Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 154 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4725 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің
міндетін атқарушы



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 25 мамырындағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген

"Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін белгілейді.

2. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі

      2. Музейдің сақтау қоймасына қол жеткізу музей заттарының сақталуына жауапты музей қызметкерімен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – сақтаушы).

      3. Сақтау қоймасына әрбір кіру сақтаушымен жүргізілетін сақтау қоймасына келу журналында белгіленеді. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің мерзімі, уақыты және келу мақсаты, тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері жөнінде жазба енгізіліп, сақтаушының және келушінің қолдары қойылады.

      Сақтау қоймасына келу журналы байланады, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін сақтаушының қолы қойылып, музейдің мөрімен басылады.

      4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілікпен кіреді.

      5. Музей заттарын музей аумағының шегінде сақтау қоймасынан уақытша пайдалануға тапсыру сақтаушы мен музей қызметкерлері арасында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсыру актісімен ресімделеді.

      Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдау осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді.

      6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музей сақтаушысымен берілген бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметті қамтыйды.

      Бір реттік рұқсат қағазы келуші сақтау қоймасына кіріп шыққаннан кейін қор сақтаушыда қалады.

  Музейдің сақтау қоймасындағы
музей заттары мен музей
коллекцияларына қол жеткізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(музейдің толық атауы)

№ ____ Тапсыру актісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы акт " " ___________ 20 __ жылы _____________________________________ _______________________________________________________________ __________ (музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      _______________________________________________________________ ___________ (музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын: " " ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________

      _______________________________________________________________ ___________ (аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы

      уақытша пайдалануға ______________________________________ мақсатында қабылдағаны туралы жасалды:

№ р/с

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының саны

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6







      Мен,________________________________________________________________ (көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаған ____________________________________________________________________ тұлғаның аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, лауазымы)

      көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаймын, және олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген мерзімде қайтарамын.

  Музейдің сақтау қоймасындағы
музей заттары мен музей
коллекцияларына қол жеткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(музейдің толық атауы)

№ ____ Қайтару актісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы акт " " ___________ 20 __ жылы _____________________________________

      _______________________________________________________________ ___________ (музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      _______________________________________________________________ ___________ (музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын:

      " " ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________

      _______________________________________________________________ ___________ (аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы

      " " ________ 20 __ жылы қайтарғаны туралы жасалды:

№ р/с

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының саны

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады