Байланыс формасы

Сайөтес ауылдық округінің құрамына Боздақ ауылын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 15/258 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 3 наурыздағы N 80 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 2 мамырда N 1943 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша: «селолық», «селосын», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылын», «ауылы» деген сөздерімен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімиятының Сайөтес ауылдық округінің құрамына Боздақ ауылын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Сайөтес ауылдық округінің құрамына Боздақ ауылы, 2006 жылдың 1 қаңтарына 314 адам халық санымен құрылсын және ол Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізілсін.

      2. Осы шешім мен қаулы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады