2004 жылғы 13 сәуірдегі "Алматы облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" 5-40 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 4 қазандағы N 31-245 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 қарашада N 1972 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 40-230 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010.12.27 N 40-230 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2004 жылғы 27 мамырда 1646 нөмірімен нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Алматы облыстық мәслихатының 2004 жылғы 13 сәуірдегі "Алматы облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" N 5-40 (2004 жылғы 3 шілдедегі N 78 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
       48 тармақ мынандай редакцияда оқылсын:
      "48. Облыс әкімі жарты жылда кемінде бір рет өзінің атқарған істері мен алдына қойған міндеттерінің орындалуы жөнінде облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп береді.
      Облыстық мәслихат облыс әкімінің есебін талқылау нәтижесінде жұмыстарына баға беріп, шешім қабылдайды".
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады