Байланыс формасы

Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімиятының 2006 жылғы 12 қазандағы N 245 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 343-ІІІ бірлескен шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 8 қаңтарда N 2476 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының 2006 жылғы 12 маусымдағы N 115 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 шілдедегі N 246-ХХIХ шешімі негізінде облыстық мәслихат шешім етті және облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Құрманғазы ауданында Асан ауылдық округі құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 85000 га (85,0 мың га) аумағы және Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 64900 га (64,9 мың га) аумағы Асан ауылдық округіне беріле отырып өзгертілсін.
      Ескерту. 2- тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      XXІІ сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады