Павлодар облысы Ертіс ауданының кейбір елді мекендерінің атауларын қайта өзгерту туралы.

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихаты мен әкімиятының (III сайланған XX сессия) 2006 жылғы 21 шілдедегі N 80/20 шешімі мен қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 тамызда N 3070 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281  қаулысына , Ертiс ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы "Ертiс ауданының кейбiр елдi мекендерiнiң атауларын қайта өзгерту туралы" N 38-8-3/17 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және бұл елдi мекендерi тұрғындарының  пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi  ШЕШIМ қабылдады:
      Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Майқоңыр ауылдық округiндегi Кутузово ауылы Майқоңыр ауылына;
      Луговой ауылдық округiндегi N 2 бөлiмше Ақбетей ауылына;
      Ұзынсу ауылдық округiндегi Суворов ауылы Ұзынсу ауылына;
      Ұзынсу ауылдық округiндегi Никаноровка ауылы Ақтайлақ ауылына;
      Ағашорын ауылдық округiндегi Артемовка ауылы Бескепе ауылына;
      Иса Байзақов ауылдық округiндегi Кайманачиха ауылы Иса Байзақов ауылына өзгертiлсiн.
      Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың  азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы Р. Ғафуров

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады