Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылдың 4 қарашасындағы N 42 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 31 қазандағы N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5010 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2010 жылғы 12 қазандағы N 71 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2010.10.12 N 71 (ҚР Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді) Бұйрығымен.

      Прокуратура органдарында жұмысты тиісті түрде ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" заңының  11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылдың 4 қарашасындағы  N 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3939) мынадай өзгерту енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

      12-тармақтың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) мамандандырылған прокурорлар жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалайтын прокуратура органдары бөлімшесінің келісімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімшелерінде жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;".

      2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары таныстырылсын, көшірмесі Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Бас әскери прокуратураға, облыс прокурорларына, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады