Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 210 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4879 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2011.05.18 № 220 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінің жүргізілуін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің берілуін бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қорғаныс министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 25 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      2007 жылғы 21 шілде

Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі
N 210 бұйрығымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің
тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік
әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру
Ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
      Ережелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (бұдан әрі - Куәлік) беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелері Тізілімде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.

      3. Тізілімді жүргізуді және Куәлікті беруді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

  2. Тізілімді жүргізу және Куәлікті беру тәртібі

      4. Мемлекеттік санатына ауыстырылатын әуе кемесін мемлекеттік тіркеу үшін, әуе кемесі қарамағына келіп түскен мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) Ереженің  1-қосымшасына сәйкес хабарламаны;
      2) әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісін;
      3) әуе кемесін қабылданғанын (сатып алынғанын) растайтын құжаттардың көшірмесін;
      4) әуе кемесін тиісті тізілімнен шығару туралы куәлікті (азаматтық әуе кемелері және шет мемлекеттердің әуе кемелері үшін).
      Ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесін Тізілімге енгізеді және Ереженің  2-қосымшасына сәйкес оның тіркелгені туралы Куәлік береді.

      5. Мемлекеттік әуе кемесін Тізілімнен шығару үшін мемлекеттік әуе кемесі қарамағында тұрған мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) Ереженің  3-қосымшасына сәйкес хабарламаны;
      2) Куәлікті;
      3) мемлекеттік әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісін;
      4) мемлекеттік әуе кемесін шет мемлекетке тапсыруды (сатуды), немесе мемлекеттік әуе кемесін азаматтық (тәжірибелік) әуе кемесі санатына ауыстыруды, немесе мемлекеттік әуе кемесін есептен шығарылғанын растайтын құжаттардың көшірмесін.
      Ұсынылған құжаттар негізінде уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесін Тізілімнен шығарады және оның шығарылғаны туралы Тізілімнен көшірме түрінде құжат береді.

      6. Мемлекеттік әуе кемесін Тізілімге енгізу немесе оны Тізілімнен шығару уәкілетті орган басшысының, немесе оның орнын басушының қорытындысы негізінде, тиісті құжаттарды қоса бере отырып, хабарлама түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      7. Куәлік мемлекеттік әуе кемелерінің Тізілімге тіркелгенін куәландыратын құжат болып табылады. Куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде оның көшірмесі беріледі. Көшірмені алу үшін уәкілетті органға куәліктің жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

      8. Куәліктің "Мемлекеттік әуе кемесін тапсыру туралы белгілер" бөліміне өзгерістер мемлекеттік әуе кемесін бір мемлекеттік органнан (мекемеден) екіншісіне тапсырғанда енгізіледі. Куәлікке өзгерістер енгізу үшін уәкілетті органға Куәлікпен қоса, белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік әуе кемесінің кеткені туралы хабарлама тапсырылады.

      9. Жыл сайын 1 желтоқсанға мемлекеттік орган (мекеме) уәкілетті органға мемлекеттік әуе кемелерінің және оларда орнатылған авиациялық қозғалтқыштардың нөмірлік бар болуы және жағдайы туралы есебін (бұдан ары - Есеп) белгіленген тәртіп бойынша ұсынады.

      10. Жыл сайын 20 желтоқсанда ұсынылған Есеп бойынша уәкілетті орган Тізілімді салыстырып тексереді.

      11. Тізілім уәкілетті органның құпия бөлімінде сақталады. Уәкілетті органға Ережелер бойынша тапсырылған құжаттар мемлекеттік әуе кемесінің бүкіл пайдалану мерзімі біткенше жеке істе сақталады және оның есептен шығарылғанынан бір жыл өткенде белгіленген тәртіп бойынша жойылады.

                                           Қазақстан Республикасы 
                                         Мемлекеттік әуе кемелерінің
                                            тізілімін жүргізу және
                                            Қазақстан Республикасы
                                         мемлекеттік әуе кемелерінің
                                          мемлекеттік тіркеу туралы
                                          куәлігін беру Ережелеріне
                                                   1-қосымша

                               _____________________________________
                                       (уәкілетті органның атауы)

          Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
                   мемлекеттік тіркеу туралы
                          ХАБАРЛАМА

__________________________________________________қарамағындағы
        (пайдаланушы және оның мекен-жайы)
_________________________________________________________ негізінде
_______________________________________________________ келіп түскен
____________________________________________________________________
                  (мемлекеттік әуе кемесінің түрі)
толық зауыттық нөмірі ______________________________________________
шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні)___________________
орнатылған авиациялық қозғалтқыштары________________________________
____________________________________________________________________
      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізіліміне
тіркеп және оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беруін сұраймын.
      Қосымша мәлімдеулер:
      1. Санаты (әуе кемесінің тағайындалуы) _______________________
      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________
      Қосымшалар ___________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(мемлекеттік органның,              (қолы)         (аты-жөні, тегі)
мекеменің басшысының лауазымы)

      М.О.
"___" _________ 20___ж.

Қорытынды:_________________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(уәкілетті органның,              (қолы)         (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)

      М.О.
"___" _________ 20___ж.

                                           Қазақстан Республикасы
                                         Мемлекеттік әуе кемелерінің
                                            тізілімін жүргізу және
                                            Қазақстан Республикасы
                                         мемлекеттік әуе кемелерінің
                                          мемлекеттік тіркеу туралы
                                          куәлігін беру Ережелеріне
                                                     2-қосымша

                              ЕЛТАҢБА
                      Уәкілетті орган
  ________________________________________________________________

                       Қазақстан Республикасының
                 мемлекеттік әуе кемесін тіркеу туралы
                                КУӘЛІК
                                 N ___ 

1. Мемлекеттік
әуе кемесінің
түрі

2. Мемлекеттік
әуе кемесінің
толық
зауыттық
нөмірі

3. Шығарылған
жылы 

4. Мемлекеттік
және тіркеу
тану белгілері *





          5. Пайдаланушы_____________________________________________
      6. Мемлекеттік әуе кемесі Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе
кемелерінің тізіліміне белгіленген тәртіппен тіркелгенін
куәландырылады.
_________________________  _________________  ______________________
    (лауазымы)                  (қолы)             (аты-жөні, тегі)

      М.О.
"___" _________ 20___ж.

Ескерту: * Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік әуе кемесі үшін толтырылады.

                                                  (сыртқы беті)

          МЕМЛЕКЕТТІК ӘУЕ КЕМЕСІН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР

Пайдаланушы ________________________________________________________

Негізі   ___________________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(уәкілетті органның,                  (қолы)       (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)

     М.О.
"___" _________ 20___ж.

Пайдаланушы ________________________________________________________

Негізі   ___________________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(уәкілетті органның,                 (қолы)         (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)

     М.О.
"___" _________ 20___ж.

Пайдаланушы ________________________________________________________

Негізі   ___________________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(уәкілетті органның,                  (қолы)       (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)

     М.О.
"___" _________ 20___ж.

                                           Қазақстан Республикасы
                                         Мемлекеттік әуе кемелерінің
                                            тізілімін жүргізу және
                                            Қазақстан Республикасы
                                         мемлекеттік әуе кемелерінің
                                          мемлекеттік тіркеу туралы
                                          куәлігін беру Ережелеріне
                                                     3-қосымша

                               _____________________________________
                                      (уәкілетті органның атауы)

         Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесін
    Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінен шығару туралы
                           ХАБАРЛАМА
__________________________________________________қарамағындағы
      (пайдаланушы және оның мекен-жайы)
____________________________________________________________________
                (мемлекеттік әуе кемесінің түрі)
толық зауыттық нөмірі ______________________________________________
орнатылған авиациялық қозғалтқыштары________________________________
____________________________________________________________________
      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемесінің мемлекеттік
тіркелгені туралы куәлік N ______ 20___ жылғы "__"___________
берілген мемлекеттік және тіркеу тану белгілері ____________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ байланысты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімінен
шығаруын сұраймын.
      Қосымша мәлімдеулер:
      1. Санаты (әуе кемесінің тағайындалуы) _______________________
      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________
      Қосымшалар ___________________________________________________
_______________________________  ________________  _________________
(мемлекеттік органның,              (қолы)          (аты-жөні, тегі)
мекеменің басшысының лауазымы)

      М.О.
"___" _________ 20___ж.

Қорытынды:__________________________________________________________
_________________________  _________________  ______________________
(уәкілетті органның           (қолы)             (аты-жөні, тегі)
басшысының лауазымы)

      М.О.
"___" _________ 20___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады