Байланыс формасы

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 135-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4687 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің мәліметіне жеткізілсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
№ 135-ө бұйрығымен
бекітілген

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жұртшылық - бір немесе бірден астам жеке немесе заңды тұлға, олардың ассоциациялары, ұйымдары немесе топтары, қоғамдық бірлестіктер;

      2) қоғамдық тыңдаулар – мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін ашық отырыстарды, сауалдарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі;

      3) мүдделi жұртшылық – қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі шешімдер қабылдау процесімен қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін, немесе осы процесске мүдделігі бар жұртшылық;

      4) тапсырыс беруші - жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің бастамашысы;

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Кодекстің 20-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады.

      4. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:

      1) мүдделі жұртшылық;

      2) жергілікті атқарушы орган;

      3) I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

      4) талқыланатын шешімдерді қабылдау құзыретіне жататын мемлекеттік органдар;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ), олар мүдделі болған жағдайда;

      6) тапсырыс беруші болып табылады.

      5. Осы қағидалардың 1-қосымшасының нысанына сәйкес жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында "Қоғамдық тыңдаулар" деген арнайы айдар құрылады.

      6. Қоғамдық тыңдау:

      1) Мыналар:

      Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жобалар бойынша;

      Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген I, II санаттағы объектілер үшін шаруашылық қызметі бойынша мүдделі жұртшылықпен ашық отырыс нысанында;

      2) Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген III, IV санаттағы объектілер үшін мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру үшін сауал нысанында өткізіледі.

      Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауал парақтары ресімделеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Кодекстің 41-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, Кодекстің 41-бабының 1-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші қоғамдық тындауға қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттаманы ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-тарау. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі
1 параграф. Ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар

      8. Тапсырыс беруші алдын ала жергілікті атқарушы органмен қоғамдық тыңдауды өткізудің уақыты мен орнын, мүдделі жұртшылықтың тізімін алдын ала келіседі және оны құлақтандырудың едәуір тиімді тәсілдерін (БАҚ-та хабарландырулар, ақпараттық парақтар, стендтер, жеке хабарламалар, жазбаша мәлімдемелер) негіздейді.

      9. Жергілікті атқарушы орган мүдделі жұртшылықтың тізімін, оны құлақтандыру тәсілін, қоғамдық тыңдауларды өткізудің уақыты мен орнын, қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлғаны анықтайды.

      10. Ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау өткізу үшін тапсырыс беруші мынадай мәліметтерді:

      қоғамдық тыңдау өткізу күні, уақыты және орнын;

      жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректерін;

      ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайын;.

      жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайын;

      жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайын;

      мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;

      тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;

      тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайын;

      құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректерін көрсете отырып, қоғамдық тыңдау өткізілгенге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-да жариялайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды, жоба бойынша құжаттаманы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялау үшін жолдайды.

      12. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейінгі жиырма күнге дейін белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі рәсіміне және осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар құлақтандырудың өзге де әдістерін қолдана отыра қамтамасыз етеді.

      13. Мүдделі жұртшылық тапсырыс берушіге жоба құжаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      14. Қоғамдық тыңдау өтетін күні белгіленген уақытта және орында қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлға қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады. Қатысушылардың көпшілік дауысымен күн тәртібі мен регламент бекітіледі, төраға мен хатшы сайланады.

      16. Тапсырыс берушінің жоба туралы баяндамалары тыңдалады. Баяндамаларда Кодекстің 41-бабының 1-тармағында көрсетілген Кодекстің 41-бабы 1-тармағының 1, 2, 14) тармақшаларын қоспағанда ақпарат қамтылады

      17. Қоғамдық тыңдауларда белгіленген регламентке сәйкес барлық қалаушылар пікірін білдіреді және баяндамашыларға сұрақ қояды.

      18. Жергілікті атқарушы орган қоғамдық тыңдау отырысының электронды жазбасын қамтамасыз етеді.

      19. Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттама қоғамдық тыңдауға қатысқан адамдардың пікірлері және интернет-ресурсы арқылы немесе ақпараттандырудың өзге де тәсілдерін қолдана отырып, қабылданған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып жасалады. Хаттамада тапсырыс берушінің жобасына қатысты мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары және әрбір ескерту мен ұсынысты ескеру бойынша тапсырыс берушінің ұстанымы, сондай-ақ шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат орын табады. Хаттамаға қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының қолы қойылады және ол қоғамдық тыңдау өткеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20. Қоғамдық тыңдауды өткізгеннен кейінгі жеті күннен кейін жеті жұмыс күн ішінде Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдау хаттамасының бір данасын жариялау үшін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына жариялауға ұсынады.

      21. Қоғамдық тыңдау осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген өкілдер міндетті түрде қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2 параграф. Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар

      22. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органды сауал нысанында қоғамдық тыңдауды өткізу жөнінде ескертеді.

      23. Жергілікті атқарушы орган жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны анықтайды.

      24. Тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды сауал нысанында өткізу жөнінде хабарландыруды БАҚ-да мынадай мәліметтерді:

      жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлғаның байланыс деректерін;

      мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;

      тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;

      құжаттаманы әзірлеушінің атауын және байланыс деректерін;

      мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру жөніндегі сауалнама парағы және жоба бойынша құжаттама жарияланған мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайын;

      ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын Тапсырыс берушінің электрондық поштасының немесе интернет-ресурстың мекенжайын;

      ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды бастау және аяқтау күндерін көрсете отырып, сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаудың өтетін кезеңін (кем дегенде жиырма жұмыс күні) көрсете отырып, жариялайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      25. Жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы мүдделі жұртшылықтан ұсыныстар мен (немесе) ескертулер түскен жағдайда, оны тапсырыс берушіге жолдайды.

      26. Тапсырыс беруші жұртшылықтан түскен ұсыныстар мен (немесе) ескертулеріне талдау жасайды.

      27. Жергілікті атқарушы органның жауапты адамы Тапсырыс берушімен бірлесіп, осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу туралы хаттама жасайды. Хаттамада мүдделі жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулері және Тапсырыс берушінің әрбір ұсынысты не (немесе) ескертулерді ескеру бойынша ұстанымы және шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат орын табады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      28. Сауал нысандағы қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. Қағида 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы
"Қоғамдық тыңдаулар" айдары

Орналастыру күні

Хабарландыру


Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыру мәтіні, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға, ұсыныстар мен ескертулерді қабылдауға жауапты тұлғаның байланыс деректері;

мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы;

тапсырыс берушінің атауы;

жоба бойынша құжаттама жарияланған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы;

құжаттаманы әзірлеушінің атауы;

күні, уақыты, орны.


Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары

мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары


қоғамдық пікір есебі бойынша сауалнама парағы


қоғамдық пікір есебі бойынша толтырылған сауалнама парақтары


қоғамдық тыңдаулар хаттамасы


сауалнама нысанындағы қоғамдық талқылау өткізу туралы хаттама

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі

САУАЛ ПАРАҒЫНЫҢ № _____

      Күні __________

      1. А.Т.Ә, (заңды тұлғаның атауы), ЖСН (БИК)__________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы____________________________

      (елді мекеннің атауы)

      3. Айналысатын кәсібі _______________________________________________

      4. Байланыс деректері _______________________________________________

      (Мекенжайы, телефон, өзгесі жауап алу қажет болған жағдайда

      толтырылады)

      5. Ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны _______________________________

      (сауал қатысушы ұйым атынан шығып отырған жағдайда толтырылады)

      6. Жоспарланатын қызмет туралы ұсынылған ақпарат толықтығының бағасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Түсініктемелер, ұсыныстар:________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

________ жоба бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Өткізу күні ____________________________________________________________________

      2. Өткізу орны ___________________________________________________________________

      3. Қоғамдық тыңдауды_______________________________________________ұйымдастырды

                                    (жергілікті атқарушы орган)

      4. Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа ______________________________

      _______________________________________________________________ арқылы жеткізілді.

      (құлақтандыруға пайдаланылған құралдарды көрсету, мысалы, БАҚ атауы

      және жариялау күндері)

      5. Қатысқандар:__________________________________________________________________

      (толық тізімді хаттамаға қосымша ретінде ұсына отырып, барлық

            Қатысушыларды немесе қатысушылардың негізгі санатын көрсету)

      6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:_________________________________________________

      (күн тәртібіндегі негізгі тармақтар және оларға қарастырылған уақыт шегі)

      7. Сөз сөйлегендер:_______________________________________________________________

      (сөз сөйлегендердің тізбесі, олардың сөйлеген сөздері мен баяндамаларының

      тақырыбы және негізгі мәні, сөйлеген сөзі мен баяндамаларының мәтіні болған

            жағдайда, оларды хаттамаға қосымша ретінде қосу).

      8. Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулері,

      сұрақтары:______________________________________________________________________

      (сұрақты және жауапты, мақсатты топты немесе ұйымды көрсете отырып, ұсыныстар

      мен ескертулерді жазу; жазбаша көлемді ұсыныстар мен ескертулер болған кезде –

      оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу)

      9. Тапсырыс берушінің сұрақтарға, ұсыныстар мен ескертулерге

      жауаптары ______________________________________________________________________

      10. Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

      ________________________________________________________________________________

      11. Шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі.

      Қоғамдық тыңдаудың төрағасы:____________________________________________________

      (Тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: ___________________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Қоғамдық тыңдауларды
өткізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_______ жоба бойынша сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізу туралы хаттама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.09.2017 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Мекенжайы:____________________

      Есепті жасау күні ________________

      Материалдармен танысу ________ күн ішінде _______ жылдың ____________бастап

      _________________________________________________ мекенжайлары бойынша жүргізілді.

      Құжаттаманың толық атауы: _______________________________________________________

      Шаруашылық қызметті жүзеге асыру орны: __________________________________________

      Тапсырыс беруші: ________________________________________________________________

      Әзірлеуші_______________________________________________________________________

      Сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу тәртібі:

      ақпараттық хабарландыруларды мына бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау:

      ________________________________________________________________________________

      Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау нәтижелерін өңдеу:

      сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу кезінде ___________ сауалнама парағы келіп түсті.

      Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізгеннен кейін тапсырыс берушіге ұсынылды:

      Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау барысында айтылған ескертулер

      мен ұсыныстарға талдау:

      Шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі.

      Жергілікті атқарушы

      органның жауапты адамы _________________________________________________________

      Тапсырыс беруші ________________________________________________________________

      Қосымша: сауал нысанындағы қоғамдық тыңдауға қатысушылардың толтырған сауал парақтары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады