алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары (бұдан әрі - медициналық қызмет пен емдеу әдістері) жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру тәртібін анықтайды. K090193

      2. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасына рұқсат беру мен бақылауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) жүзеге асырады.

      3. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерін тарату және орналастыру үшін мынадай құралдар пайдаланылады: мамандандырылған медициналық басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, анықтама-ақпараттық орталықтар, медициналық білімі бар мамандарға арналған ғылыми конференциялар, симпозиумдар, көрмелер, акциялар, халыққа сұрау салуды жүргізу, медициналық қызметке қатысы бар орындардағы сыртқы жарнама.

  2. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

      4. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасы анық, арнайы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай-ақ танылатын болуы керек.

      5. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасы жарнамалық материалды алдын ала сараптаудан өткізгеннен кейін мемлекеттік органның рұқсат беруі негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік орган жарнама берушіге медициналық қызмет және емдеу әдістерінің жарнамасына рұқсат бергеннен кейін ғана жарнама таратушы жарнаманы орналастырады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама оны тарату орны мен құралдарына қарамастан мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да тілдерде таратылады. Жарнаманың мазмұнын бір тілден екінші тілге аударғанда оның негізгі мағынасынан ауытқымауы тиіс.

      8. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасы:
      1) ғалымдардың, денсаулық сақтау қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің немесе жеке белгілігі және (немесе) мүдделігі салдарынан медициналық қызметті қолдануды көтермелеуі мүмкін өзге де тұлғалардың ұсыныстарына сілтеме жасауы;
      2) медициналық қызмет пен емдеу әдістерін барынша тиімді және қауіпсіз ретінде ұсынуы;
      3) симптомдары сипаттауға немесе практикадан жалған диагностика мен өзіндік диагностикаға әкелуі мүмкін жағдайларды көрсетуі;
      4) жарнамаланатын медициналық қызметтің емдеу тиімділігі кепілді болып табылатындығына және тағайындау қосалқы әрекеттердің дамуымен қоса жүрмейтіндігіне болжау туғызбауы;
      5) адам денсаулығының медициналық қызметті қолданбағандықтан төмендеуі мүмкін деп сендіруі;
      6) жарнамалық әсерді күшейту мақсатында басқа да медициналық қызметтермен дөрекі салыстыруларға жол бермеуі;
      7) сауығу туралы сын-пікірлерге сілтеме жасалмауы, дұрыс емес немесе қателесуге әкелетін терминдермен жазылмауы тиіс.

      9. Қолдануға лицензиясы және (немесе) рұқсаты, сондай-ақ белгіленген тәртіппен олардың жарнамасына берілген рұқсаты болмаған жағдайда медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасына жол берілмейді.

  3. Жарнамаға рұқсатты ресімдеу және беру

      10. Жарнама беруші медициналық қызмет және емдеу әдістерінің жарнамасына рұқсат алу үшін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз хабарламадағы жарнамалық ақпараттың мәтіні;
      3) жарнаманы теледидар арналары мен радиоға орналастыру кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазба түріндегі жарнамалық ақпараттың мәтіні;
      4) медициналық қызметті жүзеге асыруға қосымшалары бар лицензияның нотариалды расталған көшірмесі.

      11. Құжаттардағы барлық ақпарат тексеруге келетін нақты және жеткілікті түрде толық болуы қажет.

      12. Басқа ғылыми медициналық журналдардан немесе басқа ғылыми басылымдардан қолданылған цитаттар, кестелер, көрнекі материалдар түпнегізге арналған сілтемелермен дәл келуі керек.

      13. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өтінішті алғаннан кейін 30 күннің ішінде жарнамаға рұқсат беруі немесе негізделген бас тартуы бар жазбаша жауап береді.

      14. Жарнама берушінің медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасына рұқсат алу үшін тапсырған құжаттары мен материалдары мемлекеттік органда сақталады.

      15. Жарнамаға рұқсат беру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес арнайы бланктерде ресімделеді.

      16. Жарнамалық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік орган берген рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында 1 жылға дейін жарамды.
      Жарнама беруші жарнамалық қызметті одан әрі жүзеге асыру үшін мемлекеттік органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта ұсынады.

  4. Қорытынды ережелер

      17. Рұқсат алуға тапсырылған жарнаманың материалдары сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік орган жарнамаға рұқсат беруді қайтара алады.

      18. Медициналық қызмет пен емдеу әдістерінің жарнамасына рұқсат беру кезінде туындаған даулы жағдайларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қарайды.

                                     Медициналық қызметтерді, алдын
                                    алудың, диагностиканың, емдеудің
                                    және медициналық оңалтудың жаңа
                                    әдістері мен құралдары жарнамасы
                                    және олардың жарнамасына рұқсат
                                              беру ережесіне
                                                 1-қосымша

Өтініш беруші:_____________________________________________________
Өтініш берушінің мекен-жайы:_______________________________________
Байланыста болуы тиіс (егер өтінішті ұйым берсе) өкіл (уәкілетті
тұлға):____________________________________________________________
___________________________________________________________________
               (Тегі, аты, әкесінің аты, қызметі)
Телефон: __________ Факс: ____________

                            Өтініш

Осы өтінішпен _____________________________________________________
                           (мемлекеттік органның атауы)
медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің
және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының
жарнамасына рұқсат беруіңізді сұраймыз.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Өтінішке қоса беріліп отыр:
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз хабарламадағы
жарнамалық ақпараттың мәтіні;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне- аудиожазбалардың
жарнамалық ақпараты;
      қосымшасымен медициналық қызметке арналған лицензияның
көшірмесі.

      Өтініш берушінің қолы
 
        Өтінішті қабылдады ____________________________________
                      (Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) (күні) 

М.О.

                                     Медициналық қызметтерді, алдын
                                    алудың, диагностиканың, емдеудің
                                    және медициналық оңалтудың жаңа
                                    әдістері мен құралдары жарнамасы
                                    және олардың жарнамасына рұқсат
                                              беру ережесіне
                                                 2-қосымша

     Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың,
     емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен
              құралдарының жарнамасына рұқсат беру

       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
       Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті

              200___ж. ________________N_______ рұқсат
__________________________________________________________________
                 (уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________________
Ұсынылған материалдарды: -аудио, -бейне, -компьютерлік, жарнаманың
мәтінін зерттеп (керегінің астын сыз), Медициналық қызметтерді,
алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарының жарнамасына рұқсат береді.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
 
   Мынадай мазмұндағы жарнама______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                 (жарнаманы қысқаша сипаттау)

Жарнама мамандандырылған басылымдарда, бұқаралық ақпарат
құралдарында 200 жылдың "___"______бастап 200__ жылдың
"__"__________ дейін жүргізілуі мүмкін. (керегінің астын сыз)

Мемлекеттік орган басшысының қолы___________________

М.О.

Сараптамаға ұсынған материалдармен жарнамалық хабарландыру
материалдарының сәйкес келмегендігі үшін жарнама берушілер мен
жарнама таратушылар жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады