Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-24 шешімі және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 319 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 22 желтоқсанда N 2978 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық, Казталовка аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 19 маусымдағы N 1-4 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының қайта қарауға жататын кейбір ауылдық елді мекендерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
N 33-24 шешіміне қосымша
бекітілді

Батыс Қазақстан облысының
қайта аталатын кейбір
елді мекендер
тізбесі

      1. Ақжайық ауданы бойынша:
      1. Ақсуат ауылдық округінің "Каленый ауылы" "Ақбұлақ" ауылы деп;
      2. Мерген ауылдық округінің "Горячкино ауылы" "Мойылды ауылы" деп қайта аталсын.

      2. Казталовка ауданы бойынша:
      1. Талдықұдық ауылдық округі "Тас-хутор" ауылының қазақша нұсқасындағы транскрипциясы "Таскүтір" деп өзгертілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады