Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ суды пайдаланудың Ережелері туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 қыркүйектегі N 293 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 28 қыркүйекте N 3188 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 312 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010.07.14 № 312 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

       Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына сәйкес  облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ суды пайдаланудың Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына (Құрманғазин Е.А.) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы

Облыстық мәслихаттың   
2006 жылғы 12 қыркүйектегі 
      N 293 шешіміне ҚОСЫМША  

Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ суды пайдаланудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Жалпы ережелер

      1. Ортақ суды пайдаланудың Ережелері Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасы негізінде әзірленді.
      2. Ортақ суды пайдалануға жататын су нысандары:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде;
      2) күшті су тасқыны қаупін туғызатын су нысандарынан басқа, жалпы демалу, туризм және спорттық нысандары қайта қалпына келтіру мақсаттарында;
      3) ескекті және желкенді қайықтарда жүзу үшін;
      4) малды суару үшін.
      3. Ортақ суды пайдалану, ортақ суды пайдаланудың нысандарында жатпайтын су нысандарында жүргізілуі мүмкін және рұқсаттың болуын талап етпейді.
      4. Осы Ережелер, қалалық (облыстық маңызы бар және аудандық) жергілікті өкілді органдармен, аумақтық ерекшеліктерді ескере отыра, су нысандары үшін Ортақ суды пайдалану Ережелерін (әрі қарай - Ережелер), бекітудің тәртібін реттейді және барлық заңды және жеке тұлғалармен, олардың меншік және азаматтық нысандарына қарамастан орындалуы міндетті.
      5. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және ветеринария саласында қызметті іске асырушы органдарымен келісіп шомылуға, ауыз-су және тұрмыстық қажеттіктерге су алу үшін, малды суаруға тыйым салынған орындарды белгілейді, сонымен қатар, сәйкесті, жергілікті өзін-өзі басқару органының аумағында орналасқан су нысандарынан ортақ суды пайдаланудың өзге де шарттарын анықтайды.
      6. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету су нысандары иегерлерінің жауапкершілігі мен міндеттері, суды пайдаланушылар және ұйымдар (меншіктің түріне қарамастан) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен анықталады.

2. Ерекше жағдайлардағы ортақ суды пайдалану

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін, тұрғылықты халықтың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарында жекелеген су нысандарын немесе олардың бөліктерін пайдалануға шектеулер, тоқтата тұрулар немесе тыйым салулар енгізілуі мүмкін.
      8. Ортақ суды пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатының жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы, (облыстық маңызы бар және аудандық) қалалық жергілікті өкілді органдарына өтініш тапсырады, онда оларды қабылдаудың қажеттігі негізделеді.
      9. Ортақ суды пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату жөніндегі шығындар, осы су нысандары оларға заңды және жеке тұлғалар немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі.
      10. Бекітілмеген су нысандарында Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнату жергілікті атқарушы органдармен қамтамасыз етіледі.
      11. Су нысандарын ортақ суды пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су нысандарын ластану мен қоқымданудан қорғайтын құрылғылар болса ғана рұқсат етіледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суару алаңдарын жайластыру жөніндегі шараларды жүргізеді.
      12. Суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су нысандарында, ортақ суды пайдалану, суды кешенді пайдаланудың талаптарын ескере отырып, аң және балық шаруашылығы ұйымдары мен кәсіпорындары келісім берген жағдайда мүмкін болады.
      13. Жүзудің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ескекті және желкенді кемелердің қозғалыстарын шектеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.
      14. Шомылуды шектеу және тұрғындарды басқа да жағдайларда ортақ суды пайдалануды жүзеге асыруға шек қою туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы ақпараттандыру белгілері арқылы жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады