Эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды бөлшектік сату орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық әкімиятының 2006 жылғы 19 мамырдағы N 873 қаулысы. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 31 мамырда N 3-1-51 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 3679 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012.11.26 № 3679 Қаулысымен.

       Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 12 маусымдағы қаулысын орындау және эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды сататын сауда орындарының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында және 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 27 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының3337 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды бөлшектік сату орындарының тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ.Көшербаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі

2006 жылғы 19 мамырдағы   
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 
N 873 қаулысына       
ҚОСЫМША           

Эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды бөлшектік сату орындарының тізімі

Ұйымның атауы Мекен-жайы

1.

Әуежай ғимараты

Ақтөбе қ., Авиагородок, 1

2.

Темір жол вокзалының ғимараты

Ақтөбе қ.,Привокзальный көшесі, 1

3.

Автовокзалдың ғимараты

Ақтөбе қ., 312 Атқыштар дивизиясы көшесі, 4

4.

Бас поштаның ғимараты

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 62

5.

"Ақтөбе" қонақ үйі

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 62

6.

"Әлем" кітап дүкені

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 67

7.

"Эконимик'c" кітап дүкені

Ақтөбе қ., Есет Батыр көшесі, 130

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады