Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5071 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қызметінің ерекше түрі банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын, банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау және реттеу тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы  N 401 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген, Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында 2002 жылғы 18 қараша-1 желтоқсанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 46, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3935 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 18 қазандағы N 128, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4551 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Инкассация бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үй-жайлар мен жабдықтардың болуы;
      2) Ұлттық Банк белгілеген талаптарға сәйкес келетін мөлшерде жарғылық капиталының болуы;
      3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржы ұйымы инкассация бөлімшесінде немесе қаржылық қызмет көрсету саласында басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
      4) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншікке, мүдделерге қарсы қылмысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін жойылмаған немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болмауы.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының нотариалды куәландырған көшірмелері;
      5) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер.";

      7-тармақта "бір ай ішінде" деген сөздер "отыз жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Лицензия беруден бас тарту "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.";

      10-тармақтың екінші абзацында "он күн" деген сөздер "он жұмыс күнінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Инкассация бойынша операциялар жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Ұлттық Банк осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалы үй-жайының осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді.";

      16-тармақта "бір айлық мерзімде" деген сөздер "отыз жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалын ашуға келісім беруден бас тарту осы Ереженің 5-тармағында көзделген талаптардың кез келгенін сақтамаған жағдайда жүргізіледі.";

      23-тармақ алынып тасталсын;

      1-қосымшада "теңгемен", "және орналасқан жері" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      1-тармақтың 8) тармақшасы, 2-тармақтың екінші сөйлемі, 4-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақтың 4) тармақшасы "немесе мобильдік телефон байланысы құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын:

                                  "Банк болып табылмайтын заңды
                                 тұлғалардың банкноттарды, металл
                                    ақшаны және құндылықтарды
                                     инкассациялау жөніндегі
                                      қызметін лицензиялау
                                      және реттеу ережесіне
                                            3-қосымша

(Кімге)      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ___________________________________________________________
                     (өтініш берушінің атауы)

      Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған
                              өтініш
      ______________________________________________________________
                  (банк операциясының түрін көрсету)

     банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.

      Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1. Меншік нысаны______________________________________________
      2. Мекен-жайы_________________________________________________
            (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________

(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(Қолы, күні)
Мөрдің орны";

мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:

                                    "Банк болып табылмайтын заңды
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                      ақшаны және құндылықтарды
                                       инкассациялау жөніндегі
                                        қызметін лицензиялау
                                        және реттеу ережесіне
                                              4-қосымша

     Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет ____________________________________________________________________
       (басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)

                        Жалпы мәліметтер:  

Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

__________________________________________
__________________________________________
(бірінші басшының жеке басын куәландыратын
   құжатқа толық сәйкес келтіре отырып)

Туған күні және
туған жері

____________________________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты
орны, телефон
нөмірлері

____________________________________________________________________________________  (нақты мекен-жайы, ұялы, қызметтік, үй
телефондарының нөмірлері көрсетіледі, елді
       мекеннің кодын қоса алғанда)

              Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

ұйымның атауы, атқаратын қызметі
және лауазымдық міндеттері, ұйымның
координаттары

                      Басқа мәліметтер:

Коммерциялық және өзге ұйым-
дардағы қызметтік меншік,
мүдделерге қарсы қылмыс,
сыбайлас жемқорлыққа қатысты
қылмыстары, сондай-ақ экономи-
калық қызмет саласында жасал-
ған қылмыстары үшін өтелмеген
немесе заңда белгіленген тәр-
тіппен алынбаған сотталғанды-
ғының болуы

Иә/жоқ
(жойылмаған соттылығы болған
кезде Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің бабын,
үкім шығарылған күнді және
нөмірін көрсету)

      Мен (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның шынайы және толық екенін растаймын, ____________________ (қолы, күні).".

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады