Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 5011 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5011 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік, қаржылық қамтамасыз ету департаменттері Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылға арналған бюджеттік өтінімдерін құру кезінде мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу бойынша бюджеттік бағдарлама көздесін.

      3. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      міндеттерін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.  
2007 жылғы 29 қазандағы       
N 648 бұйрығымен бекітілген     

Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру,
сақтау және пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі (бұдан әрi - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстары - тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету үшін құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттік запастары;
      2) мамандандырылған ұйым - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік холдинг айқындаған, мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;
      3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ;
      4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.

      3. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану уәкілетті орган мен мамандандырылған ұйым арасында мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сенімділікпен басқару шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мамандандырылған ұйым мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдаланумен байланысты қызмет нәтижелері бойынша уәкілетті органға уәкілетті орган белгілеген тізбеде, нысандарда және мерзімдерде есептік береді.

2. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру

      5. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды уәкілетті орган мамандандырылған ұйым арқылы:
      республикалық бюджеттің қаражаты есебінен аттестатталған өндірушілерден мақта тұқымын сатып алу;
      бұрын берілген тұқымдық несиелерді қайтару;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндірушілерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.

      6. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарына жеткізілетін мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруі тиіс:
      элита тұқымы - сорттық тазалықтың бірінші санаты және себу стандартының бірінші сыныбы;
      бірінші-екінші көбейтілген тұқым - сорттық тазалықтың екінші санатынан және себу стандартының екінші сыныбынан төмен емес.

3. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау

      7. Мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстары мақта өңдейтін ұйымдарда бүлінуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетпеуден толық сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бөлінген қоймаларда сақталады.

      8. Мамандандырылған ұйым мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді.

      9. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау жөніндегі шығындар оны сатудан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      10. Мақта өңдеу ұйымдары уәкілетті органға және мамандандырылған ұйымға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау жөнінде есеп береді.

4. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын пайдалану

      11. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөніндегі қызметке төленетін ақы есебінде беру арқылы мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      12. Тұқымдық несиені беру бөлінетін несие құнының 3 пайызынан аспайтын мөлшердегі қайтару коэффициентін ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негізде жүргізіледі.

      13. Тұқымдық несие алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мамандандырылған ұйым құрған комиссияға өтініш, жер телімінің құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Қазақстан Республикасының банкілік заңнамасына сәйкес ресімделген екінші деңгейдегі банктің кепілдігін тапсырады.

      14. Тұқымдық несиені қайтару ағымдағы жылғы өнім мақтасының сорттық тұқымынан немесе несие беру шартында көрсетілген мерзімдерде шитті мақтамен, мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

      15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігі бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезінде сатып алушылар мамандандырылған ұйымға сонымен қатар өтінішті және жер телімінің құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

      16. Мақта тұқымының сақтау мерзімі өткен жағдайда мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен айырбастау шарты негізінде мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.

      17. Мамандандырылған ұйым уәкілетті органға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының бары және қозғалысы жөнінде ақпарат береді.

                                    Мақта тұқымының мемлекеттік
                              ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
                                        пайдалану ережесіне
                                           1-қосымша

                                      Қазақстан Республикасы
                                 Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
                                    2007 жылғы 29 қазандағы
                                   N 648 бұйрығымен бекітілген

                                                     Тоқсан сайын
                              тоқсан есебі біткеннен кейін 25-күні
                                                      тапсырылады

          ______________________________________________________
                  (мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы)
        200 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттік
                     ресурстарын сақтау есебі

N
р/с

Дақыл

Сорт

Көлемі
(тонна)

Есеп құны
(мың.теңге)


Кондициалы тұқым
(тонна)













  кестенің жалғасы

Сапалық құрам және мінездемесі

Санаты

Репродукциясы

1

2

3

элита

1

2













  кестенің жалғасы


Себу стандарты сыныбы

Өнімділігі

Кондицияға
жатпайтын
тұқым (тонна)

1

2

3











  Басшы   _____________________       _____________________________
              (қолы)                      (аты-жөні, тегі)
М.О.

                                  Мақта тұқымының мемлекеттік
                             ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
                                       пайдалану ережесіне
                                           2 - қосымша

                                    Қазақстан Республикасы
                               Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
                                    2007 жылғы 29 қазандағы
                                  N 648 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің       Ауыл шаруашылығы министрлігіне
"___" ______ 200__ ж. N___              айына бір рет 29 күні
бұйрығымен бекітілген                   мамандандырылған ұйым
Қазақстан Республикасы                     тапсырады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ведомстволық ақпараты

   "___" __________200_ жылғы мақта тұқымының мемлекеттік
          ресурстарының бары және қозғалысы

Мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы

"___"______
200_ жылғы
мақта
тұқымының бары

__ __ _____
200_ ж.
өткен есеп мерзімдегі кіріс

__ __ _____
200_ ж. өткен есеп мерзімдегі шығыс

"___"______
200_ ж. мақта тұқымының бары











  Басшы  ________________     _________________________________
           (қолы)                   (аты-жөні, тегі)
Орындаушы ________________  _________________________________
           (қолы)                   (аты-жөні, тегі)

Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 октября 2007 года № 648. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2007 года № 5011. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить Правила формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника.

      2. Департаментам земледелия и фитосанитарной безопасности, финансового обеспечения при формировании бюджетной заявки Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на 2009 год предусмотреть бюджетную программу по выделению средств из республиканского бюджета для формирования государственных ресурсов семян хлопчатника.

      3. Департаменту земледелия и фитосанитарной безопасности (Буць А.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра

Утверждены приказом       
и.о. Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан      
от 29 октября 2007 года N 648 

Правила формирования, хранения и использования
государственных ресурсов семян хлопчатника

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) государственные ресурсы семян хлопчатника - государственные запасы семян хлопчатника, используемые для семенных целей, созданные и предназначенные для устойчивого обеспечения потребностей Республики Казахстан в семенном материале;

      2) специализированная организация - специализированная организация, определенная национальным холдингом в сфере агропромышленного комплекса, осуществляющая управление государственными ресурсами семян хлопчатника;

      3) уполномоченный орган - Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;

      4) хлопкоперерабатывающая организация - юридическое лицо, имеющее на праве собственности хлопкоочистительный завод, оказывающее услуги по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно.

      3. Формирование, хранение и использование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется посредством заключения между уполномоченным органом и специализированной организацией договора доверительного управления государственными ресурсами семян хлопчатника.

      4. Специализированная организация по результатам деятельности, связанной с формированием, хранением и использованием государственных ресурсов семян хлопчатника, представляет уполномоченному органу отчетность по перечню, формам и срокам, установленным уполномоченным органом.

2. Формирование государственных ресурсов семян хлопчатника

      5. Формирование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется уполномоченным органом через специализированную организацию путем:
      закупа семян хлопчатника у аттестованных производителей за счет средств республиканского бюджета;
      возврата ранее выданных семенных ссуд;
      закупа семян хлопчатника у аттестованных производителей на средства, вырученные от продажи государственных ресурсов семян хлопчатника.

      6. Сортовые семена хлопчатника, поставляемые в государственные ресурсы семян хлопчатника, должны принадлежать к сортам, включенным в  Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в Республике Казахстан, а по сортовым и посевным качествам отвечать следующим требованиям:
      семена элиты - первой категории сортовой чистоты и первого класса посевного стандарта;
      семена первой-второй репродукций - не ниже второй категории сортовой чистоты и второго класса посевного стандарта.

3. Хранение государственных ресурсов семян хлопчатника

      7. Государственные ресурсы семян хлопчатника хранятся в хлопкоперерабатывающих организациях, в специально отведенных для этого хранилищах, обеспечивающих полную сохранность семян от порчи и засорения другими культурами и сортами.

      8. Специализированная организация и хлопкоперерабатывающие организации обеспечивают количественно-качественную сохранность государственных ресурсов семян хлопчатника.

      9. Расходы по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляются за счет средств, полученных от их реализации.

      10. Хлопкоперерабатывающие организации предоставляют уполномоченному органу и специализированной организации отчет по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

4. Использование государственных ресурсов семян хлопчатника

      11. Использование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется специализированной организацией путем выдачи семенной ссуды и продажи, а также передачи хлопкоперерабатывающей организации семян хлопчатника в счет оплаты услуг по их хранению.

      12. Выдача семенной ссуды производится на возвратной и коммерческой основе с учетом коэффициента возврата, размер которого составляет 3 процента от стоимости выделяемой ссуды.

      13. Для получения семенной ссуды сельскохозяйственные товаропроизводители подают в комиссию, созданную специализированной организацией, заявление, копию правоудостоверяющего документа на земельный участок и гарантию банка второго уровня Республики Казахстан, оформленную в соответствии с банковским законодательством Республики Казахстан.

      14. Возврат семенной ссуды осуществляется сортовыми семенами хлопчатника урожая текущего года либо хлопком-сырцом в сроки, указанные в договоре на выдачу ссуды, путем поставки их в хлопкоперерабатывающие организации, осуществляющие хранение государственных ресурсов семян хлопчатника.

      15. Продажа семян хлопчатника осуществляется при наличии предоплаты или гарантии банка второго уровня Республики Казахстан. При покупке семян хлопчатника покупатели предоставляют специализированной организации также заявление и копию правоудостоверяющего документа на земельный участок.

      16. По истечении срока хранения семян хлопчатника специализированная организация осуществляет обмен государственных ресурсов семян хлопчатника на основании договора мены в порядке, установленном Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      17. Специализированная организация представляет в уполномоченный орган информацию по наличию и движению государственных ресурсов семян хлопчатника по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

Приложение 1               
к Правилам формирования, хранения   
и использования государственных ресурсов
семян хлопчатника            

Утверждены приказом           
и.о. Министра сельского хозяйства   
Республики Казахстан          
от 29 октября 2007 года N 648     

Ежеквартальная             
представляется на 25-ый день после  
окончания отчетного квартала     

         Отчет по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника
                        за ____ квартал 200_ года
             _____________________________________________________
               (наименование хлопкоперерабатывающей организации)

N
п/п

Куль-
тура

С
о
р
т

Объем
(тонн)

Учет-
ная
стои-
мость
(тыс.
тенге)

Качественный состав и характеристика

Кон-
ди-
цион-
ные
се-
мена
(тонн)

Кате-
гория

Репро-
дукция

Класс
посевного
стандарта

Всхо-
жесть

Не-
кон-
ди
цион-
ные
семена (тонн)

1

2

3

э
л
и
т
а

1

2

1

2

3





































































  Руководитель _____________________      _____________________________
                  (подпись)                        (Ф.И.О.)
М.П.

Приложение 2               
к Правилам формирования, хранения   
и использования государственных ресурсов
семян хлопчатника            

Утверждены приказом           
и.о. Министра сельского хозяйства   
Республики Казахстан          
от 29 октября 2007 года N 648     

Ведомственная информация                       Представляется
Министерства сельского хозяйства               специализированной организацией
Республики Казахстан                           в Министерство сельского хозяйства
Утверждено приказом Министра                   Республики Казахстан
сельского хозяйства                            один раз в месяц на 29 число
Республики Казахстан
от "___" ______ 200__ г. N ___

     Наличие и движение государственных ресурсов семян хлопчатника
                          на "___" ___________200_года

Наиме-
нование
хлопко-
перера-
баты-
вающей
органи-
зации

Наличие
семян хлоп-
чатника на
"___" _______
200__г.

Приход
за отчетный
период
с ____
по _____
_________
200__ г.

Расход
за отчетный
период с ____
по _____
_________
200__ г.

Наличие
семян
хлопчатника
на "___"
_______
200__г.





















Руководитель __________________ __________________________
                 (подпись)                (ФИО)
Исполнитель ___________________ _________________________
                 (подпись)                (ФИО)