Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 25/294-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 2 қазандағы N 332 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 13 қазанда N 1944 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  11-бабына  сәйкес тиiстi аумақтардағы тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып Арыс, Отырар және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкiмияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi:
                  Арыс ауданы бойынша
      Дермене ауылдық округiнiң Бөген ауылы - Саналы болып;

                  Отырар ауданы бойынша
      Ақтөбе ауылдық округi - Аққұм ауылдық округi болып;

                  Төлеби ауданы бойынша
      Первомаевский ауылдық округi - Бiрiншi Мамыр ауылдық округi болып;
      Первомаевка ауылы - Бiрiншi Мамыр ауылы болып қайта аталсын.

      2. Шешiм Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады