"Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 60-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4650 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.12 № 81 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Патент  Заңын және»" Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" және»" Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы "» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1712 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 қыркүйектегі  N 55-п "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы N 15 жарияланған, N 1712 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы N 41-44, 1032 б. жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 66-о.д бұйрығымен өзгерістер мен толықтыруларымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда N 4012 тіркелген, 2006 жылғы 10 ақпанда "Юридическая газетада" N 23-24 (1003-1004) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қарау  ережесінде :

      2-тармақтың 2) тармақшасында "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндаға 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне заңнамаға сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары";

      3-тармақтың 1), 5)-тармақшаларында "алдын ала" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақта "дәлелді себептері болған жағдайда қалпына келтірілуі мүмкін" деген сөздерден кейін "және өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжаты болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереженің 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында көзделген қарсылықтар бір қорғау құжатына (тауар таңбасының бір тіркеуіне) қатысты болуға, қорғау құжатының нөмірі (тауар таңбасының тіркеу нөмірі) көрсетілуге, қорғау құжатын жарамсыз деп тану үшін Патент заңымен, Тауар таңбалары туралы заңмен немесе Селекциялық жетістіктер туралы заңмен көзделген қарсылықтарды берудің бір негіздемесі болуға тиіс".

      12-тармақтың 2)тармақшасында "өзге өкіл" деген сөздерден кейін "сенімхат мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі, егер сенімхат басқа тілде (шетел тілінде) берілсе, онда ол мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы керек, сенімхаттың аудармасы нотариалдық куәландырылады. Қарсылық материалдарына нотариалдық куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріледі, немесе Апелляциялық кеңестің хатшысына көшірмесімен бірге сенімхаттың түпнұсқасын растау үшін беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құдығы комитетінің зияткерлік меншік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С. Е. Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады