"Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 32/301 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 12 мамырда N 8-4-36 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/431 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.06.27 N 44/431 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
       1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 "Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі - 1533, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 54 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 45 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
       жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қалалық мәслихаттың Регламенті келесі мазмұндағы 16-1 тармағымен толықтырылсын:
      "16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында қала әкімі өзіне жүктелген міндеттердің және сұрақтардың орындалуы туралы қалалық мәслихаттың депутаттары алдында өзінің құзырлылығы шеңберінде жарты жылда бір рет есеп береді. Есептің қорытындысы және оны талқылау бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады.".

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады