"Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 29-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 20 шілдеде N 5-2-43 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 8/71-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008.06.20 N 8/71-IV шешімімен.
      
      Қала прокурорының қалалық мәслихаттың "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 шешiмiне 12.05.2006 жылғы N 7-07-199-06 наразылығын "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 65 бабына сәйкес қарастырып, қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. Қала прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.
      2. Қалалық мәслихаттың "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1 тараудың 1 тармағында "бөлiнген территорияның периметрi бойынша қашықтығы 15 метр территория, ал көше жағынан көшенiң "қызыл сызығынан" ары емес" деген сөздер "бөлінген территорияның периметрi бойынша қашықтығы 5 метр территория, ал көше жағынан көшенiң "қызыл сызығынан" ары емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2 тараудың 2 тармағы 14) тармақшасында "бекiтiлген территорияда және оған жанама учаскелерде" деген сөздер "оларға бөлінген учаскелерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 3 тарау 8 тармақ келесi редакцияда мазмұндалсын "Көшелердi, алаңдарды, аяқжолдарды тазалау кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және жеке тұрғын үй құрылыстарының иелерiмен оларға бөлінген территориялар шегiнде жүргiзiледi";
      4) 3 тараудың 16 тармағында "оларға құрылыстан радиусы 15 метр болатын жанама территорияда" деген сөздер "оларға бөлінген территорияларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Берiлген шешiм Шығыс Қазақстан облыстық әдiлет департаментi Семей қаласының әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап заңды күшiне енедi.
      
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады