"Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 231 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылы 25 шілдеде N 4830 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының 5-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН :

         1. "Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 261-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аңшы куәлігі (1-қосымша) тұрғылықты жер бойынша 10 жыл мерзімге беріледі.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының (бұдан әрі - аумақтық басқарма) тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі болмаса, аңшы куәлігі жарамсыз деп танылады.";

      11-тармақта "және жеке ісінің" деген сөздер алынып тасталсын.
      2-қосымшада:
      "Ерекше белгілер" бөлімі осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес "1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер" тармағымен толықтырылсын.
      "1" және "2"-тармақтар тиісінше "2" және "3" реттік нөмірлерге өзгертілсін.

      2. Жануарлар дүниесі басқармасы (Дүйсекеев Б.З.) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Қ.Ш. Мұсабаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төрағаның міндетін
      атқарушы

                             Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                                 министрлігі Орман және аңшылық
                               шаруашылығы комитеті төрағасының
                             2007 жылғы 12 шілдедегі N 231 бұйрығына
                                             қосымша

1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер

Түрі

Маркасы

Калибрі

Шығарылған
жылы

Зауыттық нөмірі

Өзгелер



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады