"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік Қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4494 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 139 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 139 қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы, қаржы орталығы қатысушылары қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыратын, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгіленсін.
      2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан соң - Агенттік) Заң басқармасы осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуі бойынша шаралар жүргізсін.
      3. Агенттіктің Даму Департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он күн ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігіне, "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне хабарласын;
      2) Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      5. Осы бұйрықтың жүзеге асырылуын бақылауды өзіме жүктеймін.

       Төраға м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады