Байланыс формасы

Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімиятының 2006 жылғы 28 қыркүйектегі 231 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 341-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 8 қаңтарда N 2475 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларындағы "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылды - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 3 тамыздағы ұйғарымы, Құрманғазы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы № 223-ХХІХ және аудандық әкімиятының 2006 жылғы 28 наурыздағы № 53 "Аудандық әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бірлескен шешімі негізінде облыстық мәслихат шешім етеді және облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Құрманғазы ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      1) Еңбекші селолық округінің Кобяков ауылы - Дәулеткерей ауылы;
      2) Приморье селолық округінің Ковалев ауылы - Дәулет ауылы;
      3) Приморье селолық округінің Мартышкин ауылы - Шайхы ауылы;
      4) Приморье селолық округінің Каспаркин ауылы - Құмарғали ауылы болып қайта аталсын.
      2. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі қазіргі әкімшілік-аумақтық бірліктердің есепті деректеріне өзгерістер енгізсін.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      ХХІІ сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады