Павлодар облысы Ертіс ауданының әімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихаты мен әкімиятының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 38/18 бірлескен шешімі мен қаулысы (II сайланған XVIII сессия). Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірде N 3065 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 2-3)тармақшаларына, Ертіс ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы "Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымдарындағы өзгерістер туралы" N 105-23-3/22 және 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Аққуатқан ауылын және Майқоңыр ауылдық округін ыдырату туралы" N 115-25-3/2, 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Бұланбай ауылын құру туралы" N 114-25-3/3 бірлескен шешімдеріне сәйкес, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аумағы Панфилов ауылының шекарасына қосылып Панфилов ауылдық округі;
      аумағы Тоқта ауылының шекарасына қосылып Тоқта ауылдық округі;
      аумағы Амангелді ауылының шекарасына қосылып Амангелді ауылдық округі;
      аумағы Қоскөл ауылының шекарасына қосылып Қоскөл ауылдық округі;
      аумақтары Майқоңыр ауылының шекарасына қосылып Аққуатқан ауылы мен Майқоңыр ауылдық округі таратылсын.
      Бұланбай ауылы құрылып, Сілеті ауылдық округінің құрамына енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

       Сессия төрағасы А. Челаков

      Облыс әкмі Қ. Нұрпейісов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады