Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі N 254 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4676 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 677 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 677 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М. Мусин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3398 тіркелген»"Қазақстан Республикасында ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 898 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 26 сәуірде  
N 254 бұйрығымен    
бекітілген       

Медициналық қызметтің сапасын сараптауды
ұйымдастыру және жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық қызмет сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган), сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысымен бекітілген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. P091559

      3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау:
      1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін белгілеуді;
      2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеуді;
      3) медициналық құралдармен жабдықтандырудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін белгілеуді;
      4) денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді;
      5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін белгілеуді;
      6) лицензиямен белгіленген медициналық көмектің түрлеріне сәйкестігін белгілеуді;
      7) сапасыз медициналық қызмет көрсету себебін анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау және медициналық көмек көрсетуді жетілдіруді қамтиды.

      4. Осы Ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.

      5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) медициналық қызметтің сапа индикаторлары - медициналық қызметтің тиімділігі, толықтығы және медициналық қызметтің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік көрсеткіші көрсетілетін, мыналарды қамтитын өлшемдер:
      құрылым индикаторлары - адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу өлшемдері;
      процесс индикаторлары - алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау өлшемдері;
      медициналық қызмет нәтижесінің индикаторлары - медициналық ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың медициналық көмекті көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау өлшемдері;
      2) бастапқы медициналық құжаттама - халықтың және көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және денсаулық сақтау қызметтері басқару үшін оның сипатын, көлемін және сапасын көрсететін жеке тұлғалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жинағы, соның ішінде амбулаторлық және стационарлық сырқаттың медициналық картасы, донордың медициналық картасы, жедел медициналық жәрдем станциясы бригадасының шақыру картасы (бұдан әрі - медициналық карта).

  2. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың мәні мен қағидаттары

      6. Медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындайтын индикаторлардың негізінде көрсетілген медициналық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау сапаны сараптаудың мәні болып табылады.

      7. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың негізгі қағидаттары:
      1) жүйелілік: құрылым, процесс пен нәтиже индикаторлары өзара байланыста болуы үшін медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;
      2) объективтілік: денсаулық сақтау саласындағы бекітілген стандарттарды пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;
      3) жариялылық: денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады.

  3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері мен кезеңдері

      8. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері:
      1) ағымдағы сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алып жатқан емделушілердің медициналық карталары;
      2) ретроспективті сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алған емделушілердің медициналық карталары.

      9. Медициналық қызметтің сапасын сараптау кезеңдері:
      1) медициналық карталарды талдау;
      2) денсаулық сақтау субъектісінің және олардың қызметін регламенттейтін денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының құжаттамаларын зерделеу;
      3) индикаторларды пайдалана отырып, сараптама нәтижелерін математикалық үлгілеу арқылы медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындау;
      4) медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелерін талдау және қорытындылау, шешімдерді қалыптастыру;
      5) өткізілген медициналық қызметтің сапасын сараптау қорытындысын қалыптастыру;
      6) денсаулық сақтау субъектісін медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелері туралы хабардар ету;
      7) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің және медициналық қызметтің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау.

  4. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды жүргізу тәртібі

        10. Сапаны сараптауды өткізу кезінде тексерілген жұмыс кезеңіндегі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) статистикалық есептердің деректері пайдаланылады.
      Тексерілетін көрсеткіштердің орындалуын бағалау осы медициналық ұйым бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен, сондай-ақ орташа республикалық және орташа облыстық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, жүзеге асырылады.

      11. Медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейін анықтау нақты жағдайда медициналық ұйымның қызметін және медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

      12. Құрылым индикаторлары медициналық ұйымдарды ресурстық қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен нормативтері мен талаптарына сәйкес келуімен сипатталады.

      13. Процесс индикаторларын анықтау уәкілетті орган бекіткен стандарттарымен нақты бір емделушіге көрсетілген медициналық қызметтің технологияларын салыстыруды көздейді.

      14. Нәтиже индикаторлары медициналық ұйым қызметінің тиімділік көрсеткіштерін талдауды көздейді.

  5. Медициналық қызметтің сапасын бағалау

      15. Стационардағы медициналық қызметтің сапасын бағалау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес стационардың әрбір бөлімшесі бойынша кемінде 10 стационарлық сырқаттың медициналық картасының сараптама нәтижелері бойынша айқындалады.
      Одан басқа:
      1) өлім жағдайлары;
      2) ауруханаішілік жұқпалардың пайда болу фактілері;
      3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;
      4) бұрынғы сапасыз емдеудің салдарынан бір ай ішінде сол ауруы бойынша қайтадан емделуге жатқызудың барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

      16. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әрбір дәрігерлік учаске мен әрбір маманның бейіні бойынша кемінде 20 амбулаторлық сырқаттың медициналық картасы сараптауға жатады.
      Одан басқа:
      1) балалар мен жасөспірімдердің мониторингке жатқызылатын ауруларымен еңбекке жарамды жастағы адамдардың үйдегі өлімі;
      2) мониторингке жататын аурулар бойынша бастапқы мүгедектікке шығу;
      3) азаматтарды мониторингке жататын аурулар бойынша стационардан шыққаннан кейін бақылау;
      4) онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған нысандары;
      5) жүктіліктің орта ауыр және қауіпті дәрежесінің ағымы асқынулары;
      6) нәресте өлім-жітімі;
      7) балалар өлімі-жітімі;
      8) ана өлімінің барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

      17. Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес әрбір жалпы бейін мен мамандандырылған бригадалардың кемінде 10 шақыруының медициналық картасы сараптамаға жатады.
      Одан басқа:
      1) бір тәулік бойы сол ауру бойынша қайталанған шақырулар;
      2) шақырулар кезіндегі өлімдер: бригада келгенше болған өлім, бригада келгенде болған өлім;
      3) сырқаттарды ауруханаға жатқызған жағдайда жедел жәрдем бригадасы мен қабылдау бөлімі диагноздарының айырмашылығының барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

      18. Қан қызметінде қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын бақылау сапасының деңгейін айқындау кезінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ақылы және тегін негізде қан тапсырған кемінде 50 донордың медициналық карталары сараптамаға жатады.
      Одан басқа медициналық қызметтің сапасын сараптауға:
      1) функционалдық блоктар мен оларды ұстаудың болуы;
      2) "Суық тізбек" жағдайы;
      3) техникалық қызмет көрсету тұрақтылығы, медициналық жабдықтарды іріктеу;
      4) кіріс бақылауының нәтижелері;
      5) карантиндеуді сақтау;
      6) қатерлі кезеңдерді анықтау рәсімдерінің болуы;
      7) қан өнімдерінің жұқпалы және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      8) қанды консервілеу кезіндегі жарамсыздықтың болуын қоса алғанда, қанды дайындаудың және сақтаудың кезеңдері мен технологиялары жатады.

      19. Әрбір индикатор бойынша (ол анықталған жағдайда) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау кезінде (құрылым индикаторлары) кемістік дәрежесі мәндерінің бірі айқындалады. Мәндер қосылады, алынған сомалар индикаторлар санына (құрылым индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі.

       СД1 + СД2 + СД3...+СДn
А1 =            n              мұндағы

      А1 - құрылым индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні;
      АД - кемістіктің дәрежесі;
      n - индикаторлардың саны.
      Нақты жағдайда медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде (процестің индикаторлары) кемістік дәрежесінің барлық анықталған мәндерінің нәтижелері қосылады, алынған сома айқындалған индикаторлардың санына (нақты жағдайдың процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі.

       СД1 + СД2 + СД3... + СДn
Ак =            n                 мұндағы

      Ак - нақты жағдайдың процесс индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні;
      АД - кемістіктің дәрежесі;
      n - индикаторлардың саны.
      Содан кейін барлық нақты жағдайлар бойынша бағалаудың орташа мәні есептеледі: тексерілген медициналық картаның әрбір бірлік бойынша орташа мәні қосылады және алынған сома тексерілген медициналық карталардың санына (барлық жағдайлар бойынша процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) бөлінеді.

       Ак1 + Ак2 + Ак3... + Акn
А2 =           n                    мұндағы

      А2 - процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні;
      n - тексерілген медициналық карталар саны.
      Әрбір индикатор бойынша (ол анықталған жағдайда) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде кемістік дәрежесі мәндерінің бірі айқындалады. Мәндер қосылады, алынған сомалар индикаторлар санына (нәтиже индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі. Әрбір анықталған жағдай (азаматтардың өтініштері, туберкулездің, қатерлі аурулардың асқынған жағдайы және т.б.) дербес индикатор болып табылады.

       СД1 + СД2 + СД3...+СДn
А3 =           n                мұндағы

      А3 - нәтиже индикаторларының ақаулары сомасының орташа мәні;
      АД - кемістік дәрежесі;
      n - индикаторлардың саны.
      Медициналық қызмет сапасы деңгейінің коэффициентін айқындау үшін алынған үш нәтиже қосылады (барлық жағдайлар бойынша құрылым, нәтиже, процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) және сома 3-ке бөлінеді.

       А1 + А2 + А3
К =        3         мұндағы

      К - медициналық қызметтің сапасы деңгейінің коэффициенті.
      Медициналық қызмет сапасының қорытынды бағасы бірліктерден медициналық қызмет сапасы деңгейінің коэффициентін алу арқылы айқындалады.
      Стационарда медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,1 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен жүргізіледі.
      Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,4 шегеру жолымен жүргізіледі.
      Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,4 шегеру жолымен жүргізіледі.
      Қан қызметінде қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын бақылау сапаның деңгейін белгілеу кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,1 шегеру жолымен жүргізіледі.

      20. Медициналық қызметтің сапасы 5 деңгей бойынша бағаланады:
      1) 1-ден 0,90-ға дейін - жоғары деңгей;
      2) 0,89-дан 0,80-ге дейін - жеткілікті жоғары деңгей;
      3) 0,79-дан 0,70-ке дейін - орташа деңгей;
      4) 0,69-дан 0,60-қа - орташа деңгейден төмен;
      5) 0,59-дан 0,50-ге дейін - төменгі деңгей.

      21. Медициналық қызметтің сапасын бағалау негізінде медициналық көмек көрсетудің түріне, нысаны мен деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың рейтингі қалыптасады.

      22. Медициналық ұйымдардың аудит қызметтері қызмет нәтижелерін жеке бағалау үшін медициналық қызмет сапасы деңгейінің жоғарыда келтірілген анықтамаларды пайдалануы мүмкін.

  6. Қорытынды ережелер

      23. Мемлекеттік орган өткізген сараптамалардың нәтижелері бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызмет сапасының сараптау қорытындысы ресімделеді.
      Тәуелсіз сарапшылар өткізген сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4523 тіркелген "Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекіткен нысан бойынша сараптау қорытындысы ресімделеді.

      24. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды өткізу барысында қолданыстағы нормативтік актілерді денсаулық сақтау субъектісінің сақталу тәртіп бұзушылықтары анықталған жағдайда мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. 

                                       Медициналық қызметтің сапасын
                                           сараптауды ұйымдастыру
                                            және өткізу ережесіне
                                                 1-қосымша

     Стационарлық деңгейде медициналық қызметтің сапасын
                          бағалау

Кодтар Құрылым индикаторлары   Ақау
дәрежесі

1.

Бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық бұйымның болуы

1.1

кемінде 80%

0,01

1.2

кемінде 50%

0,03

2.

Қан мен оның компоненттерін тасымалдау мен сақтаудың талаптарын сақтамау

0,5

3.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесі

3.1

кемінде 100%

0,05

3.2

кемінде 80%

0,1

4.

Соңғы 5 жылда дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі

4.1

кемінде 100%

0,05

4.2

кемінде 80%

0,1

5.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар орта медицина қызметкерлерінің үлесі

5.1

кемінде 100%

0,05

5.2

кемінде 80%

0,1

6.

Соңғы 5 жылда орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі

6.1

кемінде 100%

0,05

6.2

кемінде 80%

0,1

7.

Азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және нақты ақпараттың болмауы  (сырқаттардың ағыны болатын жерлерде көрнекі ақпараттың жоқтығы)

0,05


Процестің индикаторлары


8.

Ауруханаішілік жұқпалардың болу жағдайлары  (әрбір жағдайда)

8.1

ауруханаішілік жұқпалардың болу жағдайлары

0,05

8.2

ауруханаішілік жұқпалардың болу жағдайларын жасыру фактілерін анықтау

0,25

9.

Жоспарлы сырқаттардың ауруханаға жатқызудың негізділігі  (әрбір жағдайда)

9.1

жоспарлы сырқаттарды жолдамасыз ауруханаға жатқызу

0,1

9.2

жоспарлы сырқаттарды ауруханаға стационарлық емделуге айғақсыз
жатқызу

0,15

9.3

жоспарлы сырқаттарды тексермей ауруханаға жатқызу

0,1

9.4

бейінсіз ауруханаға жатқызу

0,1

9.5

ауруханаға жатқызудан негізсіз бас
тарту

0,3

10.

Медицина қызметкерлерінің емделушінің жағдайын нашарлатуға әкелетін диагностикалық, тактикалық және техникалық қателіктері  (әрбір жағдайда)

10.1

сырқатты қабылдау бөлмесінде тексеруді және бөлімшедегі емдеу-диагностикалық іс-шаралардың басталуын кідіртуі (жоспарлы сырқатты 30 минуттан аса, шұғыл сырқатты 10 минуттан аса)

0,5

10.2

сырқат жағдайының ауыр дәрежесін барабар бағалау

0,7

10.3

сырқатты тұрақсыз бақылау

0,5

10.4

алдын алу асқынуларының дамуы

0,7

10.5

асқынуларды жасыру

0,7

10.6

емдеу және диагностикалық іс-шараларды негізсіз тағайындау

0,5

10.7

науқастардың кемінде 3 күн негізсіз операцияға дейінгі келуі

0,3

10.8

негізсіз ерте көшірме

0,5

10.9

негізсіз кеш көшірме

0,3

10.10

жоспарлы сырқаттарды шұғыл санатқа ауыстыру жағдайларын анықтау

0,5

11.

Диагностика мен емдеу хаттамаларынан емдеу-диагностикалық іс-шаралардың негізсіз ауытқуы  (әрбір жағдайға)


диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілмеген:

11.1

кемінде 80 %

0,4

11.2

кемінде 50 %

0,5


емдеу іс-шаралары толық көлемде жүргізілмеген:

11.3

кемінде 80 %

0,5

11.4

кемінде 50 %

0,7

11.5

полипрагмазияның болуы

0,2

12.

Реанимациялық көмекті толық көлемде көрсетпеу  (әрбір жағдайда)

12.1

кемінде 90 %

0,5

12.2

кемінде 50 %

0,7

12.3

реанимациялық бөлімшеден негізсіз ерте ауыстыру

0,5

13.

Қан мен оның компоненттерін құюдың негізділігі, тиімділігі, теріс салдарларының болуы  (әрбір жағдайда)

13.1

айғақсыз қан мен оның компоненттерін құю

1,0

13.2

осы рәсімді регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, қан мен оның компоненттерін құю

0,5

14.

Бір ай бойы алдағы госпитальге жатқызу кезінде сапасыз көрсетілген көмектің себебі бойынша сол аурумен қайта госпитальге жатқызу фактілерінің болуы  (әрбір жағдайда)

0,8

15.

Медициналық құжаттаманы сапасыз ресімдеу және жүргізу  (әрбір жағдайда)

0,01

16.

Жалған жолмен көрсетілген медициналық көмектің көлемін арттыру  (әрбір жағдайда)

1,0

17.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін медициналық көмек көрсету кезінде емделушінің дәрі-дәрмектері мен ақшалай қаражаттарын тарту  (әрбір жағдайда)

17.1

дәрі-дәрмектер

0,15

17.2

ақшалай қаражат

0,2

18.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес патологиялық-анатомиялық мәйітті союдың жоқтығы  (әрбір жағдайда)

18.1

қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді бұзуда патологиялық-анатомиялық мәйітті союдың жоқтығы

0,2

18.2

қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді бұзуда гистологиялық зерттеулердің жоқтығы

0,2


Нәтиже индикаторлары


19.

Азаматтардың сапасыз көрсетілген медициналық көмекке арыздары  (әрбір жағдайда)

19.1

негізделген арыздар

0,5

19.2

жартылай негізделген арыздар

0,3

20.

Өлімді болдырмайтын жағдайлардың болуы  (әрбір жағдайда)

1,0

21.

Өлімді жасыру жағдайлары  (әрбір жағдайда)

0,3

22.

Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздарының алшақтығы  (әрбір жағдайда)

0,35

23.

Госпитальге жатқызудан негізсіз бас тарту  (әрбір жағдайда)

0,5

                                       Медициналық қызметтің сапасын
                                           сараптауды ұйымдастыру
                                           және өткізу ережесіне
                                                 2-қосымша

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде
медициналық қызметтің сапасын бағалау

Кодтар Құрылым индикаторлары   Ақау дәрежесі

1.

Бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық бұйымның болуы 

1.1

кемінде 80%     

0,01

1.2

кемінде 50%       

0,03

2.

Өтілі   5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесі

2.1

кемінде 100%

0,05

2.2

кемінде 80%

0,1

3.

Соңғы 5 жылда дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарынан  өтуі  

3.1

кемінде 100%

0,05

3.2

кемінде 80%

0,1

4.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар орта медицина қызметкерлерінің үлесі

4.1

кемінде 100%

0,05

4.2

кемінде 80%

0,1

5.

Соңғы 5 жылда орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі  

5.1

кемінде 100%

0,05

5.2

кемінде 80%

0,1

6.

Азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және нақты ақпараттың болмауы  (сырқаттардың ағыны болатын жерлерде көрнекі ақпараттың жоқтығы)

0,05


Процестің индикаторлары 


7.

Сырқаттарды аурухана жатқызуға жіберудің және емдеу-диагностикалық іс-шаралардың негіздемелігі және уақтылығы (әрбір жағдайда)

7.1

жоспарлы сырқатты тексермей ауруханаға жатқызуға жіберу 

0,1


сырқатты уақытсыз және негізсіз жолдау:  


7.2

басқа да мамандарға

0,1

7.3

консультациялық-диагностикалық орталықтарға

0,1

7.4

аурухана жатқызуға

0,15

8.

Диагностика мен ауруларды емдеудің мерзімді хаттамаларына сәйкес емдеу-диагностикалық іс-шараларды орындау  (әрбір жағдайда)


диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілмеген:

8.1

кемінде 80%     

0,4

8.2

кемінде 50%       

0,5


емдеу іс-шаралары толық көлемде жүргізілмеген:


8.3

кемінде 80%     

0,5

8.4

кемінде 50%       

0,7

8.5

полипрагмазияның болуы

0,2

9.

Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтар мен стационардың арасында сырқаттарды бақылау мен емдеудегі сабақтастықтың болмауы  (әрбір жағдайда) 

0,15

10.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін медициналық көмек көрсету кезінде емделушінің дәрі-дәрмектері мен ақшалай қаражаттарын тарту  (әрбір жағдайға)

10.1

дәрі-дәрмектер

0,15

10.2

ақшалай қаражат

0,2

11.

Ауру түрлерінің және халықтың жекеленген санаттарының тізбесі бойынша дәрі-дәрмектердің тегін стандарттарымен қамтамасыз ету деңгейі  (әрбір жағдайда)

11.1

толық көлемде емес

0,15

11.2

қамтамасыз етілмейді       

0,25

11.3

негізсіз тағайындау

0,2

12.

Жасөспірім жастағы балаларды бақылау  (әрбір жағдайда)


жасөспірімдер кабинетіне ауыстырылды:

12.1

уақытсыз ауыстырды

0,1

12.2

тексерілмей ауыстырылды

0,1

12.3

сауықтырылмай ауыстырылды

0,2


жасөспірім жастағы балаларды диспансерлік қарау:

12.4

толық емес көлемде немесе уақытсыз ауыстырылды

0,15

12.5

жүргізілген жоқ

0,2


диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілмеген:

12.6

кемінде 100%

0,3

12.7

кемінде 80%

0,4


емдеу іс-шаралары толық көлемде жүргізілмеген:

12.8

кемінде 90%

0,4

12.9

кемінде 70%

0,5

12.10

полипрагмазияның болуы

0,2

13.

Бір жасқа дейінгі нәрестелерді қарау (әрбір жағдайда)



денсаулық тобына сәйкес бақылау мен сауықтыру, баланың өтуі:

13.1

1-топтан 2-топқа

0,2

13.2

2-топтан 3-топқа

0,3


иммундық алдын алу:

13.3

толық көлемде жүргізілген жоқ

0,3

13.4

жүргізілген жоқ

0,4


дені сау және сырқат баланы ИВБДВ бағдарламасы бойынша қарау

13.5

жүргізілген жоқ

0,2

13.6

тұрақсыз

0,25

14.

Жүкті әйелдерді бақылау (әрбір жағдайда)



жүктіліктің мерзімімен есепке алынды:


14.1

12 аптадан артық (әрбір жағдайда)

0,15

14.2

кемінде 4 рет тұрақсыз қарау (әрбір жағдайда)

0,2


ұрықтың жатырішілік патологиясының скрининг-диагностикасы мен емдеуі:

14.3

жүргізілген жоқ

0,4

14.4

толық көлемде емес немесе уақытсыз жүргізілген

0,35


жүктілік пен босану ағымының болжамын есепке ала отырып, темір тапшылығы анемиясы мен йод тапшылығы жағдайларының алдын алу іс-шаралары: 

14.5

жүргізілген жоқ

0,3

14.6

толық көлемде мес және уақытсыз жүргізілген

0,25


қатер факторларын есепке ала отырып, емдеу-диагностикалық іс-шаралары:

14.7

жүргізілген жоқ

0,4

14.8

толық көлемде емес және уақытсыз жүргізілген

0,3

15.

Үйде алдын алуға болатын өлімге жол беру  (әрбір жағдайда):


15.1

1 жасқа дейінгі балалардың өлімі

0,4

15.2

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімі

0,35

15.3

Ана өлімі

0,4

15.4

Мониторинг жүргізілетін аурулары бар еңбекке жарамды адамдардың өлімі

0,35

16.

өлім жағдайларын талдаудың жоқтығы

0,1

17.

Медициналық құжаттаманы сапасыз ресімдеу және жүргізу  (әрбір жағдайда)

0,01

18.

Жалған жолмен көрсетілген медициналық көмектің көлемін арттыру  (әрбір жағдайда)

1,0

19.

Негізгі диагноз бойынша БМСК ұйымдары мен стационар арасындағы негізгі диагноздың алшақтығы  (әрбір жағдайда)

0,5


Нәтиже индикаторлары


20.

Халықты алдын алу тексерулерімен қамту

20.1

кемінде 90%

0,01

20.2

кемінде 70%

0,03

21.

Жүктілікке қарсы айғақтары бар ұрпақты болу жасындағы әйелдерді контрацепциямен қамту


абсолюттік айғақтары бойынша


21.1

кемінде 100%

0,3

21.2

кемінде 80%

0,5


салыстырмалы айғақтар:


21.3

кемінде 80%

0,1

21.4

кемінде 60%

0,15


қатер тобындағы жасөспірімдерді контрацепциямен қамту


21.5

кемінде 80%

0,05

21.6

кемінде 60%

0,1

22.

Үш жасқа дейінгі балаларды қарау:

22.1

балалардың кемінде 95% патронаждық бақылаумен қамту

0,3


тек емшекпен қоректендіру

22.2

0 айдан 6 айға дейін - кемінде 80%

0,1


көбіне емшекпен қоректендіру


22.3

0 айдан 6 айға дейін - кемінде 90%

0,1


уақытында кіргізілген қосымша тамақтандыру


22.4

6 айдан 9 айға дейін - кемінде 70%

0,1


бір жастан кейін емшекпен тамақтандыруды жалғастыру


22.5

12 айдан 24 айға дейін - кемінде 50%

0,1


бойының аласа болуы жиілігі  (бойының жасына қарай)


22.6

0 айдан 36 айға дейін - кемінде 5%

0,1

23.

Анықталған ауру жағдайларының ішінен диспансерлік бақылаумен қамту


деректелген халық

23.1

кемінде 80%

0,1

23.2

кемінде 60%

0,15


әлеуметтік елеулі аурулар


23.3

кемінде 90%

0,1

23.4

кемінде 80%

0,15

24.

Диспансерлеудің тиімділігі


24.1

әрбір 2% өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда диспансерлік есепте тұрған және мүгедектік тобын алған адамдар үлесінің өсуі

0,01

24.2

әрбір 2% өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда диспансерлік есепте тұрған еңбекке қабілетті жаста қайтыс болған адамдар үлесінің өсуі

0,01

25.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мониторинг жүргізілетін еңбекке қабілетті жастағы адамдардың мүгедектікке бастапқы шығу көрсеткіші

25.1

5-10%

0,01

25.2

11-20%

0,03

25.3

21% және одан да көп

0,05

26.

1000 ұрпақты болу жасындағы әйелдерге шақанда түсіктің саны (әрбірі динамикада 2% өсті)

0,05

27.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен БМСК жұмысының сағатында барлық 1000 шақыру жедел медициналық көмек шақыруларының саны өсті

27.1

1-5%

0,05

27.2

6-10%

0,08

27.3

11>%

0,1

28.

Азаматтардың сапасыз көрсетілген медициналық көмекке байланысты өтініштері  (әрбір жағдайға)

28.1

негізделген өтініштер

0,5

28.2

ішінара өтініштер

0,3

29.

Алғаш пайда болғандардың ішінен туберкулездің асқынған жағдайы  (әрбір жағдайға)

0,3

30.

Алғаш пайда болғандардың ішінен қатерлі ісіктердің асқынған жағдайы  (әрбір жағдайға)

0,3

                                       Медициналық қызметтің сапасын
                                          сараптауды ұйымдастыру
                                          және өткізу ережесіне
                                               3-қосымша

        Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық
                 қызметтің сапасын бағалау

Кодтар Құрылым индикаторлары   Ақау дәрежесі

1.

Бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық бұйымның болуы

1.1

кемінде 80 %     

0,01

1.2

кемінде 50%       

0,03

2.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесі

2.1

кемінде 100%

0,05

2.2

кемінде 80%

0,1

3.

Соңғы 5 жылда дәрігерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі 

3.1

кемінде 100%

0,05

3.2

кемінде 80%

0,1

4.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар орта медицина қызметкерлерінің үлесі

4.1

кемінде 100%

0,05

4.2

кемінде 80%

0,1

5.

Соңғы 5 жылда орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі

5.1

кемінде 100%

0,05

5.2

кемінде 80%

0,1

6.

10 000 халыққа тәулігіне кемінде 1 санитарлық автокөлік

0,1

7.

Сменаға жедел медициналық көмектің кемінде 1 тәулік бойы жұмыс істейтін шақыру бригадасы (10 000 халыққа 1 постыны есептегенде)

0,1

8.

Азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және нақты ақпарат беру (ақпараттық парақтар, емделушілерден сұрау)

0,05


Процестің индикаторлары


9.

Сырқаттарды ауруханаға жатқызуға және емдеу-диагностикалық іс-шараларға жолдаманың негізділігі  (әрбір жағдайда)

9.1

сырқатты айғақсыз ауруханаға жатқызуға әкелу 

0,1

9.2

сырқатты ауруханаға жатқызудың әрбір жағдайына айғақтары бола тұрса да стационарға әкелмеу  

0,1

10.

БМСК ұйымдарына активтерді беру  (әрбір жағдайда   активтерді тапсырудың болмауы)

0,03

11.

Медицина қызметкерлерінің диагностикалық, тактикалық және техникалық қателіктері  (әрбір жағдайда)

0,3

12.

Медициналық құжаттаманы сапасыз ресімдеу және жүргізу  (әрбір жағдайда)

0,01


Нәтиже индикаторлары


13.

Бір тәулік ішінде алғашқы шақыру сәтінен бастап сол ауру бойынша қайта шақыру жағдайлары (әрбір жағдайда 10% жоғары)

0,05

14.

Сырқатқа барудың орташа қалыптасқан уақытынан асуы  (5% жоғары)

0,05

15.

Өткен жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстыру бойынша шақырулар кезінде бригаданың қатысуымен болған өлім жағдайының өсуі

15.1

1-5%

0,01

15.2

6-10%

0,03

15.3

11>%

0,05

16.

Өткен жылмен салыстырғанда жеткізілгендер санынан ауруханаға жатқызылғандардың үлес салмағының төмендеуі:

16.1

1-5%

0,01

16.2

6-10%

0,03

16.3

11>%

0,05

17.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы ауруханаға және стационарға жатқызған сырқаттардың диагноздарындағы айырмашылық  (әрбір жағдайда іліспе хат арқылы 5% жоғары)

0,1

18.

Азаматтардың   сапасыз көрсетілген медициналық көмекке өтініштері  (әрбір жағдайда)

18.1

негізделген өтініштер

0,5

18.2

жартылай негізделген

0,3

                                       Медициналық қызметтің сапасын
                                           сараптауды ұйымдастыру
                                           және өткізу ережесіне
                                                  4-қосымша

           Қан қызметі көрсететін медициналық қызметтің
                       сапасын бағалау

Кодтар Құрылым индикаторлары Ақау дәрежесі

1.

Бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық бұйымның болуы

1.1

81-90%     

0,01

1.2

71-80%       

0,03

1.3

61-70%

0,05

1.4

60% және одан төмен

0,1

2.

Өлшеуіш құралдарын метрологиялық бақылаудың жоқтығы

2.1

кемінде 100%

0,05

2.2

кемінде 80%

0,1

2.3

жүргізілмейді

0,5

3.

Электр қондырғысының резервтік көздеріне тоңазытқыш жабдықтарының қосылмауы

1,0

4.

Тоңазытқыш жабдықтарында арнайы кілттердің болмауы

0,5

5.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесі

5.1

кемінде 100%

0,05

5.2

кемінде 80%

0,1

6.

Соңғы 5 жылда дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі

6.1

кемінде 100%

0,05

6.2

кемінде 80%

0,1

7.

Өтілі 5 жылдан көп болған жағдайда, біліктілік санаты бар орта медицина қызметкерлерінің үлесі

7.1

кемінде 100%

0,05

7.2

кемінде 80%

0,1

8.

Соңғы 5 жылда орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі

8.1

кемінде 100%

0,05

8.2

кемінде 80%

0,1

9.

ЖТП карантиндеу рәсімін жүргізу

9.1

жүргізілмейді

0,5

9.2

толық көлемде жүргізілмеген

0,3

10.

Өндірістің іс-шараларды орындауда стандарттық операциялық рәсімдердің (СОР) болмауы

0,5

11.

Азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін,  жедел және нақты ақпарат беру  (сырқаттардың ағыны болатын жерлерде көрнекі ақпараттың жоқтығы)

0,05


Процестің индикаторлары 


12.

Стандарттарға донордың медициналық зерттеулерінің сәйкестігі  (әрбір жағдайда)

12.1

зертханалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеді кемінде 100%

1,0


донорды медициналық куәландыру жүргізілді:

12.2

кемінде 100%

1,0

12.3

донорға анкета жүргізілген жоқ

0,2

13.

Қан препараттарын және зертханалық зерттеулерді өндіру үшін қолданылатын материалдар мен реагенттерге кіріс бақылауын жүргізу жөніндегі іс-шаралар

13.1

кіріс бақылауы рәсімінің болмауы 

0,5

13.2

кіріс бақылау толық көлемде жүргізілмеді

0,2

14.

Қан компоненттері мен препараттарын өндірудегі қиын кезеңдерді анықтау жөніндегі іс-шаралар

14.1

жүргізілмейді

0,5

14.2

толық емес көлемде жүргізіледі

0,2

14.3

донорлық қанды зертханалық зерттеу толық жүргізілмеді

1,0

14.4

өнімді этикеттеу және маркалау тәртібі бұзылып жүргізілді

0,2

15.

Біржолғы пластикалық контейнерлерді қолдана отырып, қан жинау жүргізілмеген  (әрбір жағдайда)

0,1

16.

Қан өнімін жұқпалы және иммунологиялық қауіпсіздігімен қамтамасыз етпеу  (әрбір жағдайда)

16.1

донорлық қанды, оның компоненттері мен препараттарын гепатит, АҚТҚ, басқа да жұқпаларға зерттеу жүргізілмеген

0,5

16.2

HLA мен антиэритцитарлық антителдердің болуына донорлық қан скрининг жүргізілмеген

0,5

16.3 

қан компоненттерін лейкофильтрациясы жүргізілмеген

0,5

17.

Донорға шұғыл медициналық көмек көрсетпеу

0,7

18.

Медициналық құжаттаманы сапасыз ресімдеу және жүргізу  (әрбір жағдайда)

0,01


Нәтиже индикаторлары


19.

Қан мен оның компоненттерін жеткізумен қамтамасыз етілмеу  (әрбір жағдайда)

0,5

20.

Медициналық ұйымдарға жарамсыз өнімді тапсыру (әрбір жағдайда)

1,0

21.

Медициналық ұйымдарға карантинделмеген ЖТП беру

1,0

22.

Донорлардың бірыңғай ақпараттық базасын сапасыз жүргізу

0,5

23.

Азаматтардың   сапасыз көрсетілген медициналық көмекке арыздары  (әрбір жағдайда)

23.1

негізделген арыздар

0,5

23.2

жартылай негізделген

0,3

                                       Медициналық қызметтің сапасын
                                        сараптауды ұйымдастыру және
                                             өткізу ережесіне
                                                5-қосымша

      20__жылғы "____" ____________ денсаулық сақтау субъектісінің
      қызметін тексеру актісіне медициналық қызметтің сапасын
                         сараптау қорытындысы
1.__________________________________________________________________
(медициналық қызметтің сапасын сараптауды жүзеге асыратын
  мемлекеттік орган)
2. Денсаулық сақтау субъектісінің атауы, заңды мекен-жайы___________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Тексерілген бастапқы медициналық құжаттама:
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
және т.б.
4. Сараптамалардың саны:

N

Медициналық көмек көрсетудің түрлері

Медициналық құжаттаманың түрі

Сараптамалардың саны

барлығы

Соның ішінде 100% сараптамаға жататын

1

Стационарлық көмек

Стационарлық сырқаттың медициналық картасы



2

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек

Амбулаторлық сырқаттың медициналық картасы



3

Жедел медициналық жәрдем

Шығудың медициналық картасы



4

Қан қызметі

Донорлардың медициналық картасы



         5. Медициналық қызметтің сапасын бағалау нәтижелері, соның
ішінде:
      1) адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу
(медициналық қызметтің құрылым индикаторлары) -
      2) алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының
орындалуын бағалау (медициналық қызметтің процесс индикаторлары) -
      3) медициналық көмекті көрсету немесе көрсетпеу нәтижесінде
денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау (медициналық қызмет
нәтижесінің индикаторлары) -
      6. Медициналық қызмет сапасының қорытынды бағасы (5 деңгей
бойынша бағаланады)_________________________________________________
____________________________________________________________________
      7. Сарапшының қорытындысы (медициналық көмек сапасының барынша
жиі кездесетін анықталған ақауларын көрсету және ұсыныстар) ________
____________________________________________________________________
      Лауазымды адамдар_____________________________________________
                              Тегі, аты, әкесінің аты, қолы
      Денсаулық сақтау субъетісінің басшысы_________________________
                                       Тегі, аты, әкесінің аты, қолы
      Күні 20__ жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады