Жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 22 мамырдағы № 147 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 15 маусымда № 2464 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 15 маусымдағы № 148 қаулысы негізінде Атырау облыстық Әділет департаментінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 3-3828/12 хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2009.06.15 № 148 қаулысы негізінде Атырау облыстық Әділет департаментінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 3-3828/12 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері:
      1) жазғы маусым кезеңінде облыстың барлық су тоғандарын есепке алсын;
      2) демалыс аймақтары мен базалары және басқа да су объектілері бар барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдар құтқару бекеттерін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      3) өзендер мен су тоғандарының жағалау белдеулерін көркейту, түбін тазалау жұмыстарын жүргізсін;
      4) шомылатын (жағажайлар) жерлерді анықтасын және облыстық суда-құтқару қызметіне құтқару бекеттерінің қызметкерлері үшін орын-жай бөлуге жәрдемдессін;
      5) Атырау облыстық суда-құтқару қызметімен бірлесіп, облыстың су тоғандарында адамдар қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтсін, жазғы кезеңде су тоғандарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша радио, теледидар, баспасөзде сөз сөйлеулерді ұйымдастырсын.
      2. Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы Атырау облыстық суда-құтқару қызметінің жазғы маусым кезеңіндегі жұмысын ұйымдастырсын.
      3. Атырау облыстық суда-құтқару қызметі:
      1) жазғы маусымда құтқару станцияларын жеке құрам және іздестіру топтарымен жиынтықтасын;
      2) барлық құтқару станцияларын тәулік бойы кезекшілікке, маневрлік-іздестіру тобын жоғары дайындық режиміне көшірсін;
      3) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық қолда бар құтқару құралдарының, сүңгуірлер санының есебін жүргізсін.

      4. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша) Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) жазғы маусым кезеңінде облыс су тоғандарында, соның ішінде Каспий теңізі жағалауында күзетті күшейту ұсынылсын.
      5. Атырау облысы Білім беру департаменті Атырау облыстық суда-құтқару қызметімен бірлесіп мектеп және оқу орындарының оқушылары арасында жазғы кезеңде облыс су тоғандарында қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      6. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 133 "Жазғы кезеңде облыс су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысының (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 7 шілдеде № 2048 тіркелген, 2004 жылғы 3 тамыздағы N 89 "Атырау" және 2004 жылғы 22 шілдедегі № 84 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  М.М. Тасыбаевқа жүктелсін.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады