Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 248/6 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 69/2 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 3 наурызда N 3063 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 07 қазандағы N 235/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңы 27 бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 248/6  қаулысына (Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 17 тамыздағы N 3041 тіркелді, "Звезда Прииртышья" газетінің 2005 жылғы 1 қазандағы N 111 санында жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "2005 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін ", ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет" деген сөздермен толықтырылсын.

     Облыс әкімі

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 26 июля 2005 года N 248/6 "Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан".

Постановление Акимата Павлодарской области от 20 февраля 2006 года N 69/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 3 марта 2006 года за N 3063. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 07 октября 2010 года N 235/16

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 07.10.2010 N 235/16.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести в постановление акимата Павлодарской области от 26 июля 2005 года N 248/6 "Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан" (зарегистрировано департаментом юстиции Павлодарской области 17 августа 2005 года за N 3041, опубликовано в газете "Звезда Прииртышья" от 1 октября 2005 года N 111) следующие изменение и дополнение:
      в пункте 1 указанного постановления слова и цифры "на 2005 год" исключить;
      пункт 3 Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан, утвержденной указанным постановлением, после слов "один раз в год" дополнить словами ", а при наличии показаний повторного лечения - неоднократно".

      Аким области                               К. Нурпеисов