Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 312 бірлескен шешімі мен қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаменті 2007 жылғы 17 қаңтарда N 1635 тіркелді

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.06.2017 № 242 қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 № 14/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық мәслихаттар мен Ғабит Мүсрепов атындағы және Уәлиханов аудандары әкiмдерінің ұсынысы бойынша тиісті аумақ тұрғындарының пікірлерін есепке алып Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.06.2017 № 242 қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 № 14/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсрепов атындағы аудан Нежинск ауылдық округінің Западное ауылы Тоқсан би ауылы болып және Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округiнiң Озерное ауылы Тілеусай ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi Т. Мансұров
      Облыстық мәслихат хатшысы Е. Әубәкіров
      Облыстық мәслихаттың ХХVІI
      сессиясының төрағасы С. Чепурко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады