Көкпекті ауданы Куйбышев селолық округінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қарашадағы N 819 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/325-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 21 желтоқсанда N 2438 тіркелді

     «"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  6-бабының  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  11-бабының  4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 11-6 және әкімдігінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 709 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және   Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

      1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Куйбышев селолық округі Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округіне қайта аталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 11/164-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 200 қаулысы жойылсын. 

      3. Осы шешім мен қаулы 2005 жылғы 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.  

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады