Байланыс формасы

"Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 485 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4990 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 127 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы  N 16 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 2141 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-бап, "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 1 наурыздағы  N 159 , Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 2724 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 15, 95-бап; "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы  N 535 , Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 2906 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 15, 97-бап; "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі  N 234 , Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 3590 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 14, 75-бап бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру  ережелерінде :
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері кемінде 30 ғылыми еңбекте, оның ішінде 10 жеке, 3 шет елдік ғылыми басылымдарда және 10 Комитет бекіткен Тізбедегі басылымдарда (кемінде бес түрлі тақырыптағы) жариялануы тиіс. Диссертацияның негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізуге арналған басылымдарға қойылатын талаптарды Комитет белгілейді.";

      13-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Диссертацияны ұсынғанға дейін" деген сөздерден кейін "диссертациялық кеңеске" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      18-тармақта:
      бірінші абзацтағы "олардың біреуі бойынша кеңеске" деген сөздерден кейін "докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы "кеңестегіге жақын" деген сөздерден кейін "докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Диссертацияларды бір жолғы қорғау докторлық диссертацияларды қабылдау құқығына ие кеңестерде ғана өткізіле алады.";

      21-тармақта:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдағаннан кейін және кеңес авторефератты басуға рұқсат бергеннен кейін диссертация мен авторефераттың мәтініне түзетулер енгізуге жол берілмейді.";

      22-тармақта:
      бірінші абзацтағы "диссертация тақырыбына жақын кемінде үш мақаласы бар" деген сөздер алынып тасталсын;

      24-тармақта:
      үшінші абзацтағы "Комитет рұқсатымен" деген сөздер алынып тасталсын және "диссертацияны қорғау уақытына дейін" деген сөздерден кейін "Комитетті хабардар ете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақта:
      бірінші абзацтағы "немесе экономика, құқық және т.б. диссертацияның ғылыми және (немесе) тәжірибелік құндылығын әділ анықтауға қабілетті," деген сөздер "қорғалатын диссертацияның мамандығы бойынша кемінде екі ғылым докторы жұмыс істейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "Комитет рұқсатымен" деген сөздер алынып тасталсын және "диссертацияны қорғау уақытына дейін" деген сөздерден кейін "Комитетті хабардар ете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      32-тармақтағы "диссертациялық кеңесте" деген сөздер "диссертациялық кеңес құрылған ұйымда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-тармақта:
      бесінші абзацтағы "Ізденуші дәлелсіз себептермен келмей қалған жағдайда сараптау кеңесі диссертацияны оның қатысуынсыз қарайды." деген сөздер алынып тасталсын;

      38-тармақ алынып тасталсын;

      51-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Комитеттің Төралқасы мен аппеляциялық комиссиясының шешіміне қайта аппеляция қабылданбайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
      осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Н.Б. Қалабаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады