Байланыс формасы

Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 200 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы № 272 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 шілдеде N 3185 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ және облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес:

      Аққұдық ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 52167 гектар аумақты және онда орналасқан Көктау және Қарабаз елді мекендерін шығара отырып;

      Көктөбе ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 37745 гектар аумақты және онда орналасқан Көшенсай ауылын шығара отырып, шекаралары өзгертілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес құрамына жалпы көлемі 89912 гектар аумақты, онда орналасқан Көктау, Қарабаз және Көшенсай елді мекендерін қоса отырып, әкімшілік орталығы Көктау ауылы деп белгілеп, Көктау ауылдық округі құрылсын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Хромтау ауданының әкiмi (О.Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.

      4. "Ақтөбе облысының қаржы департаменті" ММ (С. Енсегенұлы) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстауды қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешсін.

      5. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      6. "Ақтөбе облысы бойынша жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

      7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады