"Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 437 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4445 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 554 Бұйрығымен.

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
 

      1. "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3720 болып тіркелген, 2006 ж. 2 маусымдағы N 99-100 (906) Заң газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229  бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында:
 

      1-тармақта "бұлақ каптаждарын" деген сөздерден кейін ", су құйылатын құдықтарды, су құйылатын резервуарларды, су таситын поездарды, су таситын автокөліктерді" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) су таситын автокөлік - халыққа шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы автомобиль көлігін құралы;
      2) су алу құрылғысы - тұтынушыға су беруге арналған су объектілерінен су алу құрылғылары мен құралдардың кешені;
      3) су таситын поезд - су құбыры мен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері жоқ елді-мекендерге шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы темір жол цистерна-термостарынан және кластық вагондардан тұратын арнайы жабдықталған поезд;
      4) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау - суды пайдалану орындарына бермей, жалпы немесе жеке пайдалану үшін ашық ауыз суын алуға арналған құрылғылар;
      5) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры қондырғыларын және олардың айналасындағы аумақты ластанудан қорғау мақсатында белгілі тәртіп орнатылуы тиіс, сумен жабдықтау көзі мен су құбыры қондырғыларының айналасында арнайы бөлінген аумақ;
      6) каптаж - пайдалану мақсатында жер асты суларының табиғи жолмен ашылып, жер бетіне шығуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қондырғы;
      7) сырттан әкелінетін сумен жабдықтау - су құбыры және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері жоқ елді-мекендерге шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне арналған суды жеткізу;
      8) бұлақ (қайнар) - жер асты суының жер бетіне табиғи жинақы шығуы;
      9) ұңғыма - жер асты суын жер бетіне көтеруге арналған қондырғы;
      10) су құятын резервуар - елді-мекен су құбырының су тарататын желісіне жібере отырып, шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін сырттан әкелінетін суды құюға арналған топыраққа терең енгізілген немесе топырақпен көмкерілген ыдыс. Су құятын резервуарлар бетінде диаметрі 0,7 метр, құлыпталатын ауыздықты люгы бар құйма немесе құрама темір бетоннан жасалуы қажет;
      11) құбырлы құдық - іргелері қаптаушы құбырлармен бекітілген, цилиндрлі тігінен тұрған арналар түрінде келетін, жер асты суын алуға арналған қондырғы;
      12) шахта құдығы - сумен қамтамасыз ету мақсатында жер асты суын алу үшін жасалған тереңдігі көлденең кесімінен жоғары келетін тігінен тұратын жер қыртысының қазбасы.";
 

      мынадай мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
      "7. Суды жеткізу бойынша су құятын құдыққа, су құятын резервуарларға, көлік құралдарына және су толтыру пункттеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
      36. Су құятын құдықтың орналасқан жері мен құрылысы осы санитарлық ереженің 7, 18, 19, 23-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап беруі тиіс.
      37. Люк резервуардың ішіне шаңды, топырақты, сондай-ақ жаңбыр және көктемгі сел кезінде суды жібермейтін жаппаның үстінде орналасуы тиіс.
      38. Резервуар жәндіктер мен басқа да заттардың резервуардың ішіне түсуін болдырмайтын сүзгісі бар биіктігі 2 метр желдеткіш құбырымен жабдықталуға тиіс. Резервуар қоршалған болуы тиіс.
      39. Резервуардың түбі еңіс болуы, ал оның түпкі бөлігі люк ернеуінің астында орналасуы қажет. Резервуардың түпкі бөлігіне шөгінділерді, сондай-ақ резервуарды жуу және зарарсыздандырудан кейінгі суды шығару жүзеге асырылатын қарау құдығымен байланысатын су ағысын реттейтін тосқауылы бар құбыр орнатылуы қажет.
      40. Су құятын құдықтарды және резервуарларды алдын ала тазалау, дезинфекциялау жылына 2 рет, сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіш бойынша суды зерттеудің қанағаттанғысыз нәтижесін алған кезде жүргізіледі. Дезинфекция зарарсыздандыру құралымен бүрку әдісімен немесе көлемді әдіспен жүргізілуі қажет. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша судың сапасын қолдау үшін керамикалық мөлшерлеу патрондарын орнатуға болады.
      41. Әрбір су таситын поезд оларды су құятын келте құбырларға жалғастыруға мүмкіндік беретін шлангімен жабдықталуы қажет. Тұтынушылардың суды цистернадан тікелей алуы үшін олар арнайы су құбырының крандарымен жабдықталуы қажет.
      42. Цистерналар судың толық төгілуіне арналған құрылғылармен жабдықталуы қажет. Су жіберу крандары цистернаның ең төменгі бөлігіне жасалады.
      43. Цистерналар люктерінің қақпақтары су құю станцияларында ғана ашылуы және жабылуы қажет. Люктің және крандардың қақпақтарының кілттері су құятын поездарды жөнелтетін жұмысшыда сақталуы қажет.
      44. Цистерналар жазғы уақытта судың ысуын және жылдың салқын кезеңінде қатып қалуын болдырмау үшін жылу сақтайтын материалдармен жабылуы қажет.
      45. Цистернаның сыртқы екі жақ бетінде "Ауыз су" деген жазу болуы қажет.
      46. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылуы қажет.
      47. Цистерналар жуу және зарарсыздандырудан кейін ауыз сумен толтырылады, содан кейін қалдық хлор мен микробиологиялық көрсеткішке сынама алынады. Бақылаудың нәтижесі арнайы журналға енгізіледі.
      48. Суды құюға және төгуге арналған шлангілер мен басқа да қажетті мүккәмал су таситын поездың қызметтік вагонының арнайы бөлімінде сақталады.
      49. Су таситын поезға қызмет етуші адамдар су таситын автокөліктің жүргізушісі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2656 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобының міндетті медициналық қараудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығына сәйкес медициналық қараудан өтуі, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқытудан өтуге тиіс.
      50. Су таситын автокөліктерді тікелей бағыт бойынша ғана пайдалану және сапалы ауыз суымен толтыру қажет, техникалық сумен толтыруға болмайды.
      51. Су таситын автокөлік цистернасының сыртқы бетінде "Ауыз су" деген жазу болуы қажет.
      52. Су таситын автокөлік цистернасының люгінде құлыппен жабылатын, нығыздаушы қақпағы болуы, ал су тарату келте құбырларында және кранда, сумен толтыруға арналған шлангінің келте құбырларында қозғалыс кезінде олардың ластануынан сақтайтын тысы болуы қажет.
      53. Әр цистерна алдын алу мақсатында 3 айда кемінде бір рет тазартылуы, жуылуы, дезинфекциялануы тиіс. Дезинфекция цистернаның ішкі қабырғаларына су бүрку әдісімен немесе көлемді әдіспен жүргізілуі қажет. Сол сияқты бұл жұмыстар суды зерттеудің қанағаттанғысыз нәтижелерін алған кезде жүргізілуі тиіс.
      54. Су таситын поездың цистерналарын сумен толтыру су колонкаларымен жүргізілуі тиіс.
      55. Су таситын поездың цистерналарындағы, су таситын автокөліктегі, су құятын резервуардағы судың сапасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығымен бекітілген "Ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінің су сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларының талаптарына жауап беруге тиіс (су құятын құдықтардың микробиологиялық көрсеткіштерінен басқа). Су құятын құдықтарда су микробиологиялық көрсеткіш бойынша осы санитарлық ереженің 2-қосымшасына сәйкес сапа көрсеткішіне сәйкес болуы қажет.".
 

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
 

      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В. Акрачкова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А. Ақановқа жүктелсін.
 

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі 

      2006 жылғы 9 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады