Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5115 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.05.21 № 230 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

      2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
      Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.
      Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2011.05.30 № 222(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

      6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
      Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
      Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
      Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай - шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
      Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
      6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

      13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.
      Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
      Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.

2. Кешенді тестілеуді өткізу

      15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

      16. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16-1. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін базалық ЖОО-ға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) жіберіледі.
      Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

      18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

      19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

      20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
      Шығармашылық мамандыққа түсуші талапкерлер үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      22-1. Талапкерге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа талапкермен ауыстыруға, көшіріп жазуға, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      22-2. Талапкер осы Ереженің 22-1-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі:
      1) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару туралы акт жасайды;
      2) тестілеу нәтижелерін жою және талапкерді аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 22-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

      24. Тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды ілінеді.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

      26. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.

      27. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір базалы ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның талапкерге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
      Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, талапкерге балдар қосу туралы Республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
      Апелляциялық комиссияның негізгі функциялары мен іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі

       Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

      44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.
      Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
      Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

      46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
      Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
      Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.06.18 N 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.01.21 N 14 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.
      46-1. Ұшқыштарды даярлайтын жоғары оқу орнына түсетін тұлғалар үшін дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнына оқуына жарамдылығына медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыруы міндетті.
      Ескерту. 46-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      46-2. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу кезінде тапсырған пәндердің біреуінен 4-балдан төмен балл алған жағдайда, талапкерлер ақылы бөлімге қабылданбайды және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 46-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      46-3. Егер, азамат екінші дәрежелі банктермен берілетін білім беру несиесін ресімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ЖОО-ға ұсынған жағдайда оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.
      Осы ретте оған банк білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзартуды ұсынады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап 4 аптаға жарамды.
      Ескерту. 46-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

      48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.

      49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

                                     Білім және ғылым министрінің
                                      2007 жылғы 19 желтоқсандағы
                                      N 638 бұйрығымен бекітілген
                                     Жоғары білім берудің кәсіптік
                                        оқу бағдарламаларын іске
                                     асыратын білім беру ұйымдарына
                                    оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне
                                                1-қосымша

Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты
жоғары оқу орындарының тізбесі

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және Ғылым
министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

N Жоғары оқу орнының атауы Орналасқан жері

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлі-
гінің академиясы

Алматы қ.

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қарағанды заң институты

Қарағанды қ.

3.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Академиясы

Қостанай қ.

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің  Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

Алматы қ.

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің "Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы" Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

Ақтөбе қ.

6.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін-
дегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Ақмола облысы

7.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты

Көкшетау қ.

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Әскери институты

Алматы қ.

9.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлердің Әскери институты

Петропавл қ.

10.

(алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрінің
2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен)

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Ұлттық қорғаныс университеті

Көкшетау қ.

12.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы

Алматы қ.

13.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты

Алматы қ.

14.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-
инженерлік институты

Алматы қ.

                                     Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске     
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік    
ережелеріне 2-қосымша        

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2010.01.21 N 14 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен. 

Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар
үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм
және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi

Код Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы

Бакалавриат мамандықтары
1. Білім

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В010300

Педагогика және психология

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

5В010500

Дефектология

5В010600

Музыкалық білім

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

5В010800

Денешынықтыру және спорт

5В010900

Математика

5В011000

Физика

5В011100

Информатика

5В011200

Химия

5В011300

Биология

5В011400

Тарих

5В011500

Құқық және экономика негіздері

5В011600

География

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі

5В012000

Кәсіптік оқыту

5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В012200

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

2. Гуманитарлық ғылымдар

5В020300

Тарих

5В020400

Мәдениеттану

5В020600

Дінтану

5В020800

Археология және этнология

3. Өнер

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

5В041900

Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

4. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

5В050400

Журналистика

5В050500

Аймақтану

5В050600

Экономика

5В050700

Менеджмент

5В050800

Есеп және аудит

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051100

Маркетинг

5В051200

Статистика

5В051500

Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

5В051900

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

5. Жаратылыстану ғылымдары

5В060100

Математика

5В060200

Информатика

5В060400

Физика

5В060600

Химия

5В060700

Биология

5В060800

Экология

5В060900

География

5В061000

Гидрология

5В061200

Метеорология

6. Техникалық ғылымдар және технологиялар

5В070100

Биотехнология

5В070300

Ақпараттық жүйелер

5В070600

Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

5В070800

Мұнай газ ісі

5В071100

Геодезия және картография

5В071300

Көлік, көліктік техника және технологиялар

5B071500

Теңіз техникасы мен технологиялар

5В071700

Жылу энергетикасы

5В071800

Электр энергетикасы

5В071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В072400

Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

5В072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)

5В072600

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

5В072700

Азық–түлік өнімдерінің технологиясы

5В072800

Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

5В072900

Құрылыс

5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

5В073200

Стандарттау, сертификаттау және метрология

5В073700

Пайдалы қазбаларды байыту

5В074500

Көлік құрылысы

7.  Ауылшаруашылық ғылымдары

5В080100

Агрономия

5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

5В080300

Аңшылықтану және аң шаруашылығы

5В080400

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

5В080500

Су ресурстары және суды пайдалану

5В080600

Аграрлық техника және технология

5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы

5В080800

Топырақтану және агрохимия

5В080900

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

5В081000

Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

5В081100

Өсімдік қорғау және карантин

5В081200

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

8.  Қызмет көрсету

5В090100

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

5В090300

Жерге орналастыру

5В090400

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

5В090500

Әлеуметтік жұмыс

5В090600

Мәдени–тынығу жұмысы

5В090900

Логистика (сала бойынша)

5В091000

Кітапхана ісі

5В091200

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

9.  Әскери іс және қауіпсіздік

5В100100

Өрт қауіпсіздігі

10. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5В110100

Мейірбикелік ісі

5В110200

Қоғамдық денсаулық сақтау

5В110300

Фармация

5В110400

Дәрігерлік емдеу ісі

Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5B130100

Жалпы медицина

5B130200

Стоматология

2. Ветеринария

5B120100

Ветеринарлық медицина

5B120200

Ветеринарлық санитария

Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске     
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік    
ережелеріне 3-қосымша        

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2010.01.21 N 14 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен. 

ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі

Код

Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы

Таңдау бойынша пәндер

Бейіндік пән

Бакалавриат мамандықтары
 1. Білім

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

Математика

5В010200

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Биология

Математика

5В010300

Педагогика және психология

Биология

Биология

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В010500

Дефектология

Биология

Биология

5В010600

Музыкалық білім

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В010800

Денешынықтыру және спорт

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В010900

Математика

Физика

Математика

5В011000

Физика

Физика

Физика

5В011100

Информатика

Физика

Математика

5В011200

Химия

Химия

Химия

5В011300

Биология

Биология

Биология

5В011400

Тарих

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В011500

Құқық және экономика негіздері

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В011600

География

География

География

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс әдебиеті

Орыс тілі

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі

Шет тілі

Шет тілі

5В012000

Кәсіптік оқыту

Физика

Математика

5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі

5В012200

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Орыс әдебиеті

Орыс тілі

5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Биология

Биология

 2. Гуманитарлық ғылымдар

5В020100

Философия

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В020200

Халықаралық қатынастыр

Шет тілі

Шет тілі

5В020300

Тарих

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В020400

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В020500

Филология

Әдебиет

Ана тілі

5В020600

Дінтану

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В020700

Аударма ісі

Шет тілі

Шет тілі

5В020800

Археология және этнология

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В020900

Шығыстану

Шет тілі

Шет тілі

5В021000

Шетел филологиясы

Шет тілі

Шет тілі

5В021100

Теология

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В021200

Тюркология

Шет тілі

Ана тілі

3. Құқық

5В030100

Құқықтану

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В030200

Халықаралық құқық

Шет тілі

Шет тілі

5В030300

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

5В030400

Кеден ісі

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

4. Өнер

5В040100

Музыкатану

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040200

Аспаптық орындаушылық

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040300

Вокалдық өнер

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040500

Дирижерлеу

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040600

Режиссура

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040700

Актерлік өнер

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040800

Эстрада өнері

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В040900

Хореография

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041000

Сценография

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041100

Композиция

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041200

Операторлық өнер

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041300

Кескіндеме

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041400

Графика

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041500

Мүсін

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041600

Өнертану

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041700

Сән өнері

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В041900

Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В042000

Сәулет

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В042100

Дизайн

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В042200

Баспа ісі

Әдебиет

Әдебиет

5В042300

Арт-менеджмент

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

5В050100

Әлеуметтану

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В050200

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В050300

Психология

Биология

Биология

5В050400

Журналистика

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В050500

Аймақтану

Шет тілі

Шет тілі

5В050600

Экономика

География

Математика

5В050700

Менеджмент

География

Математика

5В050800

Есеп және аудит

География

Математика

5В050900

Қаржы

География

Математика

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

География

Математика

5В051100

Маркетинг

География

Математика

5В051200

Статистика

География

Математика

5В051300

Әлемдік экономика

География

Математика

5В051400

Қоғамдық байланыс

География

География

5В051500

Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Дүниежүзі тарихы

Қазақстан тарихы

5В051900

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

География

Математика

6. Жаратылыстану ғылымдары

5В060100

Математика

Физика

Математика

5В060200

Информатика

Физика

Математика

5В060300

Механика

Физика

Математика

5В060400

Физика

Физика

Физика

5В060500

Ядролық физика

Физика

Физика

5В060600

Химия

Химия

Химия

5В060700

Биология

Биология

Биология

5В060800

Экология

Биология

Биология

5В060900

География

География

География

5В061000

Гидрология

География

Математика

5В061100

Астрономия

Физика

Физика

5В061200

Метеорология

География

Математика

7. Техникалық ғылымдар және технологиялар

5В070100

Биотехнология

Биология

Биология

5В070200

Автоматтандыру және басқару

Физика

Математика

5В070300

Ақпараттық жүйелер

Физика

Математика

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Физика

Математика

5В070500

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Физика

Математика

5В070600

Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

Физика

Математика

5В070700

Тау-кен ісі

Физика

Математика

5В070800

Мұнай газ ісі

Физика

Математика

5В070900

Металлургия

Физика

Математика

5В071000

Материал тану және жаңа материалдар технологиясы

Физика

Физика

5В071100

Геодезия және картография

География

Математика

5В071200

Машина жасау

Физика

Математика

5В071300

Көлік, көліктік техника және технологиялар

Физика

Математика

5В071400

Авиациялық техника және технологиялар

Физика

Физика

5B071500

Теңіз техникасы мен технологиялар

Физика

Математика

5В071600

Аспап жасау

Физика

Математика

5В071700

Жылу энергетикасы

Физика

Математика

5В071800

Электр энергетикасы

Физика

Математика

5В071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Физика

Математика

5В072000

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Химия

Химия

5В072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Химия

Химия

5В072200

Полиграфия

Физика

Физика

5В072300

Техникалық физика

Физика

Физика

5В072400

Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

Физика

Физика

5В072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)

Физика

Математика

5В072600

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Физика

Физика

5В072700

Азық–түлік өнімдерінің технологиясы

Химия

Химия

5В072800

Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

Химия

Химия

5В072900

Құрылыс

Физика

Математика

5В073000

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Физика

Математика

5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Физика

Математика

5В073200

Стандарттау, сертификаттау және метрология

Физика

Математика

5В073300

Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

Физика

Математика

5В073700

Пайдалы қазбаларды байыту

Химия

Химия

5В073800

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Физика

Математика

5B074300

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Физика

Математика

5В074500

Көлік құрылысы

Физика

Математика

5В074600

Ғарыш техникасы және технологиялары

Физика

Физика

5В074800

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Химия

8. Ауылшаруашылық ғылымдары

5В080100

Агрономия

Биология

Биология

5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Биология

Биология

5В080300

Аңшылықтану және аң шаруашылығы

Биология

Биология

5В080400

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Биология

Биология

5В080500

Су ресурстары және суды пайдалану

География

География

5В080600

Аграрлық техника және технология

Физика

Физика

5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы

География

География

5В080800

Топырақтану және агрохимия

Биология

Биология

5В080900

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Биология

Биология

5В081000

Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

Биология

Математика

5В081100

Өсімдік қорғау және карантин

Биология

Биология

5В081200

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Физика

Физика

9. Қызмет көрсету

5В090100

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Физика

Математика

5В090200

Туризм

География

География

5В090300

Жерге орналастыру

География

Математика

5В090400

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

География

География

5В090500

Әлеуметтік жұмыс

География

География

5В090600

Мәдени–тынығу жұмысы

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5В090700

Кадастр

География

География

5В090800

Бағалау

География

Математика

5В090900

Логистика (сала бойынша)

География

Математика

5В091000

Кітапхана ісі

Әдебиет

Әдебиет

5В091200

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

География

10. Әскери іс және қауіпсіздік

5В100100

Өрт қауіпсіздігі

Физика

Математика

5В100200

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Физика

Математика

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5В110100

Мейірбикелік ісі

Биология

Биология

5В110200

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Биология

5В110300

Фармация

Химия

Химия

5В110400

Дәрігерлік емдеу ісі

Биология

Биология

12. Ветеринария

5B120100

Ветеринарлық медицина

Биология

Биология

5B120200

Ветеринарлық санитария

Биология

Биология

Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5B130100

Жалпы медицина

Биология

Биология

5B130200

Стоматология

Биология

Биология

Жоғары білім берудің кәсіптік 
оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға  
қабылдаудың үлгілік ережесіне 
4-қосымша          

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акті

______________________________________________________________
(Базалық ЖОО атауы)

«__» _______20_____ж.                         _______сағ._____мин.

Министрлік өкілі _________________________________________________
                                  (аты-жөні)

Аудитория кезекшісі ______________________________________________
                                  (аты-жөні)

Талапкерден: Аты-жөні ____________________________________________
ТЖК_________, аудитория №_____, орын №_____, нұсқа № _____________ Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру Ұйымдарына оқуға қабылдауын үлгілік ережесінің 22-1 және 22-2 тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
___________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)

Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:

Емтихан материалдарын алу;
Бітірушіні: Аты-жөні ______________________________________________,
ТЖК_____№______ аудиториядан шығару және емтихан материалдарын жою.
___________________________________________________________________
       (осы актіні құрған тұлғалардың аты-жөні және қолдары)
Актімен таныстым:__________________________________________________
                          (бітірушінің аты-жөні, қолы)
Актімен таныстым:__________________________________________________
                (Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысының аты-жөні, қолы)

М.О.
(Базалық ЖОО мөрі)
Мерзімі:_________

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2000 жылғы N 6 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген бұйрығының;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2002 жылғы N 30 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген бұйрығының;
      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 241 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген бұйрығының;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174»"Юридическая газета" газетінде жарияланған бұйрығының;
      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 353 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2005 жылғы қыркүйек N 18 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4133 тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы«"Юридическая газета" газеті N 109-110 жарияланған бұйрығының;
      9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 150» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4638 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы»"Юридическая газета" газеті N 90 жарияланған бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады