Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4749 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.11.2013 № 265 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.11.2013 № 265 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.11.2013 № 265 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының      
2007 жылғы 25 мамырдағы    
N 153 бұйрығымен бекітілген  

Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе
стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана
қорларына қол жеткізу қағидасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.11.2013 № 265 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидалары «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.11.2013 № 265 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Кітапхана қосыны - штаттық қызметкер немесе келісімшартқа отырған қоғамдық-кітапханашы жұмыс істейтін кітапхананың аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Кітапхана қосындары кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен келісімшарт бойынша, сондай-ақ стационарлық кітапханасы жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады.

      3. Көшпелі оқу залы (дауыстап оқумен) - ұйым мен кітапхана арасындағы жасалған келісімшарт негізінде, айдың белгілі бір күндері мен сағатында тұтынушыларға баспа басылымдары (кітаптар, кітапшалар, газеттер, журналдар) (бұдан әрі - баспа басылымдары) және материалдармен (CD-дискілер, дискеттер, флэш-порттар, микрофильмдер, аудио және видеобасылымдар) (бұдан әрі - материалдар) тұрып жатқан жерлерінде (қарттар, мүгедектер үйі) танысуға мүмкіндік беретін стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысаны.

      4. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету - кітапханадан тыс жерлерде тұтынушыларға бірқалыпты қызмет көрсетуге, олардың сұраныстарын қанағаттандыруға арналған қызмет.

      5. Сырттай абонемент - баспа басылымдары мен материалдарды тұтынушының тікелей тұрақты жеріне пошта арқылы жөнелту жолымен қызмет көрсететін кітапхана абонементі.

      6. Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам.

      7. Ұжымдық абонемент - еңбек ұжымында, сыныптарда, өндірістік учаскеде келісімшарт негізінде қызмет көрсету нысаны.

      8. Егде жастағы адамдар - 58-ден жоғары жастағы тұтынушылар.

      9. Үй абонементі - тұтынушыға баспа басылымдарын және материалдарды үйінде алуға мүмкіндік беретін кітапхана абонементі.

      10. Жылжымалы кітапхана - кітапхана қызметімен алыс аймақтардағы тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған абонемент.

  2. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет
көрсетуді ұйымдастыру

      11. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысандарының міндеті мүгедектердің немесе егде жастағы адамдардың ақпаратқа қолжетімділігі құқығын оның сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес қамтамасыз ету болып табылады.

      12. Барлық мемлекеттік кітапханалар сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы мүгедектер немесе егде жастағы адамдарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.

      13. Сырттай және стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысандарына кітапхана қосындары, сырттай, үй, ұжымдық абонементтер, көшпелі оқу залдары, жылжымалы кітапханалар енеді.

      14. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсетуді қаржыландыру ұйымдастыруға, қорды қоса, көлік қызметіне, орын-жайға және басқа шығындарға қаралған жыл сайын бекітілетін бюджет есебінен жүзеге асырылады.

  3. Сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы көрсетілетін қызметтер

      15. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызметімен тұтынушыларға келесі қызметтер ұсынылады:
      1) ақпарат көздерін іздеу және таңдауда анықтамалық және консультациялық көмек;
      2) кітапхана қорында нақты баспа басылымдары мен материалдардың бар болуы туралы ақпарат ұсыну;
      3) оқырманның сұранымы бойынша толық мәтіндегі ғылыми деректер базасынан, онлайн каталогтарынан ақпаратты іздеу және ұсыну;
      4) өз қорларындағы және басқа кітапханалардың қорларынан баспа басылымдары мен материалдарды (олардың көшірмелері), сонымен қатар электрондық поштаны қолдану арқылы ұсынады.

      16. Көрсетілген қызметтерді ұсынуға тапсырыстар ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша түрде (өтінім бланкі, электрондық пошта арқылы) қабылданады.

Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста

Приказ и.о. Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года N 153. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2007 года N 4749

      В соответствии с пунктом 6 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре», ПРИКАЗЫВАЮ:
      Сноска. Преамбула в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 15.11.2013 № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста.

      2. Департаменту историко-культурного наследия в установленном порядке:
      1) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования. 

      Исполняющий
      обязанности Министра

Утверждены              
приказом исполняющего        
обязанности Министра        
культуры и информации        
Республики Казахстан        
от 25 мая 2007 года N 153     

Правила
доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные
формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» и определяют порядок доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания. Заочные или внестационарные формы обслуживания являются составной частью деятельности библиотек по оказанию услуг населению.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 15.11.2013 № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Библиотечный пункт - это территориально обособленное подразделение библиотеки, работу в котором ведет ее штатный работник или библиотекарь-общественник с заключением договора. Библиотечные пункты организуются библиотекой по договоренности с предприятием, организацией, учреждением, а также в населенных пунктах, не имеющих стационарных библиотек.

      3. Выездной читальный зал (с громкими чтениями) - форма внестационарного библиотечного обслуживания пользователей, предусматривающая возможность пользования печатными изданиями (книги, брошюры, газеты, журналы) (далее - печатные издания) и материалами (CD-диски, дискеты, флэш-порты, микрофильмы, аудио и видеоиздания) (далее - материалы) по месту жительства (дома престарелых, инвалидов) в определенные дни и часы месяца, с заключением договора между организацией и библиотекой.

      4. Заочное или внестационарное библиотечное обслуживание - обслуживание пользователей за пределами библиотеки, предназначенное для дифференцированного обслуживания, удовлетворения их запросов.

      5. Заочный абонемент - библиотечный абонемент, предоставляющий пользователю возможность получения печатных изданий и иных материалов непосредственно по месту жительства путем пересылки по почте.

      6. Инвалид - пользователь, имеющее нарушение здоровья со стойким расстройством функций организма, обусловленное заболеваниями, травмами, их последствиями, дефектами, которое приводит к ограничению жизнедеятельности и необходимости его социальной защиты.

      7. Коллективный абонемент - форма организации обслуживания трудового коллектива, класса, производственного участка на основе договора.

      8. Лица преклонного возраста - пользователи от 58 лет и старше.

      9. Надомный абонемент - библиотечный абонемент, предоставляющий пользователям возможность получения печатных изданий и других материалов на дому.

      10. Передвижная библиотека - абонемент, предназначенный для обслуживания пользователей отдаленной территории.

  2. Организация
заочного или внестационарного библиотечного обслуживания

      11. Задачей заочного или внестационарного форм библиотечного обслуживания является обеспечение прав инвалидов или лиц преклонного возраста на доступ к информации в соответствии с их потребностями и интересами.

      12. Все государственные библиотеки обеспечивают работу по обслуживанию инвалидов или лиц преклонного возраста через заочное или внестационарное формы обслуживания.

      13. К формам заочного или внестационарного библиотечного обслуживания относятся библиотечные пункты, заочные, надомные, коллективные абонементы, выездные читальные залы, передвижные библиотеки.

      14. Финансирование заочного или внестационарного библиотечного обслуживания осуществляется за счет ежегодно утверждаемого бюджета, предусмотренного на организацию, включая фонд, транспортные услуги, расходы на содержание помещения и другие расходы.

  3. Услуги, оказываемые через заочные или внестационарные
формы обслуживания

      15. Пользователям при заочном или внестационарном библиотечном обслуживании могут предоставляться следующие услуги:
      1) справочная и консультационная помощь в поиске и выборе источников информации;
      2) предоставление информации о наличии в библиотечном фонде конкретных печатных изданий и материалов;
      3) поиск и предоставление информации по заказу читателя из полнотекстовых научных баз данных, онлайновых каталогов;
      4) предоставление печатных изданий и материалов (их копии) из собственных фондов и из фондов других библиотек, в том числе с использованием электронной почты.

      16. Заказы на предоставление указанных услуг принимаются в устной (по телефону) или письменной форме (бланк-заявка, по электронной почте).