"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 150 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4638 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19.  N 638 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N  247 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2000 жылғы N 6, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366»"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген, 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394»"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 30, 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1»"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 241 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген, 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149»"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174 "Юридическая газета" газетінде жарияланған, 2005 жылғы 7 маусымдағы N 353 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы қыркүйек N 18, 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4133 тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы "Юридическая газета" газеті N 109-110 жарияланған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде (бұдан әрі -Қабылдаудың үлгі ережелері):

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 "Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді. Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавриат және жоғары арнайы білім беру мамандықтарының тізбесі осы қабылдаудың үлгі ережелерінің 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде "Алтын белгі" белгісінің иегерлері мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатыса алады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі балдар деңгейі 60 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндер бойынша жақсы бағалар болуы тиіс";

      14-тармақтағы "3x4 көлеміндегі екі фотосурет" деген сөздерден кейін "086-У нысанындағы медициналық анықтама" деген сөздермен толықтырылсын;

      32-тармақтағы:
      "ал" сөзі алынып тасталсын;
      "ұйымдастыру мен өткізу" деген сөздерден кейін ", сонымен бірге мемлекеттік білім беру грантынан бас тартқан және жоғары оқу орнына келмеген студенттер туралы мәліметтер (аты-жөні, мамандығы)";

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесінің 1-қосымшасында:
      "4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери академиясы Алматы қаласы" деген жол "4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты Алматы қаласы" деген жолмен ауыстырылсын;
      "5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Т. Бегелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі Ақтөбе қаласы" деген жол "5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Ақтөбе қаласы" деген жолмен ауыстырылсын;
      "8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Азаматтық авиация академиясы жанындағы Әскери факультет Алматы қаласы" деген жол "8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты Алматы қаласы" деген жолмен ауыстырылсын;
      "10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жоғары әскери-теңіз училищесі Ақтау қаласы" деген жол "10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институты Ақтау қаласы" деген жолмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-14 жолдармен толықтырылсын:
      "11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университеті Көкшетау қаласы";
      "12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы Алматы қаласы";
      "13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты Алматы қаласы";
      "14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты Алматы қаласы";

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасы:
      мынадай мазмұндағы 9-30 жолдармен толықтырылсын:
      "9. 050706 - Геологиясы және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау";
      "10. 051003 - Танк әскерлерінің командалық тактикасы";
      "11. 051004 - Әуе десанты әскерлерінің және әскери барлаудың командалық тактикасы";
      "12. 051005 - Артиллерияның командалық тактикасы";
      "13. 051006 - Автомобиль әскерлерінің командалық тактикасы";
      "14. 051007 - Броньды танк қару-жарағы мен техникасы";
      "15. 051008 - Инженерлік әскерлердің командалық тактикасы";
      "16. 051009 - Тәрбие құрылымдарының офицерлері";
      "17. 051010 - Әскерлерді заттай қамтамасыз етудің командалық тактикасы";
      "18. 051011 - Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің командалық тактикасы";
      "19. 051012 - Сұйық отынмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы";
      "20. 051013 - Мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикасы";
      "21. 051018 - Радиобайланыс және радионавигация";
      "22. 051019 - Байланыс желілері және коммутация жүйелері";
      "23. 051020 - Радиотехника";
      "24. 051029 - Өшу аппараттарын пайдалану";
      "25. 051030 - Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын пайдалану";
      "26. 051031 - Авиацияны жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы";
      "27. 051032 - Өшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану";
      "28. 051033 - Авиациялық қару-жарақ";
      "29. 051034 - Авиациялық электрлендірілген пилотаж-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану".
      "30. 051035 - Авиациялық радиоэлектрондық жабдық";

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесінің 3-қосымшасында:
      "Бакалавриат мамандықтары" деген тарауда:
      "1. Білім" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050121 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ әдебиеті, Қазақ тілі.";
      "050122 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, Орыс әдебиеті, Орыс тілі.";
      "2. Гуманитарлық ғылымдар" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050209 Шығыстану, Шетел тілі, Шетел тілі";
      "050210 Шетел филологиясы, Шетел тілі, Шетел тілі";
      "050211 Теология, Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы";
      "7. Техникалық ғылымдар және технологиялар" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050733 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы, Физика, Математика";
      "8. Ауыл шаруашылығы ғылымдары" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050809 Жеміс-көкөніс шаруашылығы, Биология, Биология.";
      "050810 Мелиорация, жерді баптау және қорғау, Биология, Математика";
      "9. Қызмет көрсету" деген параграфта:
      "050903 Жерге орналастыру, Физика, Математика" деген жол "050903 Жерге орналастыру, География, Математика" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "050909 Мейірбике ісі, Биология, Биология" деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы "11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" 11-параграфпен толықтырылсын:
      "051101 Мейіркештік ісі, Биология, Биология";
      "051102 Қоғамдық денсаулық сақтау, Биология, Биология";
      "051103 Фармация, Химия, Химия";
      "Жоғары арнайы білім мамандықтары" деген тарауда:
      "2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" деген параграфында:
      "051101 Емдеу ісі, Биология, Биология" деген жол "051301 Қоғамдық денсаулық сақтау, Биология, Биология" деген жолмен ауыстырылсын;
      "051102 Педиатрия, Биология, Биология" деген жол "051302 Стоматология, Биология, Биология" деген жолмен ауыстырылсын;
      "051103 Медико-профилактикалық іс, Биология, Биология";
      "051104 Стоматология, Биология, Биология";
      "051105 Фармация, Химия, Химия";
      "051106 Шығыс медицинасы, Биология, Биология";
      "051107 Медико-биологиялық іс, Биология, Биология";
      "051108 Мейірбике ісі, Биология, Биология" деген жолдар алынып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесінің 4-қосымшасының:
      "Бакалавриат мамандықтары" деген тарауында:
      "1. Білім" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050121 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті";
      "050122 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті";
      "8. Ауылшаруашылық ғылымдары" деген параграф мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "050809 Жеміс-көкөніс шаруашылығы";
      "050810 Мелиорация, жерді баптау және қорғау ";
      "9. Қызмет көрсету" деген параграфта:
      "050903 Жерге орналастыру және Кадастр" деген жол "050903 Жерге орналастыру" деген жолмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы "11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" 11- параграфпен толықтырылсын:
      "051101 Мейіркештік ісі ";
      "051102 Қоғамдық денсаулық сақтау ";
      "051103 Фармация";
      "Жоғары арнайы білім мамандықтары" деген тарауда:
      "2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" деген параграфында:
      "051101 Емдеу ісі" деген жол "051301 Қоғамдық денсаулық сақтау" деген жолмен ауыстырылсын;
      "051102 Педиатрия" деген жол "051302 Стоматология" деген жолмен ауыстырылсын;
      "051103 Медико-профилактикалық іс";
      "051104 Стоматология";
      "051105 Фармация";
      "051106 Шығыс медицинасы";
      "051107 Медико-биологиялық іс";
      "051108 Мейірбике ісі" деген жолдар алынып тасталсын;

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А.Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады