Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін балық шаруашылық су тоғандарын (телімдерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N А-10/387 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 20 қарашада N 3201 тіркелді

      Ескерту. 1-тармақты және қосымшаны қоспағанда, қаулының күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 23.10.2015 № А-11/494 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы""Қазақстан Республикасының Заңына, "Балық аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына, "Балық шаруашылығы су тоғандарын (телімдерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысына сәйкес, әлеуетті табиғат пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (телімдерін) бекітіп беру және кәсіптік, спорттық п-п әуесқой балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның N 14 хаттамасы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін Ақмола облысының балық шаруашылығы су тоғандары (телімдерін) пайдаланушыларға қосымшаға сәйкес 10 жыл мерзімге бекітіліп берілсін.
      2. Осы қаулының күші 2006 жылдың 11 қазан айынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Отаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі

  Ақмола облысы әкімдігінің
2006 жылғы 9 қарашадағы
N а-10/387 қаулысына
1 ҚОСЫМША

      Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін пайдаланушыларға
      10 жыл мерзімге бекітіліп берілетін Ақмола облысы бойынша
      балық шаруашылығы су тоғандарының (телімдерінің)
      ТІЗІМІ

р/с

Табиғат пайдаланушылардың атауы

Су тоғандарының атаулары

Ақкөл ауданы
1
ЖК "Салова""
Камышное N 2 к.
2
ЖК "Борилко""
Ақкөл к. телімі
Аршалы ауданы
1
"Жасмин-Астана құрылыс""ЖШС
Вячеславское су тоғанның N№2 телімі
Астрахан ауданы
1
"Хмелевка" ШҚ"
Жалтыркөл к., N 14 (Лысое) әуіті
Буланды ауданы
1
ЖК "Музыкин""
Прохороколоколовское к.
2
ЖК "Чистяков""
Шушкунбай к., Таубай к.
3
ЖК "Рахимов""
Қыстау-Қарағай бөгеті
Жақсы ауданы
1
ЖК "Ковач""
Қалмақ-көл к. телімі.,
Байжігіт к.
Жарқайың ауданы
1
"АБС Жаркөл" ЖШС"
Жаркөл к.
2
ЖК "Ковач""
Сарыоба к., Сантас бөгеті
Егіндікөл ауданы
1
"Юго - восток 8" ЖШС"
Ұзынкөл к., Садырбай к., Қоскөл к.
2
"Арман" ШҚ"
Самарбай к.
Еңбекшілдер ауданы
1
"Базарбеков" ШҚ"
Намазгүл к.
Ерейментау ауданы
1
ЖК "Рыков В.В.""
Қоржынкөл к. уч., Ащикөл к. телімі., Майкөл к. телімі
2
"Центр - металл мокша" ЖШС"
Қоржынкөл N 1телімі
Зеренді ауданы
1
"Кіші-Түкті" ЖШС"
Мало - Тюктинское к., Пухальское к. (Бірқыз)
2
"Гринвуд ЛТД" ЖШС"
Семфиропольская әуіті
3
ЖК "Борилко""
Мырзакөлсор к., Ахметжансор к.
4
ЖК "Кериков""
Қылкөл к.
5
ЖК "Спиглазов""
Айдабол к.
Қорғалжын ауданы
1
"Балык ЗС" ЖШС"
Шалқар к. N 6 телімі
Целиноград ауданы
1
"Центр - металл мокша" ЖШС"
Острый Камень к.
2
ЖК "Мырзаханов М.С.""
Шұбар бөгеті
Шортанды ауданы
1
ЖК "Майка А.А."
("Золотая Нива" ШҚ)
Қаражар бөгеті
2
"Жасмин - Астана құрылыс" ЖШС"
Дамсина бөгеті
3
ЖК "Жапаров Д.М.""
Заимка ә., Матушкино ә.
Щучье ауданы
1
"Арай" ШҚ"
Жөкей к.
2
ЖК "Борилко""
Балықты к. телімі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады